Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2738 0 пікір 7 Тамыз, 2021 сағат 14:14

Қазақстанда сегізінші қола медаль

Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түскен каратеші Софья Берульцева қола жүлде алды.  Ол үшінші кездесуден соң  мерзімінен бұрын жартылай финалға шыққан болатын.

Берульцева екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты.

Кейін түрік спортшысымен тең түсіп, үшінші жекпе-жекте әзірбайжандық Ирина Зарецкаядан 5:4 есебімен басым түсті. Осылайша, 5 ұпаймен мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алған еді.

Софья Берульцева каратенің кумитэ санаты бойынша А тобында бақ сынады. Топтық кезеңде оның қарсыластары Мельтем Ходжаоглу (Түркия), Сильвия Семераро (Италия), Ирина Зарецкая (Әзірбайжан) және Аюми Уэкуса (Япония) болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2013
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1585