Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3688 0 пікір 5 Маусым, 2012 сағат 10:31

Отырар сазы» Дінзуһраның жетекшілігімен Өскеменде алғаш рет өнер көрсетті

2012 жылдың 2 маусымында Өскемен қаласының Металлургтер мәдениет сарайында Н. Тілендиев атындағы академиялық-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің концерті өтті. Бас дирижері - Динзухра Нұрғисақызы Тілендиева.

«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» демекші, елімізде әкесі салған сара жолда жүргендер саусақпен санарлық. Ірі тұлғалардың балаларын айтып отырмыз. Сол аздаған адамдардың бірі һәм бірегейі - Дінзуһра Тілендиева.

Өткен ғасырдың біртуары Нұрғиса Тілендиев өз қолымен құрып кеткен әрі осы кісінің атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі Өскеменге келіп, қала халқының көңілін марқайтты.

Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Отаным - бақыт мекенім» атты жобасы аясында келген өнер майталмандарын оркестрдің жетекшісі Дінзуһра Нұрғисақызы бастап келіпті.

Әкенің аманатын арқалаған өнерлі қыз Алтай елін талантымен таңғалдырды. Ел асыға күткен кешті әкесінің «Ата толғауымен» бастап, «Махамбетімен» аяқтады. Кеш барысында әнші Салтанат Жұбаныш Нұрғисаның Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Құстар» әнін құйқылжыта орындады. Ол әннің қайырмасына келгенде Металлургтердің мәдениет сарайына жиналған көрермен де қосыла шырқай жөнелген. Ал, Нұрғисаның тыңдағанның өне бойын шымырлататын «Аққу» күйі тыңдарманды бірде айдын шалқар көлдің бетіндегі тыныштыққа жетелесе, бірде қанатының сусылымен ләззат сыйлады. Халықаралық байқаулардың лауреаты Данияр Байжұманов «Әлқиссаны» шерткенде тамырында қазақы қаны тулаған жұрт қиқуға-қиқу қосып отырды. Түрлі сезімге бой ұрған халық түрлі қиялға шомғаны анық. Міне, осындай әнмен әспеттеліп, күймен көмкерілген кеште Дінзуһра әкесінің әсем шығармаларын орындаған оркестрге дирижерлік етіп, тектінің тұяғы екенін танытқаны бар.

- Менің мақсатым - Нұрғиса Тілендиев болу емес, Дінзуһра Нұрғисақызы болып танылу. Сол арқылы мен өз биігімді табамын әрі ел сеніп тапсырған «Отырар сазын» онан ары дамытамын, - деп ой бөлісті ол көрерменмен.

Ал кештің аяқталу тұсында облыс Әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан ықылас гүлін сыйлаған облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар: «Біз «Отырар сазын» мақтамаймыз, қайта «Отырар сазымен» мақтанамыз» деп ағынан жарылды.

Өнер ұжымы Өскеменнен кейін Риддер және Семей қалаларының жұртшылығына өнер көрсетпек. Айта кетейік, бұл аталмыш оркестрдің өңірімізге Дінзуһраның жетекшілігімен бірінші рет келуі екен.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=628%3A------q-q&catid=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1950
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2218
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1827
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1543