Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Билік 1458 0 пікір 21 Тамыз, 2021 сағат 15:58

Парламенттің даму тарихы: жүйе және өзгеріс

Қазақстанда саяси реформалар кеңінен жүріп жатыр. Президент саяси партиялардың сайлаудағы шектік межесін азайтты, сонымен қатар ауыл әкімдерін сайлау процесіне енгізді, ендігі таңда аудан әкімдерін енгізу ұсынылып отыр. Митингтерге қатысты өзгертулер жасалды. Аталмыш саяси реформаларды Еуропа елдеріне айту және азаматтық қоғам құру жолындағы талпынысымызды көрсету маңызды. Бұл имидж бен рейтинг және инвестиция ағымы дегенді білдіреді. Парламент те құрылған сәттен бастап сан өзгерді. Саясаттанушы Жанар Санхаева Парламенттік жүйенің дамуы ерекше негізде болды деп жазады.

Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік құрылымның демократиялық моделіне негізделген мемлекеттік басқару жүйесін құрудың белсенді кезеңі басталды. 1995 жылғы Конституция шеңберінде елдің саяси жүйесі билік тармақтарының атқарушы, заң шығарушы және сотқа бөлінуі негізінде қалыптасты. Билікті бөлу принципі биліктің шоғырлануын болдырмауға мүмкіндік берді, сонымен бірге әрбір тармақ өз құзыреті шегінде жұмыс істейтін біртұтас мемлекеттік механизм құрды.

Заң шығару функциясы Қазақстан Республикасының Парламентіне жүктелді, ол өз кезегінде өкілетті биліктің бір палаталы органы - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесін алмастырды. 90-шы жылдар заң шығарушы органды қайта құрудың негізі десек қателеспейміз. Дәл осы кезде қоғамда саяси плюрализм құндылықтарының енуіне және партиялық құрылымдардың әлеуметтік базасының кеңеюіне негіз қалаған әлеуметтік дифференциация процестері күшейе түсті.

Осылайша, 1990 жылғы сайлауға екі мыңнан астам кандидат қатысты, олардың 90-ы республикалық қоғамдық ұйымдардан сайланды. Өз кезегінде, 1994 жылғы сайлауда 135 бір мандатты округке 692 кандидат қатысты. Осы сайлаулардың нәтижесінде Жоғарғы Кеңесте 4 партиялық фракция мен 14 депутаттық топ құрылды, осылайша Парламенттің көппартиялық жүйесінің негізін қалады және саяси партияларға шешім қабылдауға әсер етудің нақты мүмкіндігін берді.

Бүгінде Парламент екі палаталы бола отырып, Сенат пен Мәжілістен тұрады, осылайша республикалық қана емес, сонымен қатар аймақтық мүдделердің ұсынылуына кепілдік береді. 1996-1997 жж. «Парламенттің бөлінуі» депутаттардың өзара талаптылығын жоғарылатуға, сөйтіп «шикі» заңдарды қабылдау ықтималдығын төмендетуге «септігін тигізеді». Заң шығарушы органды екі бөлек палатаға бөлу - жалпыға ортақ халықаралық тәжірибе. Парламентаралық одақтың мәліметі бойынша, 2021 жылға қарай әлемнің 42,2% немесе 81 ұлттық заң шығарушы органдары екі палаталы, ал 57,8% немесе 111 бір палаталы.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылында қос палаталы Парламент елдің қоғамдық-саяси дамуының барлық кезеңдерінде өзінің бірізділігі мен тиімділігін растады. Соңғы алты шақырылымда Парламенттің екі палатасы 2900-ден астам заң қабылдады, олардың көпшілігі екінші және төртінші шақырылымдарға тиесілі. Жалпы алғанда, Парламенттің осындай белсенді заң шығару қызметі әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруда және елдегі азаматтық қоғам негіздерін нығайтуда жүйелі ілгерілеуді қамтамасыз еткенін атап өтуге болады.

2017 жылғы конституциялық реформа, заң шығарушы органның өкілеттіктерін кеңейту, өкілдік институтын күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар Парламентке жаңа міндеттер қойды. Олар 2021 жылдың қаңтарында жаңа сайлау ережелері бойынша сайланды. Саяси реформалардың бірінші пакеті Қ.К. Тоқаев ұсынысымен жарияланды. Өз кезегінде Президенттің парламенттік қызметті реформалау жөніндегі бастамалары шетелдік сарапшылар мен саясаткерлер арасында оң жауап тапты. Атап айтқанда, Еуропарламент депутаты Виола фон Крамон «әйелдер мен жастарға 30 пайыздық міндетті квотаның енгізілуі, сондай-ақ заң шығару процесінде оппозицияның рөлінің күшеюі көптен күткен өзгеріс» екенін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1509
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1359
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1105
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1143