Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 9019 65 пікір 25 Шілде, 2021 сағат 14:24

Вакцина керек пе, жоқ па?

2012-ші жылы БҰҰ-ның арнайы мәлімдемесінде келтірілген "Планетамыз қанша адамды асырай алады?" деген сұрақ бойынша ұсынылған 62 зерттеудің нәтижелерінде, планетамызды игеру үшін 2 млрд халық қажет болса, технологиялық және экологиялық мәселелердің барлығы бір жүйеге келтірілген кездің өзінде, планетаның ең артық саны 10,24 млрд халықтан аспау керек деген деректі келтірген.

Әлемде қазір адам саны 8 млрд-тан асып кетті. Планеталық деңгейде технологиялық және экологиялық жүйеміз ешқандай бірізділікке түспеген қазіргі жағдайда, 8 млрд халық --- "планетаның барлық мүмкіндігінің шегі" деген сөз.

Бұл мәселені шешу бойынша ұсынылған нұсқалардың ішінде "Өзге планеталарды игеріп, сол жаққа халықты қоныстандыру", "Туу санын шектеу" сияқты ұсыныстарды жүзеге асырудың ауылы әзірге алыс болып тұр.
Тағы бір адам санын азайтудың "жазылмаған заңдылығы" - үлкен глобальді соғыс ашу. Қазіргі ядролық қаруланған мемлекеттердің көптігіне байланысты, бұл да мүмкін болмай тұр.

Демек, адам санын азайтудың бірден-бір жолы - жасанды жолмен індеттер тарату арқылы халық санын шектеу.
Біз қазір сол бағыттағы жұмыстардың "нәтижелерін" көріп отырмыз.
Енді, әркім өзін "әлемдік ойыншылардың" орнына қойып, ойтолғатып көрсе.
Егерде, мен осындай жолмен халық санын азайтқым келген болсам, былай жасар едім.

1-ші: Бір-біріне ұқсас екі түрлі вирус ойлап табамын. Біреуі әлсіздеу. Екіншісі өте күшті.
2--ші: Алдымен әлсіздеу вирусты әлемге таратып бірәз әбігерге салып, үрей туындатамын.
3-ші: Өзіме планетаны ары қарай ұстап қалуға керек өркениеттерге(елдерге), бұдан кейін таратылатын ең күшті вирусқа қарсы вакциналарды салдырамын.
Өзге дамушы елдердің ресуросын игеру үшін, ол елдерде ең алдымен мұғалім, әскер, ғалымдар сияқты мамандық иелерін сақтап қалу үшін, сондай қызметшілердің толықтай вакцинаны алуларын қамтамасыз етемін.
4-ші: Өзіме керек емес мемлекеттер мен төменгі тап өкілдеріне арнайы вакцинаға қарсы ақпараттар таратып, планетаға керек емес "слой населенияның" алғашқы вакцинаны салдырмауы үшін барлық ақпараттық қолдауымды жасаймын. Сол арқылы ешкімге керек емес, кім-көрінген істей алатын қызмет түрлерімен айналысатын (такси, аспазшы, саудагер, т.т.) сауатсыз адамдардың вакцинаны салдырмауларының жолын жасаймын.
5-ші: Өзіме керек елдердің 80%-ы вакцина салдырып болғанда, әлемге ең күшті екінші вирусты таратамын.
6-шы: Вакцина алмаған халықтар қырылып бастап барлығы жапа-тармағай вакцина салдыруға "жүгіргенде", оларға әлсіз ғана пайдасы бар екінші вакцинаны тарата бастаймын. Бірақ, оның оларды сақтап қалуы уақытша ғана болады.
7-ші: Планетадағы халық саны 2-3 млрд-қа азайғанда, індетке қарсы дәріні қолданысқа жіберіп, қалыпты жағдайға көшіремін.
Мен қателесуім мүмкін. Бірақ, екі жылға жуықтаған мына індетке байланысты жәйттарды саралай келе, осындай тұжырымға келіп отырмын. Өйткені, өркениетті елдердің вакцинациялану статистикасын қараңыздар! Дамыған, өркениетті елдердің барлығы дерлік 60-70% салдырып болды. Тек біз сияқты "дамушы" үшінші таптағы елдердің көрсеткіші өте төмен.

Сондықтан, ағайындар!
Вакцинаның алғашқы партиясы таусылмай жатып салдырып алуды ұсынамын. Қазақ ұлтын мына аласапыраннан сақтап қалатын әзірге бір ғана жол - ертерек вакцинациялану! Басқа альтернатива жоқ!
Ал, енді қандай вакцинаны саламыз дегенге келсем!

Дәл қазіргі вакциналардың ешқайсысы да жаман емес, Ресейдің "Спутнигі" де алдыңғы қатарлы вакциналардың қатарында деп ойлаймын. Өйткені, бұл індеттің алдыңғы "аталарын" 60-70-ші жылдары СССР-дің кезінде әбден зерттеп тастаған. СССР-дің вирусология, биологиялық қарулар мен олардан қорғану салалары әлемнің ең алдыңғы қатарлы институттарының бірі болған. Оларда сол заманнан жеткен зерттеулер мен тәжірибелердің құжаттары кез-келген уақытта пайдаға жарату үшін сақтаулы тұрады. Коронавирустың мына түрін азғана зерттеулерден кейін-ақ вакцинасын жасап шығару қиындық тудырмаған болса керек. Ал, бұл вакциналардың шаблонды түрлерін СССР-дің кезінде адамдарға әбден сынақтан өткізіп қойған деп ойлаймын.

Ресейді ұнатпаймын деп, оның ғылыми потенциалын да жоққа шығара салуды сауатсыздық деп ойлаймын. Керісінше, "тоңмойын" орыстардың осы вакцинасының сапасы өзгелерден көш ілгері тұр деседе сенемін. Өйткені, Батыспен қырғи-қабақ болып отырған Ресейдің өзгелерге өз потенциалын мойындатқысы келіп, барынша сапалы жасап шықты деп ойлаймын.

Ал, ағайындар!
Әркімнің өз пайымы бар. Мен өз ойымды жаздым. Мақсат біреу ғана. Қазақ ұлтын мына аласапрыраннан аман алып қалуға тамшыдай болса да үлесімді қосып, мәселеге тереңірек үңілуге ой салу.

Рүстем Ашетаев

Abai.kz

65 пікір