Жексенбі, 25 Шілде 2021
Билік 2976 5 пікір 17 Шілде, 2021 сағат 14:59

«Вакцина паспортын сатып алу – реанимацияға «жолдама» сатып алумен бірдей»

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты. Ведомство басшысы адамдарды өз өмірлеріне балта шаппауды ескертті.

Оның айтуынша, вакцина салдырған адам вирус жұқтырып алған күннің өзінде екпе алмаған науқастарға қарағанда көп жағдайда ауруды жеңіл өткізеді. Ал заңнаманы бұзып, құжат сатып алу – өзіңнің ғана емес, айналаңдағылардың денсаулығына да қауіп төндіру екендігін алға тартты.

- Жалған вакцинациялау құжатын жасатып, сатып алу – ең аз дегенде реанимацияға жолдама алумен бірдей деп айтар едім. Сондықтан мемлекет тегін қорғануға мүмкіндік беріп отырған кезде, жалған құжатқа ақшаңызды жұмсайтын болсаңыз, өз қолыңызбен ауыруға билет сатып алып жатырмын деп есептей беріңіз, - деді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ ведомство басшысы денсаулығыңызға зиян келтіріп қана қоймай, жалған құжат жасатқаныңыз үшін заң алдында жауап беруге тура келетіндігін ескертті. Сол үшін вакцинациялау құжатын сатып алуға шешім қабылдамас бұрын дұрыстап ойлануға шақырды.

Бұған дейін Қазақстанда пандемия жағдайында той-томалақ, өзге де бұқаралық жиындарды өткізуге рұқсат жоқтығын жазған болатынбыз.

Abai.kz

5 пікір