Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021
Алашорда 3210 5 пікір 1 Қыркүйек, 2021 сағат 12:36

Троицк мектебі және «Троицк тұрғыны»

Бүгінгі күннен тура 160 жыл бұрын - 1861 жылдың 1 қыркүйек күні Троицк қаласында қазақ балаларына арналған 30 орындық орыс-қазақ бастауыш мектебі ашылды. Оған мұғалім болып Орынбор мектебінің алғшқы түлектерінің бірі Нұрым Мұңсызбаев бекітілді. Бастауыш мектеп Ы.Алтынсаринның инспекторлық қызметі тұсында екі кластық уездік мектеп деңгейіне көтеріліп, 1884 жылы Торғай облысына қарасты Николаевск уезінің орталығы Троицкіден Николаевск поселкасына ауысқан тұста қазіргі Қостанайға көшіріліп алынады. Демек, іргетасы Троицкіде қалыптасқан, қазіргі уақытта дарынды балалар дайындауға мамандандырылған Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай мектебіне биыл 160 жыл толып отыр Ағартушының 180 жылдық мерейтойымен қатарлас келген айтулы датаны әлеуметтік маңызы бар оқиға ретінде атап өтуге негіз бар. Себебі аталмыш мектеп қазақ балаларын әлеуметтік тегіне қарай жіктемей, яғни бай-кедейге бөлмей оқуға қабылдаған алғашқы орыс-қазақ мектебі. Оған дейінге ашылған орыс тілді мектептерге (кадет корпустары, Орынбор мектебі) билеуші топ пен бай-бағаландар, патша үкіметіне қызметі сіңген кісілердің балалары ғана қабылданатын еді.

1850 жылдардың соңында, Орынбор Шекаралық комиссия жанынан қазақ балаларына арнайы ашылған орыс-қазақ мектебінің алғашқы түлектері бітіріп шығысымен, патша үкіметі қазақ балаларына арналған бастауыш орыс мектептері қатарын көбейтіп, оны қазақ даласының алыс түпкірілерінде бой көтерген әскери бекіністерге қарай кеңейтуге шешім қабылдайды. Бастауыш орыс мектептері ашылатын елді мекендер қатарына Торғай, Ырғыз, Райым, Перовск (Ақмешіт) әскери бекіністері және Троицк қаласы енеді. Онда ашылатын мектептерге мұғалімдерді Орынбор орыс-қазақ мектептерінің түлектері қатарынан тағайындау көзделеді. Осылайша, 1860 жылы аталмыш бекіністерге Орынбор мектебін тамамдаған бес түлек (Торғайға – Ыбырай Алтынсарин, Троицкіге – Нұрым Мұңсызбаев, Ырғызға – Шахмұрат Құлыбеков, Райымға – Жолмұхаммед Байжанов, Перовскіге – Халилула Құнанов) «әскери бекіністің аудармашысы және мұғалімі» деген лауазыммен қызметке аттанады (Толығырақ:).

Әкімшілік басқару орталығынан алыс, мектепке лайық ғимараттар жоқ Торғай, Ырғыз, Райым сынды әскери бекіністерден мектеп жұмысын жолға қою істері бірнеше жылға созылып, жоспарланған мектептің алды 1864 жылдан бастап ашыла бастайды. Ал жылдам жүзеге асып, қазақ балаларын орысша оқытуға кіріскен алғашқы бастауыш мектеп Троицкіде ашылады Мұнда 1861 жылдың 1 қыркүйегінде 30 орынға лайықталған бастауыш мектептің тұсауы кесіледі (Толығырақ:). Троицкіде мектептің жылдам ашылуына Орынбор әкімшілігінің ерекше ықылас танытуы (татар молдаларынан мұсылманша білім алып жатқан қазақ баларын орыс мектептеріне тарту), қаланың әкімшілік орталыққа жақын болуы (шекаралық белдеуде орналасуы) және қаланың ішінен мектепке лайық ғимараттың (жалға алынуы) тез табылуы сынды факторлар әсер етеді.

Мектептің ашылуына Орынбор облыстық басқармасының (бұрынғы Шекаралық комиссия) басшысы, шығыстанушы (Жошы ұлысының-Алтын Орданың тарихын зерттеген) ғалым В.В. Григорьев арнайы келіп қатысады. Салтанатты іс-шарада ат жарысы-бәйге ұйымдастырылып, кейінірек 16 қыркүйек күні мектеп ашуға өтініш білдірген 24 қазақ билеушілерінің құрметіне арнайы дастарқан жайылады. Ертеңіне, яғни 17 қыркүйек күні В.Григорьев Троицкіде ашылған мектеп туралы Санкт-Петербургте шығатын «Северная пчела» газетіне «Троицкий житель» деген бүркеншік есіммен мақала жолдайды. Мақала газеттің 28 қазандағы №241 санына «Открытие киргизской школы в Троицке» деген атаумен жарық көреді.

В.Григорьев мақаласын мазмұндық тұрғыдан бірнеше топқа бөлуге болады. Автор мақаланың бастау мазмұнында дала жұрты алғашқыда орысша білім беретін мектептерді үрейлене қабылдағанын, кейін қазақ билеушілері орысша білімнің әкімшілік қызметтегі мансап жолы мен сауда ісіндегі пайдасын түсініп, оны таратуға өздері ықыласты бола бастағанын жазса, ендігі бір мазмұндық бөлікте Троицк мектебінің ашылуына себеп болған жағдайды баяндайды. Мұнда ол Троицк қаласында мұсылмандық  білім алып қазақ балаларын оқытып жатқан татар молдаларының діни білімін сынайды. Мақаланың қорытынды бөлігінде автор ашылған бастауыш мектептің оқу ісінің мазмұнына сипатама беріп, оның ашылу салтанатына орай жасалған іс-шаралар туралы мазмұнға орын береді.

Біздер шығыстанушы ғалымның қаламынан шыққан осы бір тарихи жариялымды оқырмандарға түпнұсқадан ешбір ауытқымай, тұтас ұсынуды жөн көріп отырмыз. Орыс тілді мектеп пен ұлттық білім беру мәселесі - бүгінгі күнге дейін Қазақстанда өте өзекті. Сондықтан әрбір оқырман мәселенің түп-тамырына ой көзін салып, қазақ даласына орысша білімнің қалай тарағанын, оны қазақ жұрты қалай қабылдағанын, орысша білімнің дамуына кімдер ықыласты (пайдасын танығандар) болғанын тарихи жазбадан танып, өз түйсігімен қорытынды шығарсын деп отырмыз.

ОТКРЫТИЕ КИРГИЗСКОЙ ШКОЛЫ В ТРОИЦКЕ

Теперь не то, что прежде: публика наша интересуется всем, что делается в отечестве по учебной части. В этой уверенности, нелишним считаем поделиться с соотечественниками местной нашей новостью в этом роде: в начале настоящего сентября открыта у нас в Троицке школа для киргизских детей; явление весьма отрадное во многих отношениях! Начнём известие с того, что, школа эта не первое учебное заведение, назначенное специально для образования киргизов. Особое училище для киргизских существует в Оренбурге еще с конца 1840-х годов. Сверх того, дети киргизов Оренбургского ведомства воспитываются в Оренбургском Неплюевском кадетском корпусе, а дети киргизов сибирского ведомства - в Омском кадетском корпусе, с самого основания этих заведений. Когда впервые возникла мысль о воспитании киргизов в наших русских училищах, и правительство предложило ордынцам отдавать туда детей своих, вопль и стон поднялся по степи. Сколько ни толковали киргизам о благодетельной для них цели этой меры, они не хотели верить в бескорыстие действий правительства и оставались в полном убеждении, что требуют у них аманатов, которых потом окрестят и отдадут в солдаты. Никто не хотел отдавать сыновей своих в «плен» к русским, как выражались тогда киргизы, и нужна была вся настойчивость, вся энергия некоторых из влиятельнейших ордынцев, стоявших во главе степного управления, чтобы уговорить прочих исполнить желание правительства.

Да и то мера эта не состоялась бы, если бы эти влиятельнейшие ордынцы, из видов выслужиться перед начальством и получить за усердие свои разные знаки отличия, постоянный предмет их честолюбия, не подали личный пример, решившись впервые послать детей своих в Омск и Оренбург. Лет пятнадцать, двадцать прошло с тех пор не более, и понятия киргизов на счёт воспитания детей в русских учебных заведениях изменились совершенно. Теперь в степи (говорим об Оренбургской степи, или так называемой официально «Области киргизов Оренбургского ведомства») не оберешься охотников отдавать сыновей в Неплюевский корпус или Оренбургское киргизское училище. Причина тому впрочем, надо правду сказать, не убеждение в пользу образования относительно умственного и нравственного развития человека - до этого еще далеко, до этого еще и Русь православная не доросла - а надежда, что дети воспитанные в русских учебных заведениях, сделают свою служебную карьеру по степному управлению быстрее и блистательнее, нежели дети ордынцев, не учившиеся там, чинолюбие и властолюбие - господствующая страсти степного народонаселения, а места аульных начальников, дистаночных помощников правителей, предоставляются теперь преимущественно молодым ордынцам, окончившим курс учения в упомянутых корпусах или школах. В пользу грамотности киргизы убеждены, однако же не только, как в средстве проложить себе дорогу по службе, но и как в необходимом пособии при ведении торговых дел; торговое же направление, мало по малу, проникающее во все части оренбургской степи, развивалось доселе по преимуществу в восточном отделе, тяготеющим к Троицку, а не к Оренбургу или Уральскую. Между ордынцами восточной части Оренбургской степи считается в настоящее время уже несколько значительных торговцев, ведущих большие дела с Бухарой и Ташкентом; в Ирбит здешние киргизы прежде почти вовсе не ездили, а в прошлом году было их там до пятидесяти человек, так что в скором времени они совершенно овладеют торговлей в степи русским товаром, который покупали доселе в Троицке, Усть-Уйской, Звериноголовске из вторых или третьих рук.

В таком положении дел, многие из ордынцев восточной части не имели возможности обучить детей своих грамоте в русских учебных заведениях, отдавали их для этого в науку к Троицким татарским муллам, где, к сожалению, вместо со знанием магометанской грамоты заражаются воспитанники и невежественностью мусульманского фанатизма. Вредные последствия этого для киргизов далеко превосходящих татар и природными, умственными способностями и правдивостью, и честностью виднее всего были Троицкому попечителю прилинейных киргизов, Д. С. Жуковскому, чиновнику, вполне преданному своим обязанностям и исполняющему их с редкой добросовестностью. Он счёл долгом представить об этом начальству, удостоверяя, что многие из богатых и должностных ордынцев готовы на собственный счёт содержать детей в русских училищах, если бы оно было открыто в Троицке. Представление это управляющим областного Оренбургских киргизов, известным ориенталистом нашим В. В. Григорьевым, принято было к сердцу. Он обработал проект устройства в Троицк киргизской школы на особых основаниях и вошел с ним к Оренбургскому и Самарскому генерал-губернатору, А.Н.Безаку, который одобрив предложенные Григорьевым основания дал проекту дальнейший ход. Летом настоящего года проект удостоился монаршего утверждения и на содержание киргизской школы в Троицк ассигновано из кибиточного с киргизов сбора 1300 р. сер. ежегодно, сверх небольшой суммы на первоначальное устройство, чтобы открыть заведение и дать учебной части в немо желаемое направление, г. управляющий областью лично прибыл в Троицк, записанные в школу дети ордынцев были уже к приезду его на лицо и теперь слава богу дело в полном ходу.

Новооткрытая школа в Троицке замечательна как по особенности, так и по простоте её устройства. Помещение для 30 воспитанников с отоплением, освещением и необходимой прислугой (сторож и повар), равно как и преподавание приняты на счёт казны; одевать и довольствовать воспитанников пищей предоставлено их родителям, с тем, чтобы они выбрали для этого из среды своей доверенного и надежного ордынца, который был бы при детях в роли дядьки. Преподавание магометанского закона поручено мулле из киргизов и ограничено четырьмя уроками в неделю. Преподавание остальных предметов: магометанской и русской грамоты, русского языка по правилам грамматики, арифметики и чистописания, возложено на одного и единственного учителя из отличнейших воспитанников Оренбургской киргизской школы, стало быть, тоже природного киргиза. Двадцатью уроками своими в неделю учитель этот не будет, как бы казалось, обременен выше меры, потому что способность преподавания принят ланкастерский: учитель занимается только понятливейшими и прилежнейшими из воспитанников, которые приобретенные от учителя познания передают уже остальным своим товарищам. Способ этот, кроме других выгод удобен и потому, что избавляет от необходимости размещения на отдельные классы воспитанников с различными сведениями и дарованиями, что невозможно и по помещению, нанятому для школы. Официального срока ученью в ней не положено: учись, сколько хочешь; оставляй заведение, когда хочешь. Во внимание к тому, что желающие учиться из взрослых – не редкость между киргизами, разрешено принимать в школу и таких (на сколько позволяет просторность классной комнаты) с тем только, что вне классного времени они будут иметь помещение не здесь, а должны жить на своих квартирах. Таким образом, новооткрытая школа соединяет в себе с первоначальным училищем и воскресное; выгода немалая! Нам в особенности нравится допущение к учению взрослых. Не странно ли видеть, что ребенка, который не понимает пользы учения заставляют учиться насильно, а молодой человек, сознающий пользу образования, которого не получил в детстве, лишается средств приобрести его потому только что вырос? Таких ненормальных явлений тьма не только у нас, но и в западном человечестве. Будем надеяться, что, мало по малу, станут они исчезать повсюду.

Открытие школы праздновано было киргизами скачкою, обычной принадлежностью всяких торжественных сборищ их, а власти Троицкие были по этому случаю угощены официальным обедом, на котором, между прочим, предложены были тосты за благоденствие России, за преуспевание Оренбургского края, за успехов киргизов в гражданственности; все было как следует. Не только для спичей, да и бог с ними! Надо родиться британцем, чтобы слушать с удовольствием длинные застольные речи, в которых толк на грош, а слов на рубль.

Троицкий житель.

Троицк, 17 сентября 1861 г.

Алмасбек Әбсадық

Мақала ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми гранттық қаржыландыруына ие болған «Тургайская газета» - қазақ рухани мұрасының қоржыны және өлкетану шежіресі» атты Жоба негізінде дайындалды.

Abai.kz

5 пікір