Сенбі, 11 Мамыр 2024
3315 3 пікір 16 Шілде, 2021 сағат 14:34

Онлайн құрбан шалу қалай іске асады?

Коронавирустың өршуіне байланысты биыл Қазақстанда құрбан шалу екі түрлі жолмен іске аспақ. Бірінші жолы қатаң санитарлық талаптарды сақтап, дәстүрлі негізде құрбан шалуды іске асырса. Екінші жолы онлайн форматта.

"Қызыл" аймақтағы құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдағы тәжірибені қолданып, qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде жүзеге асатын болады.

Сайт 15 шілдеден бастап іске қосылды. qurban2021.kz 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткендер сол аралықта тапсырыс бере алады. Ал мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін 17 шілдеден бастап сайт арқылы өтініш білдіре алады.

Құрбандық малын шалу үшін тапсырыс беру: бұл жерде тапсырыс беруші өңірді таңдап, қажет анкеталық мәліметті толтырады. Құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру (мұқтаж жандар үшін): бұл функция 17 шілдеден бастап қосылады. Құрбандық шалынғандығы туралы мәлімет: бұл фунция арқылы тапсырыс берген адам мәлімет ала алады.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Оңғар Ершаттың сөзінше, былтыр онлайн құрбан шалудың есебі WhatsApp арқылы суретін, қажет жағдайда бейнежазба жіберіп отырған. Бейнежазбада мал кімнің атынан шалынып жатқаны да атап өтілген. Биыл да онлайн тапсырыс берілген құрбандықтың шалыну барысын сайт арқылы қадағалауға болады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1931
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2108
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1749
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1528