Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2228 0 пікір 4 Қазан, 2021 сағат 11:46

Шекарадағы вагон иелері миллиардтаған шығынға батты

Қытаймен шекарада қалып қойған вагондардың иелері 8 млрд теңгеге жуық шығынға ұшыраған. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Талғат Темірханов LS-ке мәлімдеді.

"Бизнес өкілдері 8 млрд теңгеге жуық вагон иелерінің шығыны туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, импорттаушылар мен жүк алушылардың шығыны 170 млрд теңгеге дейін жетеді", - деді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Темірхановтың айтуынша, Қазақстандық жүктерді қабылдаудың нашарлауына байланысты ірі тау-кен металлургия компаниялары іс жүзінде 3 566 211 тонна немесе ҚХР-ға өнім экспорты бойынша тиеу жоспарының 77% (4 624 011 тонна) тасымалданған. Ал, жоғалған табыс көлемі шамамен 142 млрд теңгені құрайтын көрінеді.

Ал, бұған дейін "Ақ жол" партиясының депутаттары Қытаймен шекараның жабылуына байланысты қазақстандық бизнес 170 миллиард теңге көлемінде шығынға ұшырағаны туралы мәлімдеген. Сондай-ақ, олар қазақстандық импорттаушыларға жүк тасымалдаумен байланысты проблемаларды шешу бойынша үкіметтік деңгейде шұғыл түрде қытай тарапымен келіссөздер жүргізуді сұраған. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2022
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2022
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587