Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 7003 1 пікір 25 Шілде, 2021 сағат 12:58

Ақиқат ертегі

Бір орманда Қоянның жұмысын Аю істеп тұрыпты. Қалайша дейсің бе?

Орманға Аю қажет болғанымен, бос тұрған жалғыз жұмыс орны Қоянға тиесілі екен. Сонымен, Аю жұмысқа орналасу үшін амалсыздан Қоянның жұмысын алып, Аю тәрізді жұмыс істеп, бірақ Қоян ретінде жалақы алуға келісім беріпті. Байғұс, жұмысты да жан-тәнімен беріліп істейді екен.

Бір күні ол орманда Аюдың орнында Қоянның жұмыс істеп жүргенін естіп біледі. Мұны білген Аю қатты ашуланыпты.

Неліктен Қоян Аюдың жұмысын істеп жалақысын алып жүр деп ренжіген ол Орман шаруашылығының Бас кеңесіне шағымданса керек. Арыз бойынша тергеу-тексеру жүргізіліпті.

Тексеру комиссиясының тобы деп тұтасымен айбынды Арыстандар табыны келіпті.

Олар Аю мен Қоянды да жауап алуға шақырды:

- Сіз осы жердің Аюсыз ба?, - деп Қояннан сұрайды.

- Иә, мен осында Аюмын, - деді Қоян ойланбастан жауап беріп, қызметтік куәлігін көрсетеді.

- Солай екен!,-деп куәлікті көрген Комиссия бас изеді.

- Жоқ, мен нағыз Аюмын ғой, - деп қоңыр аю қапаланып бақырады.

- Қане, құжаттарыңды көрсет деп, құжатты алып тексергеннен кейін Комиссия басын шайқап былай дейді:

- Аю, саған осылай айтысудың қажеті жоқ. Құжаттар сенің Аю емес, Қоян екеніңді дәлелдеп тұр.

Осындай оқиға болған еді.

Сонымен, бұл оқиғадан алатын сабақ қандай? Оның несі сабақ дейсің, тексеру комиссиясында барлық Арыстандарың орнына тек Есектер бекітіліп келген болатын.

Аркадий Райкин

Аударған Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

1 пікір