Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2518 0 пікір 29 Қыркүйек, 2021 сағат 13:15

Руслан Жақсылықов Ішкі істер министрінің орынбасары болды

Руслан Жақсылықов Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелен қаласында қызметшілер отбасында дүниеге келген.

1996 жылы Фрунзе атындағы Әскери академияны командалық-штабтық жедел-тактикалық әскери барлау мамандығы бойынша бітірді.

2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын бітірген. Мамандығы-мемлекеттің әскери қауіпсіздігі.

2003 жылы Шымкент қалалық мәслихатының үшінші шақырылымының депутаты болып сайланды.

1987 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ взвод командирінен Ішкі әскерлер құрама командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2006-2007 жылдары-ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары.

2007-2008 жылдары - Қазақстан ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары-Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы.

2008 жылғы 4 қыркүйектен бастап - ІІМ Ішкі әскерлерінің қолбасшысы.

2013 жылғы 22 қаңтардан бастап - ІІМ Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы.

2014 жылғы 24 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2463
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2040
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590