Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2679 3 пікір 19 Тамыз, 2021 сағат 11:40

Жыл басынан бері 10 398 адам қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 10 398 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 80,7 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,4%) Өзбекстаннан, 10,1% – ҚХР-дан, 6,4% – Түркіменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,6% – басқа елдерден келгендер болып табылады.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,8%), Түркістан (14,2%), Маңғыстау (18,4%) және Жамбыл (8,3%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,6%) қаласына қоныстанды.

Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,2%-ды және зейнеткерлер 18,4%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 45,6%-ы жалпы орта білімді және 3,8%-ның білімі жоқ.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2442
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2031
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587