Жұма, 26 Сәуір 2024
3207 4 пікір 29 Қыркүйек, 2021 сағат 12:19

Кәріс түбегі: тағы соғыс бола ма?

This photo provided by the North Korean government shows what North Korea claims to be a new hypersonic missile launched from Toyang-ri, Ryongrim County, Jagang Province, North Korea, Tuesday, Sept. 28, 2021. North Korea said Wednesday, Sept. 29, 2021 it successfully tested the new hypersonic missile it implied was being developed as nuclear capable as it continues to expand its military capabilities while pressuring Washington and Seoul over long-stalled negotiations over its nuclear weapons. Independent journalists were not given access to cover the event depicted in this image distributed by the North Korean government. The content of this image is as provided and cannot be independently verified. Korean language watermark on image as provided by source reads: "KCNA" which is the abbreviation for Korean Central News Agency. (Korean Central News Agency/Korea News Service via AP)

Бүгін әлемдік қауымдастықтың назары Солтүстік Кореяға ауды. Солтүстік Корея басшылығы алғаш рет гипердыбысты зымыранды сынақтан өткізгенін ресми тұрғыдан мәлімдеді. Аталмыш зымыран арқылы ядролық соққы жасау мүмкіндігінің еселеп артқанын да айта кетті. 

Кореяның орталық ақпараттық қызметінің хабарлауынша зымыран мемлекеттік мүддені қорғауда орасан зор күшке ие және "стратегиялық қару" ретінде тіркелетін болады. "Родонг Синмун" газеті зымыранның ұшырылған суретін жариялап, оны "нағыз жетістік" деп жазған.

Солтүстік Корея өзінің қорғаныс саласын әлемдік қауымдастықтың қысымы мен санкцияларына қарамастан артыруға ниетті. Экономикасына зияны тиетініне қарамастан ядролық қаруды дамыту мен сүңгуір қайықтар жасау технологиясын жетілдіруге соңғы үш жылда екі есе көп қаржы бөлінген.

Гипердыбысты зымыранды сынау барысында Ким Чен Ын қатыспаған. Сынақты Солтүстік Кореядағы беделді шенеунік Пак Джонг Чон тікелей қадағалаған. "Алғашқы сынақ барысында зымыранның жылдамдығы мен ұшу тұрақтылығы қарастырылды" деп жазды ресми ақпарат көздері. Зымыран Hwasong-8 атты атауға ие болып, жоғары нәтиже көрсеткені де айтылуда.

Карнеги қорының қызметкері, халықаралық зымыран сынақтары бойынша сарапшы Анкита Панданың мәліметінше Hwasong зымырандары сұйық жанармаймен ұшады. "Бұл 2017 жылдан кейінгі Солтүстік Кореядағы алғашқы сұйық жанармайда зымыранды сынақтан өткізу болып отыр", - деп жазды ол өзінің Тwitter парақшасына.

Қыркүйек айында Солтүстік Корея үш мәрте сынақ жасап, аймақтағы тұрақсыздыққа негіз болуда. Оңтүстік Корея да қыркүйек айында екі мәрте зымыран ұшырап, сынақ жасады. Алғаш рет сүңгуір қайықтан зымыран ұшырып, қорғаныс саласындағы жетістігін көрсетті. Күні кеше ғана Сеул зымыран тасушы үшінші сүңгуір қайығын қолданысқа берді, ал сол сәтте Солтүсітк Корея гипердыбысты зымыран сынағын жасады.

Мамандар гипердыбысты зымырандарды анықтау және одан қорғану қиын екенін айтуда. Себебі зымыранның ұшу траекториясын анықтау мүмкін емес. "Солтүсітк Кореяның зымырандарды сұйық жанармаймен жылдам арада толтыру технологиясын игеруі, олардың зымыран ұшыру қабілетін арттырады. Өз кезегінде басқа мемлекеттердің зымыранды ұшырмай тұрып зымыран жүйесіне соққы жасау мүмкіндігі кеми түспек. Солтүстік Корея өзі мәлімдегендей барлық технологияны жоғары сапада игеруі әрине екіталай. Алайда Пхеньян гипердыбысты зымыранға ядролық оқтұмсық жасауды үйренсе, ол аймақтық қауіпсіздікке орасан зор қатер болмақ" дейді АҚШ сарапшылары.

Байден билікке келгелі бері Солтүстік Кореямен АҚШ арасындағы қатынас біршама қарама-қайшылықтарға тап болуда. Трамп билікте болған сәтте Киммен келіссөздер өткізуге тырысты. Дегенмен 2019 жылы ол келіссөздер тығырыққа тіреліп, нәтижесіз аяқталды.

Өткен аптада Солтүстік Корея 1950-53 жылдардағы соғыс әлі аяқталмады деп мәлімдеді. Бұл Сеулді алаңдатып отыр. Мамандар Солтүстік Кореядағы әлеуметтік жағдайдың тым нашарлап кеткенін, халықтың аштыққа ұшырау қаупін ескеріп, билік ел назарын басқа тарапқа бұруғы тырысып жатқанын айтуда. Демек алда тағы да зымыран сынақтары мен аймақтық шиеленісті арттыратын әрекеттер жалғасын таппақ.

Abai.kz

4 пікір