Жексенбі, 25 Шілде 2021
1192 2 пікір 19 Шілде, 2021 сағат 12:25

Қазақ қызы «Славян базары» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық әнші Рухия Байдүкен Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Славян базары» байқауының бас жүлдесін қазақстандық әнші Рухия Байдүкенге байқаудың қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыстады. Байқаудың жабылу салтанатында Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Рухия Байдүкен 1998 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Эстрада және вокал» мамандығында оқиды. Оның дауысы төрт жарым октаваға жетеді.

Айта кетейік, «Славян базары» байқауы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. 2015 жылы Димаш Құдайберген, ал 2019 жылы – Әділхан Макин Қазақстан атынан қатысып, бас жүлде иеленген еді.

Abai.kz

2 пікір