Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
3358 0 пікір 30 Тамыз, 2021 сағат 15:45

Үйден табылған снарядтар: Министрлік не дейді?

Таяуда жарылыс болған Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер аулындағы мейрамхананың ауласында түсірілген шашылып жатқан снарядқа ұқсас заттардың видеосына Қорғаныс министрлігі түсінік берді. Бұл туралы Tengrinews.kz мәлімдеді.

- Видеода көрсетілген снарядтардың сырты мен оқсауыты - оқ-дәрілерді кәдеге жаратқаннан кейін алынған және электрондық gosreestr.kz алаңындағы сауда арқылы жеке кәсіпорынға сатылған металл сынықтары. Олар қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейді, - деді министрлік өкілдері.

Өндірістік база "Бақтияр-Group" ЖШС-ға тиесілі екені тексеру барысында анықталған. Оның аумағында қара металл сынықтары (күйдірілген металл, болат және шойын металл) сақталған.

Аталған металды "Бақтияр-Group" ЖШС 2021 жылы 30 наурызда Түркістан облысы, Арыс қаласында "Қазтехнология" АҚ-ның металл сынықтары қоймасымен жасалған шарт негізінде сатып алғаны хабарланды.

"Бақтияр-Group" ЖШС хабарламаға сәйкес заңды мекенжайы: ҚР, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер аулында тіркелген. Бұл ұйымның түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы лицензиясы бар екені белгілі болды.

Ақпарат бойынша, 26 тамызда өрт шыққан Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрілер қоймасында мұндай оқ-дәрілер сақталмаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар