Жексенбі, 5 Мамыр 2024
2792 2 пікір 3 Қыркүйек, 2021 сағат 14:39

Ресей өзбек мигранттарын Қазақстан арқылы алдыртпақ

Ресей еліндегі құрылыс жұмыстарына өзбек мигранттарын арнайы пойызбен Қазақстан арқылы алдыртуды ойластырып жатыр. Бұл жөнінде Ресейдің көлік министрінің орынбасары Никита Стасишин хабарлады деп жазады ТАСС.

"Біз Өзбекстан мигранттарын іріктеу, оларға вакцина салу, Ресейге жеткізу мәселесін ойластырып жатырмыз. Ең қауіпсіз жол - Қазақстан арқылы пойызбен жеткізу", - деді Стасишин. Мигранттарды іріктеу жыл соңына дейін жүзеге аспақшы.

Ресей мигранттарды ауыл шаруашылығы саласына да тартуды жоспарлап отыр. Наурыз айынан бері мигранттар Ресейге тек ұшақпен бара алатын. Жұмыс берушілер ұшақпен мол шығын кетеді деп шағымданған.

Еңбек мигранттарының жетіспеуінен ауыл шаруашылығында жеміс-жидектің 20 пайызы жиналмай қалған.

Мамыр айында Тәжікстан мен Өзбекстан мигранттарына шектеу алынып тастаған. Бірақ бұл нәтиже бермеген. Себебі, ұшақтың қымбаттығынан көптеген мигранттар Ресейге бара алмай отыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1350
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1193
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 939
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1045