Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
46 - сөз 5176 10 пікір 12 Тамыз, 2021 сағат 16:44

Қырғыз “батыр” мінезінен пайда емес, зиян көруде

Жалпы біздің қазақ Керей-Жәнібек заманынан бері орталық билікке бағынбай, хандардың үкім-бұйрықтары 100% өтпей, әр қазақ өзіне би өзіне қожайын болған сияқты. “Ханға ренжіп, көшіп кетті” дегенді тарихтан жиі естиміз. Қазір де, пәтерлері мен үйлерінің орнына киіз үйлері болса, біраз қазақтар көшіп кетер еді деп ойлаймын. Кенесарыға 100% қосылмағаны да сол қырсық тәкәппар мінез. Бұл қазақты Абылай мен Әлихан да өзгерте алмаған. Абай мен Құнанбай да жаза-жаза, айта-айта жалығып түңілген тәрізді.

Осы жағдайды көріп, көшпенді өркениеттің зиянды жерлерін байқауға болады. Бағыну жоқ. Мойындау жоқ. “Қателесіп тұрмын-ау”, “Осы кісінің сөзі дұрыс шығар” деген ой санаға қонбайды. Тек “мен білемін”, “менікі дұрыс”, “біздің жігіт”, “келімсек” деген көзқарасты жүктеп алған қоғам.

Өзбек пен Түрікмен бұрыңғы Қоқанд пен Хиваның мұрагерлері - қала көрген, қала салған отырықшы халық. Нәтижесінде бүгін басшылықтарының бұйрықтары екі етпей орындалып жатады. Себебі бір орталыққа бағыну, басшының сөзін күмәнсіз орындау генетикаларына сіңген.

Қырғыз да біз сияқты. Жабайылау. Тау-таста жүрген халық. Манап демесең, ханы болмаған. Ұнамай ма - тау-тастың арасына кетіп қалған, яки манапты төңкеріп тастаған. Соның әсері бүгінгі күнде көрініс беріп жатыр. Қырғыз өзінің “батыр” мінезінен пайда емес, зиян көруде.

Қытай да сол бағынудың, қатаң тәртіптің арқасында империя болды. Пандемия кезінде бүкіл Уханьды үйге тықты. 11 миллион халқы бар Ухань үйден шықпай отырды. Комендант сағатында тәртіп бұзғандарды әскерилер атты (соттау былай тұрсын). Әрине ондай қаталдық та тым артық шығар, Құдайға қараған қазақ ондайға бара қоймас, бірақ Қытайдың қатаң заңы мен қаталдығы нәтиже бергенін дүниежүзі көріп отыр. Қазір Уханьда ауру жоқ.

Жалпы түсінгенім, қазақ қорыққанын сыйлайды. Ақаев сияқты жұмсақты басынады, Каримов сияқты қатыгезден именеді. Майдалап сөйлессең “ез” дейді. Дікеңдеп, әкіреңдеп, көзі ақшайып шыға келеді. Ал күшпен келсең, мысың басады. Менталитет сондай. Ғасырлар бойы аттың үстінен түспеген Қазақ, тек темір тәртіпке ғана бағынады деген тұжырымға келдім.

Самат Нұртаза

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1786
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1771
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1490
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1392