Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3394 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 06:32

Өмірзақ Ақжігіт. Бұндай айтыс бұрын-соңды, Алматыда болмаған!..

Осыдан біраз уақыт бұрын баспасөз бетінде біздің айтыс ережесін өзгертпесе  болмайтындығы жайлы мақаламыз жарияланған еді. Оған бірінші болып үн қосып, қоңырау шалған Мәдениет министрі - ұлықтың кішіктігін айтып өткен парыз! - Дархан Мыңбаев болды. Дахаң Серик Негимов, Жүрсін Ерманов, Әселхан Қалыбекова, Есенқұл Жақыпбеков бәрі бас қосып, ақылдасқан отырыс жасағанын айтты. Төл дүниеміздің, теңдессіз байлығымыздың болашағы ұлтым деген әрбір азаматтың санасына салмақ салары хақ.

«Қазылар алқасының құрамы тұрақты болғаны және сол құрамның ішіне Жүрсекеңнің кіргені жөн. Сосын жоспарланып отырған жыл сайынғы республикалық айтыстың қорытындысына әр облыстан бір айтыскер шығуы міндетті емес деп ойлаймын. Кім мықты, солар шықсын. Және олар автомобильмен емес, «Алтын домбыра» жүлдесімен марапатталатын болады.

Екінші жағынан, ақындарымыздың тұрмысы ауқатты болғаны жөн. Жүрсекеңді біреулер «Хаммер» мініп жүр» деп әңгіме етеді. Маған салса, ол кісі тікұшақпен жүрсе тіпті жарасар еді. Өйткені, еңбегі бар. Тұрақты қазылар алқасына кіруі тиіс деуіміз де сол еңбектің бағаланғанының бір көрінісі болмақ.

Ал, сіздің «қазылар алқасынсыз өткізейік» деген ұсынысыңызды да енгізіп көретін боламыз. Себебі, ол шынында да ата-баба жолы ғой. Дегенмен, бұл жерде бізге қарағанда ақындардың пікірі басымдыққа ие болуы тиіс, сол кісілермен ақылдасайық, - дейді министр мырза.

«Сегіз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» дегендей, айтыскер ақын қыздарымыздың ішінде бір төбе дерлік Әселхан әпкемізге хабарласқанымызда, ол кісі 2 маусымда өтетін Алматыда өтетін «ардагер гвардия» айтысында Есенқұл Жақыпбековпен шығатынын айтты.

- «Үйреніскен жау атыспаққа жақсы» деген ғой, інім,- деп күлді Әсекең. - Әрі, көпшілік қауым да біз екеуміздің айқасымызды күтіп отырғанын жеткізіп жатыр.

- Ал, қазыларсыз айтысқа қалай қарайсыз?

- Әрине, әділеті сол болар еді, бірақ, ол жағдайда ақырына дейін әділ болу үшін айтыстың уақыты шектелмеуі тиіс. Бұрын солай болған ғой. Ал, кәзіргі айналдырған жарты сағатта шабытыңды енді шақырып үлгересің. Қарсыласыңның «ұстадым-ау!» деген сөзіне сен де өз уәжіңді дайындап отырасың. Сол кезде уақыт бітті дейді...

- Нақ сол себепті, аз уақытта көп ой айтып үлгеру үшін, кімнің ойының ұшқыр, тілінің тапқыр екенін қапысыз анықтау үшін де өлең көлемін үш шумақпен шектесе болмай ма?

- Ол да дұрыс қой, бірақ шын ақынның айтары әдетте өте көп болады, ол оны екі-үш шумаққа қалай сыйдырады?

- Жақсы. Ал, бірақ жарты сағатқа жетпей-ақ, сүрініп кетіп, уәж сөз таба алмай қалған жағдайда «қол көтеруге», сөйтіп, ертеңгі айтыста-ақ жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуге ардагер ақындар  дайын ба, қалай ойлайсыз?

- Нағыз ақын мәрттік қасиет көрсетуге әрқашан дайын деп ойлаймын.

Отыз жыл бойы айтыстың суығына тоңып, ыстығына күйіп, соның арқасында ел ішінде Маяковскийше айтқанда «Айтыс десек Жүрсін деп ұғынамыз, Жүрсін десек айтыс деп білеміз біз» деген дәрежеге көтерілген, дегенмен, ең жақсы заттың да жағымсыздау бір тұсы болады, өзінің өте әдемі ақындығы айтысты ұйымдастырушылығының көлеңкесінен шыға алмай келе жатқан, тіпті әспеттеген халқының қаңқу сөзіне шыдамай екі-үш рет айтысты тастап кетіп те қалған, бірақ, бәрібір «ырылдаған, қаппаған, Жүрсіннен жақсы таппаған» көпшіліктің алдына қайта оралған ақын ағамызға хабарласқанда жақсы жаңалық естідік - 2 маусымдағы ардагерлердің аламан айтысы қазылар алқасынсыз өтетін болыпты. Айтуына қарағанда, Жүрсекең де көптен бері осылай бір бәйге өткізуді ойлап жүрген екен. Әйтсе де, ондай ережеге жұрт үйренген жоқ, оның үстіне айтыскерлердің алды алпыстан асып кетті,  әрі кейбірінің денсаулығы да мықты еместігіне көңілі алаңдап отырған көрінеді. Сол себепті де осы айтысқа қатысушылардың бәріне бір-бір темір көлік мінгізетінін де жасырған жоқ.

-  Олар ең алдымен Манап Көкенов, Көпбай Омаров, Қалихан Алтынбаевтардың жолын жалғастырушылар, жаңа айтыстағы алғашқы қарлығаштар, сеңнің көбесін сөгушілер болды. Оның үстіне олардың нағыз дер шағы кеңестік идеология кезіне тұспа-тұс келді, олар нарық келмей тұрғанда, келіп, елді бұзбай тұрғанда, идеяға берілген, мінетін аттан айтылатын атақты артық тұтқан жандар болды. Сол кезінде міне алмай қалған «темір тұлпарларын» бүгін мінсін, сөйтіп әділеттік кеш те болса салтанат құрсын деп отырмын.

Жаса, Жүрсеке! «Тентек» деген аты бір шығып кетіп, соның салдарынан алатын бәйгелерін ала алмай қалған Қуаныш Мақсұтов, «Бауыр» деп барсам ағаға, ағаның көңілі көкте жүр. «Бауыр» деп барсам ініге, інінің көңілі көк темір» деген бір-ақ ауыз өлеңімен бүгінгі заман бейнесін барынша дәл сипаттап берген, ақындық әлемнің еңбекторысы Есенқұл Жақыпбеков, ақындық келбеті ешкімге ұқсамайтын, ақыры ішкі дүние, сырт келбетін де соған сай етіп, өзі айтқандай «сақалист» болып кеткен Шорабек Айдаров және басқа аты аталмаған айтыскер ақын бауырларымыз үшін де, кәусар суындай шынайы айтысқа сусаған қалың халық үшін де бұл бір ерекше, есте қалатын-ақ адал айқас, әділ бәсеке болғалы тұр екен, ендеше осы дүбірлі дүниеге ат салысып жүрген, жалпы қатысы бар жанның бәрінің елеңдеп отырған елдің күткен биігінен көріне білуіне шын жүректен тілектеспіз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір