Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3031 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 09:28

Өскеменде әлеуметтік көмір беру жолға қойылды

Тұрмысы нашарға тиімді баға...

Қала басшысы Серік Тәукебаев пен «Қаражыра ЛТД» ЖШС директоры Марғұлан Мәкішев облыс орталығындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін көмірді әлеуметтік бағамен жеткізу туралы Меморандумға қол қойды.

Тұрмысы нашарға тиімді баға...

Қала басшысы Серік Тәукебаев пен «Қаражыра ЛТД» ЖШС директоры Марғұлан Мәкішев облыс орталығындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін көмірді әлеуметтік бағамен жеткізу туралы Меморандумға қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Өскемен қаласы әкімдігі мен «Қаражыра ЛТД» ЖШС арасындағы мұндай келісім-құжат 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Яғни, қаладағы тұрмысы төмен отбасылар үшін көмірді жеңілдетілген бағамен жеткізу жағы да осы уақыттан бері қолға алынған.  Осы уақыт аралығында қаладағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері, мүгедектер, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар үшін 106 мың тоннаға жуық қатты отын жеткізілді. Айналдырған үш жыл ішінде 17603 адам нарықтағы бағадан 500 теңгеге арзан көмірмен қамтамасыз етіліп келді. 
Меморандумның іске асу уақыты аяқталғанымен де, өскемендіктер үшін бұрын-ғыдай әлеуметтік бағадағы қара отынға қол жеткізу мүмкіндігі шектелмегендігі қуантады. Жаңа келісімге қол қойылғаннан кейін, бұл туралы қала әкімі Серік Тәукебаев өз пікірін білдірді.
- Бүгінде «Қаражыра» ЖШС Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі тапсырмасын қағаз жүзінде емес, нақты  іспен дәлелдеп отыр. Жүздеген өскемендіктер бүгінде қара отынды әлеуметтік бағамен алуға қол жеткізді. Алдағы уақытта біз, көмірді жеткізумен айналысатын автокөлік қызметінің бағасын төмендету жөнінде жұмысты қолға алмақпыз. Бұл тапсырма «Өскемендегі интернационалист-жауынгерлер одағы» қоғамдық бірлестігіне беріліп отыр. Себебі, олар тікелей көмірді үлестіру мәселесінде қатаң бақылау жасайды. Айта кету қажет, олар өз істеріне мығым, жергілікті тұрғындар тарапынан ешқандай шағым түскен емес, - деді Серік Тәукебаев.
2012 жылы  тұрмысы нашар азаматтарға жеңілдік-пен 40 мың тонна көмір жеткізу көзделіп отыр. Ал, бұл тұтастай алғанда 8 мыңға жуық отбасын құрайды.
Күні кеше ғана, Өскемен әкімдігімен бірлесіп  осы маңызды жұмысты тыңғылықты атқаратын құрылтайшы компания өкілдері-мен кездесу өтті. Олар бұл науқанға сақадай-сай дайын екендіктерін айтты, - деп атап өтті,- «Қаражыра ЛТД» директоры  Марғұлан Мәкішев.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1968
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2318
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1900
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1561