Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2901 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 12:01

МӘЖІЛІСТЕН ТӨБЕЛЕС КҮТПЕҢІЗ...

Орыс тілі тағы да дау-дамай, ұрыс-төбелестің себепкері болды. Абырой болғанда, бізде емес, Украинада. Аталған елдің кейбір өңірлерінде орыс тіліне басымдық бергісі келген Жоғарғы Рада депутаттарының көзі көгеріп, қабағы жырылып, қан-жоса болды. Алда-жалда заң қабылданып кетсе, Раданың отқа оранатын түрі бар, тіпті. Одан да тайынбайтынын айтып жатыр, оппозиция өкілдері. Ұлт мүддесін көксемегендерді радикалды жолмен болса да, жайпап өтуге бар. Жо-о-ға, «үлгі алыңдар» деп үгіт қылып отырғанымыз жоқ, Құдай сақтасын, Парламент ринг алаңы емес қой. Десек те, біздің ләббайшыл кейбір қалаулыларымызға қарнымыз ашқанда, украиндықтарға қарап қаның қызады екен, несін жасырамыз. Егер алда-жалда ұлт мүддесі таласқа түсіп жатса, біздің мәжілісмендер осындай «ерлікке» (ерлік деген сөзді әдейі тырнақшаға алдық - ред.) баруға даяр ма?

Алдан СМАЙЫЛ, депутат:
Айғайлаған адамды батыр деуге болмайды

Орыс тілі тағы да дау-дамай, ұрыс-төбелестің себепкері болды. Абырой болғанда, бізде емес, Украинада. Аталған елдің кейбір өңірлерінде орыс тіліне басымдық бергісі келген Жоғарғы Рада депутаттарының көзі көгеріп, қабағы жырылып, қан-жоса болды. Алда-жалда заң қабылданып кетсе, Раданың отқа оранатын түрі бар, тіпті. Одан да тайынбайтынын айтып жатыр, оппозиция өкілдері. Ұлт мүддесін көксемегендерді радикалды жолмен болса да, жайпап өтуге бар. Жо-о-ға, «үлгі алыңдар» деп үгіт қылып отырғанымыз жоқ, Құдай сақтасын, Парламент ринг алаңы емес қой. Десек те, біздің ләббайшыл кейбір қалаулыларымызға қарнымыз ашқанда, украиндықтарға қарап қаның қызады екен, несін жасырамыз. Егер алда-жалда ұлт мүддесі таласқа түсіп жатса, біздің мәжілісмендер осындай «ерлікке» (ерлік деген сөзді әдейі тырнақшаға алдық - ред.) баруға даяр ма?

Алдан СМАЙЫЛ, депутат:
Айғайлаған адамды батыр деуге болмайды
- «КТК» арнасынан Артур Платонов өз бағдарламасынан Украина, Жапония парламентіндегі төбелесті көрсетеді де, «бұлар неге төбелеспейді?» дегенді алға тартады. Орыс тілі Мәжілісте талқыға түссе, дауысқа салынып қабылданбайды. Өйткені Қазақстанның қазіргі жағдайында мұндай әңгіме жүрмейді. Біріншіден, бұл Конституцияға қарсы. Екіншіден, бізде ұлт мүддесін ойлайтын депутаттар бар. Үшіншіден, Парламентті көрінген мемлекетпен салыстыра беруге болмайды. Әр халықтың өзінің менталитеті бар. Украин ол қашанда - украин. Олар қазақ емес. Сондықтан соған қарап, «қазақ депутаттары мұндай жағдайда не істейді?» деп салыстыру қажет емес. Мұндай жағдайда мәселе басқаша шешіледі. Әрі қазақтың мүддесіне қатысты нәрсені ешқашан алаулатып-жалаулатып көшеге алып шығуға болмайды. Ол керісінше соған өз кесірін тигізеді. Халықтың мүддесін шын ойлап жүрген адам мен тілді, ұлттық мұратты саясиландырып өзін өзі жарнамалап жүрген адамдардың арасын ажырата білу керек. Айғайлаған адамды батыр, үндемеген адамды халыққа қарсы қылуға болмайды. Біз осы жерде үндемей-ақ талай нәрсені шешіп жатырмыз. Егер кез келген мемлекет өз мәселесін өзі шеше алмаса, ол әділетсіздік. Ал орыс тілін аймақтық тілдер деп көтеру - ол украин халқына жасалған үлкен қысым. Егер кез келген халыққа өзіміздің ұлттық мұратымызды танытып, сол елдің тарихы, рухани құндылығы, ар-намысымен санаспай тізе батыратын болсақ, ол да әділетсіздік болады.

Мұрат МҰХАМЕДОВ, депутат:
Мәселені талқылауда пікірталастың болғаны дұрыс
- Украина Радасындағы «төбелес» ұлттық мәселеге қатысты туындаған №1 мәселе. Ал мұндай жағдай Қазақстанда болады деп ойламаймын. Ондай «ерлікті» АҚШ, Жапония, Ресей парламенттерінің депутаттары көрсетіп жатады кейде. Кейбір мәселелерге қатысты туындаған төбелес біздің ұғымда дөрекілік болып саналады. Ал ұлттық мәселе жағынан келген кезде украин депутаттарының әрекетін өз халқына жанашырлық танытуы деп бағалауымыз керек. Жанжал Украинаның шығыс бөлігінде орыс тіліне мәртебе беруден туындап отыр ғой. Ал елдің батыс бөлігі оны қолдаған жоқ. Сондықтан бұл мәселеге өз басым оң көзбен қараймын. Ресейдің Думасы, Украина Радасы, біздің Парламент мәселелерді шешу алаңы болып саналады. Әңгіме депутаттарды бір-бірімен төбелестіріп қоюда емес, мәселені талқылау кезінде қызу пікірталастың болуын дұрыс деп есептеймін.

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
Жаға жыртысуға бармай-ақ қояйық
Мәдениетіміз биік халықпыз ғой. Парламентте жаға жыртысуға дейін бармай-ақ қояйық. Бірақ депутаттық жолдау жасағанда, жұмылып дауыс бергенге іс бітті деп тоқмейілсу жақсылыққа апармасы хақ. Түйткіл көп, әділсіздік, жемқорлық, әлімжеттік секілді пәлекеттер жетіп артылады. Әлеуметтік наразылық жер-жерде күшейіп барады. Үндемегеннен, байқамағансығаннан олар шешіле қоймайды, қайта өрши түседі. Жаңаөзендегі қасірет - соның анық айғағы. Парламент шын мәнісінде халықтың өкілдері бас қосқан орта болса, осыны түсінуі керек. Сын жоқ жерде мін түзелмейтінін есте ұстауы қажет. Басқаша болған жағдайда, Сіз айтып отырған "ерлік" Парламент қабырғасынан шығып, көше мен алаңдарды кезіп кетпеуіне ешкім кепілдік бере алмайды.

Ғалым БОҚАШ, журналист-шығыстанушы:
Украин Радасындағы төзімсіздік совет режимінің салдары
- Қазақ парламенті шынайы тәуелсіз заң шығарушы органға айналған заманда тіл мәселесі, сол сияқты басқа да маңызды мәселелер ашық, әрі қызу түрде талқыланар еді. Ал кез келген Парламенттегі пікірталастың соңы кәдімгі жұдырықтасуға ұласып кетіп жатса, жеке басым мұны я ұлттық темперамент, я саяси спектакль немесе балаң қоғамның белгісі деп түсінемін. Украин радасындағы төзімсіздік пен қазақ парламентіндегі бойкүйездіктің шығу тегі бір - репрессиялық, тоталитарлық Кеңес режимінің салдары деп долбарлаймын.
Заңғар ТАУДАЙ

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1874
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1922
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1613
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1478