Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3921 0 пікір 21 Маусым, 2012 сағат 13:04

Республикалық «Балдәурен» композиторлар конкурсының қағидасы

Кіріспе бөлім

Жастайынан өнерге, оның ішінде ән өнеріне жақын өскен бүлдіршіндер ертеңгі күні ішкі рухани дүниесі бай, сезімтал, елі мен жерін сүйе білетін адам болып өсетінін ескере келе, «Балдәурен» конкурсы елімізде балалардың орындауында айтылатын әндерді көбейту, балаларды өнерге баулу, балалар әндерін жазатын композиторлар арасында өзара бәсекелестікті дамыту мақсатында өткізіліп отыр.

Конкурстың мақсаты мен міндеті

1)    Жеңіл ырғақты, көңілді, сонымен қатар мазмұны терең балалар туралы жаңа әндерді көбейту;

2)    Композиторлар мен әнші балалар арасында мәдени қарым-қатынасты және өзара бәсекелестікті дамыту;

3)    Адамзат баласының өмірдегі ең басты міндеттері туған жер мен елді қастерлеу, қорғау, адал еңбек ету, бейбітшілікті сақтау, ата-ананың еңбегін бағалау тәрізді ұстанымдарын ән арқылы, оны балалардың орындауында халыққа жеткізу;

Шарттары мен талаптары

1.     Ешқайда орындалмаған жаңа ән болуы тиіс.

2.     Конкурсқа Қазақстанның кез-келген облыс-қалаларынан  қатыса алады.

3.     Композитордың жас мөлшеріне шектеу жоқ.

4.     Конкурста орындалатын шығармалар алдымен көркемдік кеңеспен іріктеледі.

5.     Көркемдік кеңестің іріктеуінен өтпеген шығармалар конкурсқа қатыспайды.

6.     Конкурсқа қатысу үшін шығармасы іріктеуден өткен композиторларға екі шығарма (аспаптық, оркестрлік, вокалды) немесе сапалы фонограммасымен және хореографиялық қойылымымен  екі эстрадалық ән дайындауы қажет.

Тапсырылатын құжаттар

1.     Конкурсқа қатысушы композитор мен әншіден өтініш, аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны, жеке куәлігінің көшірмесі, шығармашылық өмірбаяны, жаңа әннің мәтіні мен нотасы жазылған нұсқа қағазға түсірілген 2 дана және СD форматындағы электрондық  нұсқасы, көркем стильде арнайы түскен композитордың, орындаушының 13х18 көлеміндегі фотосуреті тапсырылуы қажет.

2.     Конкурсқа қатысу өтініштері 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейін  қабылданады.

3.     Материалдар келесі мекенжай бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 68, Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасы, «Өрлеу» ҚМҚК. Байланыс телефоны: 8/7232/77-28-31, 8-777-149-46-47. Электрондық мекнжай: vestkult_vko@mail.ru

Қазылар алқасы

Конкурсты қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін қазылар алқасының құрамы арнайы музыка мамандары мен ақындардан тұрады.

1)    Қазылар алқасы мүшелерінің байқауға қатысуға құқы жоқ.

2)    Қазылар алқасының шешімі хаттамалармен рәсімделеді және талқылануға, қайта қарауға жатпайды.

3)    Жүлделі орындар қазылар алқасының шешімі бойынша екі үміткердің арасында бөлінуі мүмкін және бас жүлде тапсырылмауы қарастырылады.

Жеңімпаздарды марапаттау

1)    Бас жүлде (біреу)

1-орын (біреу)

2-орын (біреу)

3-орын (біреу)

Ынталандыру сыйлықтары:

«Ең үздік композитор»

«Ең үздік орындаушы»

«Ең үздік мәтіннің авторы»

Жүлделі орын және ынталандыру сыйлығына ие болғандар ақшалай сыйлықпен марапатталады. Конкурс лауреаттарынан гала-концерт ұйымдастырылып, ән жинағы шығады.

Байқауды қаржыландыру

Байқауды дайындау мен өткізуді қаржыландыру жергілікті бюджеттен көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылардың жатын орны мен тамағы ұйымдастырушылар тарапынан, жол шығыны жіберуші жақтан төленеді.

Ұйымдастыру комитеті

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы

0 пікір