Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
1886 4 пікір 6 Қыркүйек, 2021 сағат 16:35

Бокстан Қазақстан құрамасында жаңа бапкер

Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамаларының жаңа бас бапкері тағайындалды. 

Ұлттық құраманы ендігі таңда Қайрат Сәтжанов басқарады. Ол бұл лауазымда 2018 жылдан бері команда тізгінінде жүрген Ғалымбек Кенжебаевты алмастырды.

Сәтжановтың бапкерлік өтілі 31 жыл. Ол 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде оның шәкірттері "Азия балалары" халықаралық ойындарының медалін екі рет жеңіп алды, әлем чемпионаттарында екі рет үздік үштікке енді, Азия чемпионаттарында екі рет жеңіске жеткен.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері болып Шамиль Сафиуллин келді. Ерік Алғабек команда тәлімгері қызметінде екі жыл болды. Осы уақыт ішінде 2019 жылғы әлем чемпионатында команда екі қола медальға, 2020 жылғы Азия іріктеу турнирінде бір олимпиадалық лицензияға ие болды және 2021 жылғы Азия чемпионатының командалық есебінде (8/1/1) жеңіске жетті.

Abai.kz

4 пікір