Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
1789 0 пікір 8 Қыркүйек, 2021 сағат 14:09

QazVac-ты Швейцария тіркемек

QazVac коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны Швейцария тіркеуге ниетті. Бұл туралы ХАА биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария хабарлады.

"Вакцинаның Швейцарияда тіркелуіне қатысты олар біздің Сыртқы істер, сауда және интеграция министрліктеріне тікелей хабарласқан. Сондықтан біз қазір олармен жұмыс жасаймыз. Олардың өздері қызығушылық танытты. Біз байланыста болғандармен жұмыс жасаймыз. Мысалы, олардың ішінде бауырлас елдер де бар", - деді ол.

Бұған дейін қазақстандық вакцинаны Қырғызстан тіркеген еді.

Abai.kz

0 пікір