Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4127 0 пікір 27 Маусым, 2012 сағат 11:04

Алмас Қылыш. Қазақстанның мемлекеттік Тәуелсіздігінің ғұмыры 22 жылға ғана жете ме?

«Ия» немесе «жоқ» демес бұрын соңғы уақыттарда орын алған бірнеше оқиғалар тізбесін зердемізден өткізіп көрейік. Осы жылдың 20 маусымы күні Мәскеуде Ресей Фередациялық кеңесі төрайымы жанындағы Интеграциялық клубта «Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің гуманитарлық негізі» (Гуманитарные основы интеграционных процессов на постсоветском пространстве») атты жиын болып, онда аталған Федерациялық кеңестің спикері Валентина Матвиенко «Ресей рублі  болашақта Еуразиялық одақтың ортақ валютасы болуы мүмкін» деді. Мұны бір деп қойыңыз. Екіншіден ол, ТМД елдерін дамытуда орын алып отырған тағы бір мәселе посткеңестік кеңістікте бірыңғай білім беру жүйесін қалыптастыру екенін айта келіп, гуманитарлық байланыстарды нығайтуда осы мәселені шешудің маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен бірге ТМД елдері арасындағы қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық процестерге орыс тілінің таралу деңгейі ілесе алмай отырғанын айтты. Ол «ТМД елдерінде Ресей мәдени орталықтарының санын арттыру керек, орыс тілін оқудың ынталандыру шараларын күшейту керек» http://slovari21.ru/news/integraciya_trebuet_znaniya_russkogo_yazika деді спикер ханым. Бұны үш деңіз.

«Ия» немесе «жоқ» демес бұрын соңғы уақыттарда орын алған бірнеше оқиғалар тізбесін зердемізден өткізіп көрейік. Осы жылдың 20 маусымы күні Мәскеуде Ресей Фередациялық кеңесі төрайымы жанындағы Интеграциялық клубта «Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің гуманитарлық негізі» (Гуманитарные основы интеграционных процессов на постсоветском пространстве») атты жиын болып, онда аталған Федерациялық кеңестің спикері Валентина Матвиенко «Ресей рублі  болашақта Еуразиялық одақтың ортақ валютасы болуы мүмкін» деді. Мұны бір деп қойыңыз. Екіншіден ол, ТМД елдерін дамытуда орын алып отырған тағы бір мәселе посткеңестік кеңістікте бірыңғай білім беру жүйесін қалыптастыру екенін айта келіп, гуманитарлық байланыстарды нығайтуда осы мәселені шешудің маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен бірге ТМД елдері арасындағы қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық процестерге орыс тілінің таралу деңгейі ілесе алмай отырғанын айтты. Ол «ТМД елдерінде Ресей мәдени орталықтарының санын арттыру керек, орыс тілін оқудың ынталандыру шараларын күшейту керек» http://slovari21.ru/news/integraciya_trebuet_znaniya_russkogo_yazika деді спикер ханым. Бұны үш деңіз.

Бұл мәлімдемені оқыған кезде-ақ ішіміздің қылп ете қалғаны рас. Өйткені Кедендік Одақтың, Еуразиялық экономикалық кеңістіктің барлық заңдарына қол қойып жібергеніміз еске түскенде ішің алай дүлей болады.  Өткен жылы өзін өзі таратып жіберген Мәжіліс депутаттарының Кедендік одақтың мәселелерін реттейтін маңызды заң жобаларын қалай талқылап, (шындығын айтқанда жобалардың бетін де ашпастан) «оптом» қабылдап жібергені еске түскенде депутат мырзалар үшін мемлекет мүддесінің қаншалықты бағалы екенін аңғарған едік. Ол кезде де бірен-саран табанының бүрі, жүрегінің түгі бар, азаматтық позициясы мығым кейбір мамандар болмаса, «күштілері сөз айтса, бас изейтін шыбындап» биліктің бишігін ұстағандар тағы да құптап, бас изегенді. Әрине, Елбасының бастамасына қарсы шығып, дау айтып креслосы екеу дейсің бе?

Міне енді, барлық заңдарды Парламент қабылдады, Президент қол қойды, Қазақстанның аяқ-қолына болат бұғау салынды. Енді қазақ жұртына өктем сөйлеп, қыр көрсете беруге болады. Оны ең алдымен осыдан аз ғана уақыт бұрын Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанды айналып өтіп, Өзбекстанға барғанынан анық байқай бастадық. Владимир Путин неге қыр көрсетті? Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың наурызында Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімке қол қоюды 2015 жылға шегеруді ұсынған еді. Бұл туралы бүкіл ресей баспасөзі шу ете қалған-ды. (http://novostink.ru/sng/32469-nursultan-nazarbaev-vystupil-protiv-evraziyskogo-ekonomicheskogo-soyuza.html)  Екіншіден, барлық заңдарға қол қойылып, ратификацияланып кеткен соң Қазақстан ешқайда қашпайды. Енді ол Ресейдің қолбаласына айналды... оның «жарқын» көрінісін Владимир Путин Өзбекстаннан қайтқан жолында елімізге соққан кезінде де анық көрсетіп, қазақстандық марқасқа министрлерді, Премьер мен Президент әкімшілігі басшысын қосып саусағын шошайтып, шақырып алғаны. Оның отырысының өзі құл иеленушілердің құлдардың төбесінен қарағанындай тәкаппар, менмендігін паш етіп тұрды. Міне бұл В. Путиннің  қас-қабағын аңдыған ресейлік шенеуліктер үшін «фас» деген белгі еді.

Көпшілік бұл оқиғаның мәнісіне үңіліп үлгермей жатып-ақ, Қазақстан коммунистер партиясының марқасқасы, қазіргі Мәжіліс депутаты, кешегі Президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбеков «Еуразиялық Одақ кеңістіктігінде қызмет ету - өте дұрыс шаруа. Ортақ тіл мәселесін Қазақстан өте дұрыс шешіп қойған. Біздің мемлекетте ресми тіл - орыс тілі. Егер басқа да мемлекеттерде халық қай тілде көбірек сөйлесе, ортақ тіл орыс тілі болса да, ештеңе етпейді. Өйткені бізде ортақ тіл, ресми тіл - орыс тілі. Басқа мемлекеттер де орыс тілін ресми тіл ретінде қабылдаса, бұл империяның көрінісі болып саналмайды» деп, (http://old.abai.kz/content/kommunist-deputat-ortak-til-orys-tili-bolganyn-kalaidy) айды аспанға бірақ шығарды.

Мұны оқыған көпшіліктің, әлеуметтік жүйеде отырған «белсенділердің» арасында үлкен дау туып, депутаттың бұл мәлімдемесін сатқындық деп бағалағандар да табылып жатты. Ал кеше Алматыда өзін қазақ зиялысымын деп санайтын «қазақстандық ұлт», «еурзиялық кеңістік» идеяларын қолдап, орыс ұлтының жоғын жоқтау арқылы аты шыққан Әуезхан Қодар «Battler» атты  арнайы клуб ашып,  орыс тілін дамытуға білек сыбана кірісіп кетіпті. Ол туралы жазған janaozen.net  сайтының журналисі Диас Бейсенбек былай дейді: «Пікірталас алдында «Алматы қаласындағы ұлтаралық қарым-қатынастың этикасы» деген жазуы бар 2 бет қағаз барлығымызға бірдей таратылды. Оның мазмұнымен танысып: «Мынау, қазақ ұлтын жою жоспары емес пе?», - деген ойға қалдық. «Американдық ұлт» идеясын негізге ала жазылған жиын ұйымдастырушыларының үндеуі қазақ ұлтын мемлекетқұраушы ұлт ретінде емес, қатардағы жүзден астам этносқа теңеп, оның да, тілінің де қандай да артықшылықтарға ие болуына үзілді-кесілді қарсы». Сонымен Әуезхан Қодардың көксегені не екен? Өз ұлтына өзі қойға тиген қасқырдай шүйлігуінің себебі не деп ойымыздың сан саққа кеткені де жалған емес. Сөйтсек аталған мақаланың аяғынан оның да жауабын тапқандаймыз. Мақала былай деп аяқталыпты «Бұл топтың айтуынша, 2015 жылы құрылатын одақтың тілі орыс тілі болуы тиіс. Janaozen.net тілшісінің «Орыс тілі тықпалауларыңыз, Ресейдің империялық одақ құру саясатын насихаттаудың көрінісі емес пе?» деген сауалына: «Мұнда Ресейдің империялық амбициясы саясидан гөрі, экономикалық жағынан басым» деп ашық айтты. Демек, Ресейдің орыс тілі арқылы өзінің империялық амбицияларын көрсетіп жатқанын ұйымдастырушылар анық мойындады. Айта кетерлігі бұл бастамашыл топ өздерінің бұл ойлары мен жоспарларының өзегі ретінде президент Назарбаевтың интеграция мен орыс тілін жақтау сөздерін бірнеше мәрте қайталап, Ресейге рахметтерін айтудан танбады.» (http://janaozen.net/oam/orys-tln-zhataushylary-belsenp-tr-nege.html?lang=kz) дейді.

Ия, Президент өткен жылға дейін көпвекторлы саясат жүргізіп, АҚШ-қа Ресейді, Ресейге Қытайды деген сияқты бір біріне қарсы пайдалану арқылы таразының басын тең ұстап келген еді. Өткен жылғы Ливия көсемі Муаммар Каддафидің ит өлімінен кейін Елбасының  сыртқы саясаттағы көзқарасы күрт өзгертіп, Қазақстан кемесінің басы Ресейге қарай түбегейлі ойысқан еді. Оны Елбасының осы жылдың 2 наурызындағы мәлімдемесінен анық байқауға болады. Онда Нұрсұлтан Әбішұлы «ЕҚЫҰ атты кеме әлі күнге бір жағына қисайып барады» (Корабль под названием ОБСЕ по-прежнему идет креном на один бок (http://news.ivest.kz/news/7284649) деп, енді Қазақстанның басқа елдің демократиясын құлағына қыстырмайтынын айтқан болатын.

Сол уақыттан бастап, осыған дейін денсаулық сақтауды, салауатты өмір салтын құруды, СПИД-пен күресті қаржыландырып келген АҚШтың түрлі қорлары енді белсенді жастар ұйымдарының жетекшілерімен кездесіп, жасыл қағаздарын көрсете бастады. Екінші жағынан, міне, өз ішімізден де жау шығып, ресейдің империалистік саясатының отын маздатуға дайындар қатары көбейе бастады.

Осы тұста енді ғана көзіміз шалып қалған мына бір жағдайды елеусіз қалдыруға тағы болмайды. Тіпті жоғарыда айтылған көп әңгіменің негізгі түйіні де осы жерде жатқан сияқты. Сонымен бүгін, яғни 25 маусым күні өзін желтоқсан құрбанымын деп санайтын, көпшілік ұлт патриоты ретінде танитын Хасен Қожа-Ахмет белгілі ақын, қазақ тілінің жанашыры Мұхтар Шахановты «ар-ожданға тиіп, қорлау» және «алаяқтық» баптары бойынша сотқа берді.

Хасен Қожа-Ахмет өзінің сотқа жазған арызында Мұхтар Шахановтың желтоқсан оқиғасына қатысушыларға тигізген залалын бастан-аяқ тізімдеп шығыпты. Оның айтуынша, М.Шаханов 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі күндері Мәскеуде ақындық кешін өткізіп жүреді. Сол кезде Мәскеуде жүрген студент Ербол Байжарқынов Алматыдағы қан-жоса қырғын туралы М.Шахановтың кешіне келген қазақ диаспорасына, шетелдіктерге хабарламақ болғанда ол «Не айтатыныңды білемін, кет, кешімді бұзасың!» деп, оған микрофон бермей, КГБ-ға ұстаттырып жіберіпті. «Егер сол кеште Е.Байжарқыновқа Алматыдағы жағдай туралы хабарлауға М.Шаханов мүмкіндік бергенде шет мемлекеттер желтоқсандықтарға  сот басталғанға дейін-ақ араша түсіп, КСРО үкіметі дәл анадай репрессиялаудан тартынар еді» дейді Х.Қожа-Ахмет. Одан әрі қарай тағы біраз мәселелерді тізбелеп, Мұхтар Шахановты желтоқсаншылардың жауы дегенге келтіріпті. (http://www.serke.org/node/358#.T-gHxncGYIY.facebook)

Менің ойымша оның астарында үлкен саяси ойын, біреулердің түн ұйықтамай, самайын сығымдап отырып ойлап тапқан үлкен жоспары жатыр....

Енді ойланып қараңыз, неге Хасен Қожа-Ахмет, неге Мұхтар Шахановқа қарсы шықты? Хасен Қожа-Ахмет Мұхтар Шахановты сотқа беруді неге 26 жыл күтті?

Жоғарыдағы  Еуразиялық одақтың ортақ валютасы, ортақ тілі туралы әңгіменің өрттей қаулай жөнелгені біраз ұлт патриоттарының алаңдаушылығын туғызғаны анық. Бұл жерде көпшілікке бастамашы болатын да, тартылу орталығына айналуы мүмкін адам да Мұхтар Шаханов болатын. Жүрегі әлсіреп, денсаулығы сыр беріп тұрса да өзінің өмірлік ұстанымынан таймайтынын соңғы Парламент сайлауында да М. Шаханов тағы бір дәлелдеп тастады. Ұлт патриоттарының арынынан қорыққандар ол сайлауға түскен партияны додаға қатыстырмай тастады. Сондықтан Мұхтар Шахановтың аузын жабу үшін оны сотқа сүйреп, сілікпесін шығару керек болды. Оның үстіне М. Шахановтың саяси тұлға ретінде атын шығарған жағдай желтоқсан оқиғасы. Егер Мұхтар Шахановты желтоқсаншылардың жауына айналдырса, оның биік тұлғасының көлеңкесі де қалмауы мүмкін, ел алдындағы беделі жермен жексен болары  хақ. Сондай-ақ шығармашылық пен азаматтықтың ауыр жүгін арқалап, бүгінгі заманның сықпытынан онсыз да түңіліп жүрген ақын жүрекке бұл орасан зор соққы болары тағы да айқын. Одан арғысы тағы бір инсультке тура жол... Енді екінші мәселе, неге Хасен Қожа-Ахмет, неге Әуезхан Қодар, не болмаса басқа біреу емес? Себебі Хасен Қожа-Ахмет ел алдында ұлт патриоты ретінде танылған адам, оның айналасында жүрген бірді екілі адамдар өзін ұлтқа жақынбыз деп санайды, ал Мұхтар Шаханов екі бастан ұлт жанашыры. Сондықтан ұлт патриоттарының екі жетекшісін бір біріне қарсы қою арқылы ұлтының ертеңін ойлаған жандарды бір біріне қарсы қояды. Бұл әрі қарай олардың арасындағы қирғиқабақ, араздықтың туғызатынын айтпаса да түсінікті.

Сонымен бір бірімен жалғасқан бұл үлкен саяси жоспар кімге, не үшін қажет? Бұл ең негізгі және жауапты сұрақ... Бұған жауаптың да әртүрлі болуы мүмкін. Менің ойымша, бұл жоғары жақтағы билікке таласқан  топтардың Президентке жасап отырған қысымы болуы мүмкін. Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен, Арқанкерген оқиғалары, бұл бір бағыт... «Дін істері және діни бірлестіктер туралы» және «Миграция туралы» заңның дүниеге келуі екінші бағыт... қазіргі тіл мәселесіне, ұлт мәселесіне қарсы бағытталаған оқиғалар тізбесі үшінші бағыт... Мұның бәрі ең бірінші халықты билікке, ең алдымен Президентке айдап салу, қарсы шығару, бағынбау үшін жасалып жатқан әрекеттер... Сонымен бірге кейбір адамдар Қазақстанның Ресейге тәуелді болып қалғанын өз мүддесіне пайдаланып, Ресейге арқа сүйеу арқылы билікке келуге ынталы болуы мүмкін. Бұл жағдайда Ресейге ұлт патриоттарының да, мұсылмандардың да, оралмандардың да күш алып, беделге ие болғаны әсте қажет емес...

Енді не істеуге болады? Бұл шырғалаңнан шығар жол бар ма?

Бұл алдыңғы сұрақтан да жауабы жоқ қиын мәселе... Бұдан шығудың бір жолы, атап айтқанда Еуразиялық Одаққа кіру арқылы тәуелсіздіктен айырылудан құтылудың бір ғана жолы, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттіктен кетуі болмақ. «ҚР Бірінші президенту туралы» заңның негізінде биліктен шегініс жасап, нақты мұрагерін анықтау көп түйінді мәселенің шешілуіне жол ашуы мүмкін. Алайда Елбасының мұндай қадамға баратынына ешкім сене қоймайды. Ресей саясаттанушысы Аждар Куртовтың айтуынша Қазақстан Президенті тірі кезінде тақтан кетпеуі мүмкін. (http://www.respublika-kz.info/news/politics/23175/) Алайда қандай да бір жолмен Елбасы ауысса, екінші Президент кім болмақ? Ол  қазіргі Президент қол қойған келісім шарттардың күшін жойып, Еуразиялық одақ бұғауынан шыға алам ма, көпвекторлы саясатқа қайта бет бұрып, таразы басын теңей ала ма? Тіпті ондай ниеті болған күннің өзінде ОДКБ әскері автоматын шошайтуы да ғажап емес... Ол кезде НАТОға иек артуға мәжбүр бола ма? Не болмаса ол басшы қолтығынан демеген Ресейдің қойнына кіріп, одан әрі мемлекет құраушы ұлтты қудалауға ұшыратып, мүлде жағдайды ушықтырып жебере ме? Бұл қазір тек бір Аллаға ғана аян нәрсе... Сонымен Қазақстан мемлекетінің тәуелсіз ғұмыры 2015 жылы біте ма, жоқ па белгісіз... Кеше «Қайран да менің Еділім» деп еңіреген қазақ, ертең «Қайран да менің Есілім» деп жылауы бек мүмкін болып тұр...

«Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1041
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 921
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 685
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 771