Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
3464 1 пікір 31 Тамыз, 2021 сағат 12:20

Әзербайжан түркілерді Қарабаққа шақыруда

"Қарабақты қалпына келтіру саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін үлкен әлеует бар" дейді Әзірбайжан Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Хикмет Гаджиев.

Әзербайжанның мәліметінше соғыстан 8 қала мен 10 мың шаршы метрден астам аумақ толық қиратылған. Оны қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

"Біз қайта қалпына келтіру процесін бастадық, оның ішінде осы аумақтарды реинтеграциялау іске асуда. Әзірбайжан үшін басым бағыт инфрақұрылымды құру болып табылады. Себебі бұл аймақта инфрақұрылым жоқ, соғыстан қирап қалған. Инфрақұрылымдық жобалардан кейін Әзірбайжан онда "ақылды қалалар" мен "ақылды ауылдар" тұжырымдамасын құруға ниетті.

Біз бауырлас елдердің Қарабақты қалпына келтіру процесіне қатысуын көргенімізге өте қуаныштымыз, өйткені Қарабақ түркі әлемінің, түркі өркениетінің бөлігі болып табылады. Біздің инфрақұрылымдық жобалардан кейін инвестициялық жобалар дайындалады. Біз мұны Түркі кеңесі аясында бауырларымызбен талқылауды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Жалпы Қарабақты қайта келтіру жобаларына Әзербайжан түркі мемлекеттерін шақыруда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар