Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
Билік 1483 0 пікір 7 Маусым, 2021 сағат 14:07

«Аңсаған сәби» бағдарламасы арманға жеткізеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Әлемді жайлаған пандемия елді есеңгіретіп тұрған уақытта Қазақстан халқын нақты стратегиялық дамуға бастайтын бұл Жолдауда барлық сала толықтай қамтылды деп айта аламын. Әсіресе, Президент еліміздегі демографиялық жағдай алаңдатып отырғанын ерекше атап өтті. Соның ішіндегі «Аңсаған сәби» жобасы бала сүйе алмиай отырған отбасыларға шын қуаныш сыйлары анық.

Қазақ – балажан халық. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп, қатты айтса да, текке айтпаған. Өкініштісі, бүгінде Қазақстандағы әрбір алтыншы жұп сәби сүйе алмайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Әлеуметтік сауал қазақстандықтардың шамамен 20 пайызы «бұл ажырасуға үлкен себеп» санайтындығын көрсетті», - деген болатын. Соған орай, биылғы жолдауда айтылғандай ЭКО бағдарламасымен берілетін квота саны 7 есе көбейеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтың мәліметінше, ЭКО бағдарламасы елімізде 2010 жылдан бастап медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қосылған. Бүгінде елімізде 26 ЭКО орталық жұмыс істейді. Оның 21-і жекеменшік саналады. Қазіргі уақытта осы әдіспен 22 мыңнан астам бала дүниеге келді.

Меніңше, құптарлық іс. Себебі, биыл мемлекет есебінен тегін жасанды ұрықтандыру жолымен сәбилі болатын отбасылар саны былтырғымен салыстырғанда 7 есе көбейіп, шамамен 3-4 мыңдай шаңырақ шаттыққа бөленбекші. Осылайша, ЭКҰ кезегінде жылдар бойы жанарларына жас тұнып тұрған жандар саны күрт азайып, ертеңгі күнге үміті артып, іргесі нығая түсетін отбасылар қатары қалыңдауға тиіс.

Ақнұр Ғанижанқызы, психолог

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2250
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2604
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2586
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1691