Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3713 0 пікір 5 Маусым, 2012 сағат 07:53

Ұлттық аза тұту күні

Мамырдың 27-нен 28-не қараған түні, Алматы облысы, Алакөл ауданы, «Арқанкерген» шекара бекетінде белгісіз жағдайда қаза болған 15 шекарашыны еске алу мақсатында бүгін, яғни, 5 маусым ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. «Отан үшін жас өмірлерін қиып, мерт болған шекарашылардың қазасы барлық Қазақстан халқына ауыр тиді. Олар Отан алдындағы борыштарын өтеп жүріп, қаза тапты. Сондықтан да, бір күн оларды еске алып, аза тұту біздің азаматтық парызымыз», осылай деген Президент: «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қазақстандық шекарашылардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2012 жылғы 5 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын» делінген мәтіндегі өкімге 4 маусым күні қол қойған болатын.
Бүгін - Ұлттық аза тұту күні республика аумағы бойынша мемлекеттік ту төмен түсіріліп, телерадиода ойын-сауық бағдарламалар мен жарнама беру тоқтатылды.
Алайда, «мемлекеттік емес жергілікті радиолар бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр» деп жазады «Азаттық» радиосы.

"Абай-ақпарат"

Сурет - "Азаттық" радиосынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1871
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1919
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1611
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1476