Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4318 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 08:24

Оразақ Смағұл: «Шыңғысхан моңғол ма, моңғол емес пе дегенді анықтап алу керек»

Моңғолдардың тыныс-тіршілігін көрген қазақ өзін көргендей болады. Шыңғысханның тұлғалық болмысы төңірегінде дау туғалы біздің қоғамда «Шыңғысханды қазақ болыпты» дейтіндер де, тіпті, «Шыңғысханнан тараған біз моңғолмыз» дейтіндер де табылып жүр.

Жуырда «Қазақ халқының шығу тарихы» сериясымен қазақтан шыққан тұңғыш антрополог, тарих ғылымының докторы, профессор, ҰҒА академигі Оразақ Смағұлдың «Қазақ халқының антропологиялық тарихы (морфофизиологиялық зерттеу)» атты кітабы жарық көрген. Автормен бір-екі ауыз әңгімелесудің сәті түсті.

- Мына кітапта адамның бет сүйектері айқын бедерленген суреттер топтамасы басылған екен. Бет пішіні әр түрлі адамдар әр қырынан түсірілген суреттер бізді терең ойға қалдырды. Шын мәнінде, біздің қазақтардың бет әлпеті әртүрлі. Біріміз кәріске, біріміз моңғолға, енді біріміз, тіпті татарға, өзбекке ұқсап кететін сияқтымыз... Осы неден?

- Қан жүйесін алып қарасаңыз, маймылдардың гиббон деген түрі мен адамның арасында 1 пайыздық қана айырмашылық бар. Шимпанзе мен адамның арасындағы айырмашылық та бір пайыз ғана. Бірақ, сіз осыған қарап, маймыл мен адам ұқсайды деп айта аласыз ба?.. Қан жүйесі 1 пайыз ғана болса да, олардың түрлері, тыныс-тіршілігі, болмысы, жаратылысы мүлдем бөлек қой. Олар - биологиялық-генетикалық жағынан бір-біріне мүлдем қабыспайтын жаратылыс иелері. Демек, түр ештеңе білдірмейді. Ол генетикалық көрсеткіш бола алмайды. Сіз бен біздің көзімізге көрініп тұрған айырмашылық ол тарихқа, географиялық ортаға, содан кейін неке қию, қыз алыс-беріс секілді мәселелерге байланысты кездейсоқ айырмашылықтар. Ол көп болса, бесінші, алтыншы сатыдағы айырмашылық болуы мүмкін. Яғни, бұлай түрге қарап айырмашылық іздеу генетикалық алыстық іздеуге негіз емес. Ол әркімнің табиғатына, тіршілігіне, тумысына байланысты ерекшеліктер.

- Бірақ, түбіміз бір түркілер болсақ та, біз өзбекпен я болмаса түрікпен онша ұқсаc емеcпіз. Қырғыздармен ғана ұқсастығымыз күшті. Шыны керек, көп қазақты  маңғолдың ішінен де ажыратып ала алмауыңыз мүмкін. Осыған қарап: «біз Шыңғысханның тұқымымыз» деп жүрген замандастарымыз да бар...

- Айта берсін! Ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсыз ғой. Ал, олардың қандай дәйектемесі бар?

- Десек те, сіздіңше, қазаққа Шыңғысханның туыстығы бар ма?

- Алдымен "Шыңғысхан моңғол ма, моңғол емес пе?" дегенді анықтап алу керек. Шыңғысхан, мәселен, ХІІІ ғасырда өмір сүрді. Бірақ, сол Шыңғысханның елі қолданған тіл мен сол тұстағы этникалық атауларды бүгінгі моңғолдар түсінбейді. Арада бар болғаны 800 жыл ғана өтсе де, олардың жазуын не оқи алмайды, не түсінбейді. Ал, біз түркі тектес халықтың біріміз, осыдан 700-800 жыл бұрынғы көне түріктердің жазуын ашып, оқып жатырмыз ғой. Сонда бұл жақындық пен айырмашылық нені білдіреді?.. Бұдан шығатыны, ол заманда, Шыңғыс заманында моңғолдар болмаған.

Cұхбаттың толық нұсқасын - www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/836 оқи аласыздар.

0 пікір