Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3001 0 пікір 21 Маусым, 2012 сағат 09:52

Эльмира Сұлтанбаева. Ұстаз беделінің артуына жалақының өз әсері бар

Мұғалім жалақысы туралы айтылған жағдайлармен таныс болғаннан соң, шынымды айтсам,толқып кеттім. Қаражатқа қарамай балаға шын ниетімен білім беріп жатқан ұстаздар, құдайға шүкір, әзірге бар. Отбасында асыраушысы жоқ мұғалімдер де өз балаларын оқытып, қызды қияға, ұлды ұяға қондырған ұстаздар да бар, бірақ табыс табу үшін көп сағат алып, жұмыс жасауға тура келеді. Оларды жылдың кез-келген уақытында үйме-үй аралап, бала санын түгендеуде болсын, сайлау алды кезінде болсын қағаз бастылықпен балаша анда-мында жүгеріп жүретіндері тағы бар. Бірақ, жас келе адам ағзасы мұндай қиындығы жетерлік  бейнетті өне бойы көтере бермейді. Осы тұста еліміздегі мұғалімдер жалақысының аздығы еріксіз сөз болады. Әсіресе, мемлекеттік бюджет саласындағы мұғалімдер аз ғана жалақыға  қанағат етіп, қызметтерін талмай-қажымай еңбек етіп жүргенін күнделікті өмірімізде бетпе-бет ұшырасып отыр емес пе? Салыстырып көріңіз, Астанада  колледжде сабақ беріп жүрген жас маман Гүлжан сабақтан жүктелетін жұмыстардың өте көп болғанына қарамай 37000 теңге айлық алған. Сондай-ақ, әлі ешқандай еңбек өтілі жоқ  жас мұғалім Индира: «Төртінші курстың басында бір айдан астам мектепте бір жүктемемен сабақ бергем. Ай соңында қолыма таза он бес мың теңге тиді. Мұғалім мамандығын таңдағаныма жыладым» дейді. Бәрінің де көкейіндегі сауал - мұғалімдердің жалақысы неге төмен?

Жалпылай айтар болсақ, еліміздегі мемлекеттік приоритетке ие мектеп мұғалімінің орташа жалақылары кейбір статистикалық мәліметтерге қарасақ, 33 855 теңгені құрайды. Бұл ақшаға мұғалімдер бала-шағасын асырап, жол ақысы мен пәтер ақысын төлейді. Қазақ қоғамындағы мұғалім мәртебесінің төмендеуіне де осы еңбекақының төмендігі әсер етуде.

Ал, жекеменшік мектеп мұғалімдерінің айлықтары дәрежесіне, еңбек өтіліміне қарай орташа есеппен 80 мың мен 100 мыңның арасын құрайды екен. Жоғары оқу орындарының айлық көлемі оқытушылар мен кандитаттық дәрежесі бар мұғалімдердің жалақысын айтпай-ақ, профессорларының алатын ақысы 150-180 мың теңге шамасында болып отыр.  Тіпті мемлекеттік және  жекеменшік  жоғары оқу орындарының айлық көлемі дамыған Еуропа мемлекеттерінің өзін айтпағанда көрші Ресей мемлекетінде салыстырмалы түрде алсақ, анағұрлым жоғары. Мәселен, Индияның Ченнай қаласындағы Анна университеті оқытушыларының жалақысы екі мың АҚШ доллары екен. Мектеп мұғалімдерінің жалақысы төрт жүз-бес жүз АҚШ доллары екен. Бұл мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік дамуы біздің елден артта болуына қарамастан жоғары деңгейде болып отыр. Сірә, ол жақта халықаралық стандартпен төленсе керек.

2011 жылғы маусымнан бастап бюджеттік саладағы қызметкерлерге, соның ішінде мұғалімдерге жалақы мөлшері 30 пайызға көтерілгенінен  хабардармыз. Одан басқа, 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектеп мұғалімдеріне біліктілік деңгейі үшін қосымшаақы мөлшерінің ұлғаюы қарастырылғаны бәрімізге белгілі. Мәселен, жоғары дәрежелі оқытушылар базалық жалақысының 100 пайыз, 1-дәрежелі  оқытушылар - 50 пайыз, ал 2-дәрежелі оқытушылар - 30 пайызға дейін үстеме алады.  Бұл үдеріс мұнымен аяқталмайды. Жалақы өсуінің келесі кезеңі оқытушылар біліктілігін көтеруге байланысты болады делінген. Бірақ, осы жерде бір назар аударарлық жәйт - енді ғана еңбек жолын бастап келе жатқан жас мұғалімнің өз мамандығына деген ынтасы жоғалады емес пе? Жоғары санаттағы, дәрежесі, еңбек өтілімі бар мұғалімдердің көпшілігі 40-50 жастан асқан мұғалімдер. Енді ғана университет қабырғасынан шыққан жас маманның мүддесі 30-40 мыңның жалақысымен қорғалмауы тиіс. Қалай десе де, елдегі білім ұстаздарының еңбегінің арқасында жас ұрпаққа білім нәрін жеткізіп, бойына дарытушы. Өкінішке орай, біздің қоғамда басқа саладағы мамандық иелерінің жалақысын салыстырмалы түрде алып қарағанда ұстаздың беделін көтеру үшін оларға деген қамқорлықты ешкім көтеріп отырған жоқ сыңайлы. Тек ұстаздың өзі көтеріп келе жатыр. Неге мұндай тұжырым айтылып отыр?  Біз осы сауалдардың төңірегінде осы білім саласында қызмет атқарып жүрген ұстаздық етіп жүрген жандарды әңгімеге тартқан болатынбыз.

Әдібай Табылды, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор:

- Адам жаны мен тәнінің емшісі мұғалімдер мен дәрігерлер. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да - ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім - мемлекет өкілі. Мен 68 жыл бойына ұстаздық еттім. Осы жолда жүріп талай жастардың күн көрістің қамымен бұл мамандықтан басқа кәсіпке кеткенін білемін. Ұзаққа бармай-ақ қояйын, өзімнің үш қызым да қалаулары бойынша мұғалім мамандығын таңдағанымен бұл қызметпен айналысқан жоқ. Жалақысы жақсы төленетін банкіге жұмысқа ауысып кетті.  Мұғалімге жағдай жасалмай қоғамның ауруы жазылмайды. Педагог беделін көтеру үшін мемлекет тарапынан әлі де болса қамқорлық қажет.

Аягүл Миразова, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директоры, Қазақстанның Еңбек Ері:

- Әрине, жергілікті қаражат көздері есебінен қолдау жасаумен бір аймақтың өзіндегі барлық мұғалімдерді қамту қиын. Ол үшін бүкіл мемлекет бойынша бірыңғай шаралар керектігі, еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуының 2011-2020 жылдарға арналған бағдар­ла­масында мұғалімдерге жаппай қол­дау көрсетуді бірте-бірте арттыру көз­делген. Қандай қиындық болса да, мұғалімдер азаматтық ұжданын сақтап келген. Егер азаматтық ұжданды, Шәкәрім айтқандай түсінсек, әр адамда: «Нысап, әділет, мейірім - үшеуін қосып айтқанда, ұждан бар». Қазіргі мектепті сақтап тұрған - осы нысап, әділет, мейірім. Тәуелсіздігіміз жан-жақты орнығып, еліміздің экономикасы өрлеуге бағыт алған тұста ұстаздар қауымы мемлекеттік бюджет тарапынан өзге жергілікті басқару ұйымдарынан да материалдық қолдауын қажет етіп отыр.

Әрбір кісі «бұл өмірде не бітірдім?» деген сұраққа жауап іздейді. Біздің мектеп мұғалімдеріміз де осы сұрақты өздеріне қойғанда «болашақ ұрпақ алдында еңсемді тік көтеріп, «егеменді де алып Қазақстанның қалыптасуына өз үлесімді қосқанмын» деп жауап бере алар. Бірақ та, жалақым мен зейнетақым күйбең тіршілігіме жетпей өз елімде өгейдің күйін кештім» деп айтуы әбден мүмкін ғой. Қалай болған күнде де мұғалімдердің жағдайы кезек күттірмейтін мәселе, тез арады реттелуі керек. Себебі қоғамымыздағы мұғалімдердің көпшілігі нәзік жандылар. Әлеуметтік хал-ақуалы төмен мұғалім қайтып жастардың бойына тәлім-тәрбие мен білім негізін қаласын?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2156
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1782
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534