Жексенбі, 12 Мамыр 2024
1429 0 пікір 5 Шілде, 2021 сағат 13:37

Тәуелсіздік тарихы: Ұлыларды ұлықтау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала жазды. Мақалада ел басшысы Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту мен тарихи тұлғаларды, оқиғаларды насихаттау, ұлықтауға қатысты ойын білдірді. Мақаладағы ойлар сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асуда. Тарихты жас ұрпаққа насихаттаудың бірден-бір жолы, сол тарихтың болғанын еске салатын еңселі ескерткіштер.

«Астана күніне» орай Қазақстанда тарихи тұлғаларға ескерткіштер ашылды. Нұр-Сұлтан қаласында күй тарландарының бірі болған Дина Нүрпейісоваға Домбыра күніне орай арнайы ескерткіш қойылды. Бұл Динаны ұлықтау, домбыраны жас ұрпаққа дәріптеу. Ескерткіштің авторы белгілі мүсінші Бауыржан Жалын. Ескерткіштің биіктігі 5,5 метр, ал салмағы 45 тонна. Ескерткішті жасауға, монтаждауға 3 айдан астам уақыт кеткен. Бұл ұзақ еңбек пен төзімділіктің арқасында дүниеге келген туынды.

Дәл осы күні қазақ ғылымының атасы Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқа да еңселі ескерткіш Есіл бойынан қойылды. Қаныш Сәтпаев қазақ элитасының ғылыми деңгейінің шыңы борла білді. Ол халыққа жан-тәнімен қызмет етуді аға буыннан үйреніп, солардан тәрбие алды. Ескерткішті ашу барысында мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев былай деді: «Қаныш Имантайұлы Сәтпаев Өз отанын мақтан тұтпаған адам, басқа елді пұшпаққа шығару екіталай деген еді. Біздің халқымыз Қаныш Имантайұлын шыншыл, отанын сүйген өр ұлан ретінде құрметтейді. Оның атымен көшелер, қалалар аталды. Қазақстанның индустриализациясы дәуірінде құрылған Қазақ тау-кен институтының бүгінде Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті деп аталуы үлкен құрметтің белгісі. Ұлы ғалымға тағы бір ескерткіш орната отырып, біздің халқымыз ұлы баласына ерекше бір құрметті тағы да көрсетуде».

Қазақты дараландырған Дина мен ұлы ғалым Қаныштай зиялылардан бөлек, Алаш үшін күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған Алаш арыстарына да еңселі ескерткіш қойылды. Алаш зиялылары Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханға қойылған ескерткішті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таныстырды.

«Әлихан – мемлекет қайраткері, Алашорда үкіметін басқарған тұлға. Ахмет- әйгілі педагог, ұлттың рухани ұстазы бола білген жан. Міржақып – талантты жазушы, әйгілі «Оян қазақ» өлеңінің авторы, алғашқы романды жазған дүлдүл. Олардың барлығы да ұлы тарихи тұлғалар. Бұл ескерткіш – Алаш қозғалысының барлық батырларына деген құрметтің көрінісі», - деді президент.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1943
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2180
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1797
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1535