Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3215 0 пікір 24 Мамыр, 2012 сағат 10:10

Ауыт Мұқибек. Қазақ көшi осымен тоқтаса, Кәрiм Мәсiмов екiншi Голощекин атанады

«Тенгриньюс» агенттiгiнiң 23 сәуiрдегi таратқан "Үкiмет оралмандарға арналған квотаны белгiлi мерзiмге дейiн тоқтатты... Үкiметтiң 2011 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен 2011-14 жылдары жыл сайын 10 мың отбасыға квота бөлiнетiн болған. Бiрақ үкiмет бұл қаулыны белгiлi бiр уақытқа дейiн қайтарып алды" деген хабары атамекенге жете алмай, алыста тарыдай шашырап, зарығып жүрген қандастарымыздың төбесiнен жай түсiрдi.

Соңғы бес-алты жылдың көлемiнде қазақ көшiнiң қарқыны тым баяулап қалғаны баршаға аян. Тiптi тоқтап қалды десек те артық айт­қандық емес. Басқаны қой­ғанда, өткен жы­лы осы бөлiн­ген квотаның 36 пайызы ғана игерiлгенi - соның айғағы.

«Тенгриньюс» агенттiгiнiң 23 сәуiрдегi таратқан "Үкiмет оралмандарға арналған квотаны белгiлi мерзiмге дейiн тоқтатты... Үкiметтiң 2011 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен 2011-14 жылдары жыл сайын 10 мың отбасыға квота бөлiнетiн болған. Бiрақ үкiмет бұл қаулыны белгiлi бiр уақытқа дейiн қайтарып алды" деген хабары атамекенге жете алмай, алыста тарыдай шашырап, зарығып жүрген қандастарымыздың төбесiнен жай түсiрдi.

Соңғы бес-алты жылдың көлемiнде қазақ көшiнiң қарқыны тым баяулап қалғаны баршаға аян. Тiптi тоқтап қалды десек те артық айт­қандық емес. Басқаны қой­ғанда, өткен жы­лы осы бөлiн­ген квотаның 36 пайызы ғана игерiлгенi - соның айғағы.

Қазiр өз қандастарын Отанына шақырып отырған үш елдiң бiрi Қазақстан еке­нi, әрине шындық. Соның арқасында бiр милионға таяу қазақ елiмiзге көшiп келiп қоныстанды. Бастапқыда оларға тiптi баспана да, квота да, жер де берiлдi. Бiрақ бес мил­лион қара көздiң жәудi­реп әлi де шет жерде жүрге­нiн ескерсек, бұл аса мақтана қоятын шаруа емес. Оның үстiне бұл бiр миллион елiмiз тәуелсiздiгiн жариялаған сәттен бастап, 2000 жылға дейiн негiзiнен келiп болған. Ол кездегi Қазақстанның жағдайын қазiргi "Жұмыссыздық деңгейi 7-ден 5,4 па­йызға дейiн төмендеген, халықтың әл-ауқатының жаһандық рейтин­гiн­де әлемдегi алғашқы 50 мемлекеттiң қа­тарына енген, жан басына шаққандағы IЖӨ көлемi 10 мың доллардан астамды құ­райтын, ал 2015 жылға қарай 15 мың долларға жетудi жоспарлап отырған, бүгiнде осы көрсеткiш бойынша, басқа көршiлерiмiздi айтпағанның өзiнде, Украинадан 2 еседен астамға асып түскен, Шығыс Еуропаның бiрқатар елдерi­нiң алдында тұрған" (Н.Назарбаевтың сөзi) Қазақстанмен мүлде салыстыруға кел­мейдi. Осындай орасан зор дамушылық кезiнде Кәрiм Мәсiмов үкiметi­нiң қандастарымызға арналған тиын-тебендi қысқартуы ақыл­ға сыймайды. Бiр қарағанда жиырма жыл аз уақыт емес. Басқаны қойғанда Қазақ көшiне арнап бiр бағдарлама жасауға әбден жететiн мез­гiл. Көшi-қонға арналып арнайы жасалған "Нұрлы-көш" бағдарламасына қандастарымыздың артқан үмiтi зор-ақ едi. Үш жыл өтпей жатып одан да ши шықты. «Есеп комитетiнiң төрағасы Омархан Өксiкбаев келтiрген деректерiне қарағанда, бағдарламаның орындалуы iс жүзiнде фрагментарлық сипат алып отыр. Оның аясындағы шараларын iске асыру барысында тиiстi мониторинг және ведомствоаралық өзара iс-қимыл ұйымдастырылмаған. 21 iс-шараның 9-ы орындалып, 3-еуi орындалмаған, 9 iс-шара iшiнара, кешiктiрiлiп және сапасыз атқарылған. Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында 138 екi пәтерлiк тұрғын үй төменгi сапамен салынған. Бос тұр­ған құны 51,6 млн. тең­гелiк 18 пәтер тұруға жарамсыз, жөндеу жұмыстарын қажет етедi. Солтүстiк Қазақстан облысында құны 42,0 млн. теңгеден астам соманы құ­рай­тын бiр пәтерлiк 10 тұрғын үйдiң құрылысы аяқталмай қалған. Маңғыстау облысының Құрық ауылында берiл­ген үйлердiң 22-сi уақытша кесте бойынша ақылы тасымалды суды пайдалануда. Бұдан бөлек, салынған тұр­ғын үйлердiң өз бағытты орнына пайдаланылмай отыр­ғандығы фактiлерi анықтал­ған. Мәселен, Ақмола облысында заңды және жеке тұл­ғаларға құны 100,0 млн. теңгеден асатын 34 пәтер жалға берiлген, Маңғыстау облысында бағдарлама шеңберiн­де салынған тұрғын үйлер әкiмшiлiк мұқтаждықтар үшiн тапсырылған. Еңбекке араласу дәрежесiнiң төмендiгiнен оралмандар "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ-мен жасасқан 1760 шартының 1553-i бүгiнде 1222,7 млн.теңге қарызымен проблемалық мәселеге айналды" дейдi 18 мамыр күнгi мәлiметiнде ҚазАқпарат.

Бұл түйткiлдер сол "Нұрлы көш" бағдарламасы атқарылысмен-ақ БАҚ-та жазыла бастаған.

Атқарушы органдардың осындай орны толмас кемшi­лiктерi бола тұра, билiк бәрiн жылы жауып тастауға, естi­мес­ке, көрмеске тырысты. Араздықты осындай әдiлет­сiздiктер тудырады. Оған алыстан арып-ашып келген қандастарымыздың қынжылғаны, орынсыз жұмсалған қар­жыға қамыққаны, пiкiр айт­­қаны, дабыл қаққаны шын. Билiк басындағы қазақ тiлiне шорқақ, ұлттық санадан мақұрым, мемлекеттiк мүддеден гөрi өздерiнiң құлқынын көбiрек көздейтiн, қазақтың үлес санының артуын қаламайтын белгiлi топқа бұл "айғай-шу" таптырмас орай болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Бiздiң елiмiз - жас, жерiмiз - ұлан-ғайыр, хал­қымыздың саны болса - көп емес. Сондықтан елбасы ретiнде елiмнiң болашағын ойлап алаңдаймын" деген сөзiне пысқырып та қарамас­тан, қайта шеттен келген қазақтарды елбасыға тойымсыз, ашқарақ, арызқой, дау-дамайы көп тобыр ретiнде көрсетуге, жағымсыз жағынан жарнамалауға тырысып бақты. Тiптi Жаңаөзен оқиға­сын да осы бейкүнә ағайындарға жапқысы келдi. В.Путин "заңсыз иммигранттардың жолын кесетiнiн, келесi жылдан бастап Ресейде жұ­мыс iстегiсi келетiн ше­тел­дiк­терге орыс тiлi мен әде­биетi және тарихынан сынақ тапсыртатынын" айтып жатса, бiздiң үкiмет қазақ көшiн қаңтарып қойып, кезiнде тарихи отандарына көшiп кеткен, қазақ тiлiнен жұрдай өзге ұлт өкiлдерiн елiмiзге шақырып әлекке түстi. "Қазақстан", "Хабар" арналары мен "Егемен Қазақстан" гәзетi өз отанына, ұлтына опа қылмай, мұнда көшiп келген сол қауымды жерден жетi қоян тапқандай қуанып, жер-көкке сыйғызбай мақтап, жалпақ жұртқа жария етiп жатыр.

Биыл өткен ғасырдағы қолдан жасалған аштықтың 80 жылдығын еске түсiруге, шынайы бағасын беруге елбасы тапсырма бердi.

Күнделiктi баспасөз сол нәубеттiң астарын ашып, кi­нәлi адамдардың, оның iшiн­де Сталин мен Голоще­киннiң атын ерекше атап жатыр. Жұрт оларға жаппай лағынет айтуда.

Қазақ - саны жағынан әлемде аса көп емес ұлт. Тә­уелсiздiк алғанына небәрi жиырма жыл. Соған дейiн оның көрмеген азабы жоқ, тағдырдың талай тарғалаңына түстi. Өткен ғасырда халқымыздың төрт миллионы жойылып кеттi. Қысқасы, "мың өлiп, мың тiрiлдiк". Қолымыз азаттыққа жеттi дегенi­мiзбен, ұлтымыздың үштен бiр бөлiгi әлi де шет жайлап, қиыр қонып шегара сыртында жүр. Олардың жағдайы күн санап қиындап барады. Бұрын қыл үстiнде тұр деушi едiк, ендi одан да ары ауып бара жатқан сыңайлы. Демек, өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы сол қасiрет, ащы да болса айтайын, ендi шеттегi бес миллион қазақтың басына төнiп келедi. Аштықтан емес, әрине, ұлттық болмысынан айырылып, өзге жұртқа жұтылып бар жатқандығынан. Осы бетi кете бере­тiн болса, Құдай оның бетiн ары қылсын, ендi 20-30 жылда, Мұхтар Шахановтың тiлi­мен айтсақ, сол қазақтардың тек "мордасы" ғана қалады. Одан кейiн оны әкелдiң не, әкелмедiң не - бәрi бос сөз.

Бiрақ тарих ондайды ке­шiр­мейдi. Күндердiң күнiнде, қазiргiдей сексен жыл емес, мөлшермен бiр 40-50 жылдың айналасында ол қазақтардың да бүгiнгiдей iздеу­шiсi, жоқтаушысы шығып, себеп-салдарын анықтайды. Сол кезде бас күнәһар болып кешендi бағдарлама жасамаған, квотасын тоқтатып, жолын кескен осы Қазақстан үкiметi шыға келедi сопаң етiп. Аштықтан қырылды не, тiлiнен, дiнiнен, дiлiнен ажырап басқа бiр дүбәраға айналды не-бәрi бiр емес пе?!

Қазақ көшiн тоқтату, кейiнге сыру - ұлтқа жасал­ған қиянат, Отанға жасаған опасыздық!

Тәуелсiз мемлекетi, оның ұшан-теңiз байлығы мен ұлан-байтақ жерi бола тұрып, ай­дың-күннiң аманында жалпы қазақтың жартысына жуығынан осылайша тiрiдей айырылған сол үкiметтiң басшысы мына жүрген Кәрiм Қажымханұлы Мәсiмов әкаңыз екiншi Филипп Исаевич Голощекин аталады. "Мен аз жасаған жоқпын, соның iшiнде бiр байқағаным, түйгенiм, кө­рiп-бiл­генiм, өз ұлтына қарсы шыққандардың көгергенiн көрген емеспiн. Бәрi де азаппен, ит қорлықта өлдi. Өздерi ғана емес, ұрпақтары да азып-тозып, иттен қадiрсiз боп қаңғып кеттi..." деген болатын Рахманқұл Бердiбай мар­құм. Дәл соның аяғын құ­шады. Келесi ұрпақтың санасы барлары тiрi болса, өзiне, өлсе, моласына қарғыс айтады.

 

***

Көшi-қонға арналып арнайы жасалған "Нұрлы-көш" бағдарламасы үш жыл ғана өмiр сүрiп, жұмысын тоқтатты. Ендi оның көшiп келген халықты әбiгерге салған былық-шылығы шығып жатыр. Оған бола өз ағайындарымызды кiнәламайық. Егер шынымен де қандастарымызды көшiрiп алуға Қазақстанда қаржы жетпесе, онда бас­қаша бiр әдiс-амал ойлап табуға болады. Алысқа бармай-ақ, өзiмiздi теңестiрiп айта беретiн Израйль мен Германияның тәсiлiне жүгiн­сек, жетiп жатыр. Елiмiзге қайта көшiп келiп жатқан еврейлер мен немiстер қанша жамандағанымен, бұл екi мемлекет көшi-қон саясатын баяғыда-ақ кемелдендiрiп алған. Қадiрiн бiлмей, үйлесе алмай жүрген "сәбеттiк" тәр­бие етiнен өтiп, сүйегiне сi­ңiп кеткен Қазақстаннан кеткен қуаяқтардың өзi. Әлемдi алақанында ұстап отырған еврейлер мен немiс­тер өз қандастарына жағдай жасамады, қырын қарады дегенге кiм сенедi.

Негiзi бұл екi ел де көшi-қонды "Ұлттық қор" арқылы қаржыландырады. Соған сай заң-түзiмдерiн, қоныстандыру бағдарламаларын тас-түйiн етiп жасаған. Еврей ұлты үшiн қасиеттi саналатын "Зион тауға қайту" идеясын теориялық тұрғыдан ең алғаш жан-жақтылы дәлелдеп, негiздеп берген Германиялық философ, еврейлердiң ең алғашқы көшбасшылары Мосес Хесс (1812-1875) және кәдiмгi Карл Маркс болатын. Ұлт қамын ойлаған еврей оқығандары мен өзiнiң жеке байлығын ұлттық мемлекет құруға арнаған кәсiпкерле­рiнiң әлденеше ұрпағы Из­раиль мемлекетiн қалыптастыру жолында бiр ғасырға жуық осы Қорға қаржы құйып келе­дi. Соның арқасында еврейлер жоқтан бар етiп, мемлекет құрып шықты.

Демек, қазiр бiздiң елi­мiзге де осындай "Қор" ауа­дай қажет болып тұр. Оны «ит қуды, қоян қашты» дегізбей, президенттік «Қор» етіп құрған жөн. Ал қар­жылық жағына келсек, жақында "Forbes Kazakh­stan" журналы Қазақстандағы ең бай адамдарды анықтап, "Дәулеттi Қазақстан" деген атпен олардың тiзiмiн жариялады. Әзiрге жалпы саны елу адамды құрайды. Қалталылардың қатарында ел бiлетiн тұлғалармен қатар, бұрын-соңды көлеңкеде қалып келген жаңа есiмдер де бар екен. Әрине, бұл кiсiлерге ақша аспаннан жауған жоқ. Алтайдан Атырауға дейiнгi жерiмiздiң ен байлығының арқасында құралған. Мемлекетіміз олардың осылай еркін баюына даңғыл жол ашып берді. Өздерiнiң iскерлiктерiн де ешкiм жоққа шығара қоймас. Тағы бiр айта кететiнi, бұлардың көбi - осы топырақта туып-өскен өз тумаларымыз. Ендi солардың әрбiрiнiң қаржысының 0.001 пайызын ғана шотқа салып көрелiк: ең бай адамдардың басында тұрған Владимир Ким, Алиджан Ибрагимов, Рашид Сәрсенов - үшеуiнен 820 миллион доллар түседi екен. Бiр Болат Өте­мұратовтың өзiнен 1 млн 600 мың, Динара Құлыбаева мен Тимур Құлыбаевтiкiн қоса есептегенде 2 516 000 доллар болады. Ал қалған 44 кiсiден түсетiн қаржы 11 млн 606 мың долларды құрайды. Осының бәрiн қосқанда, 835 млн 722 мың АҚШ доллары болмақ. Мұны мөлшермен әр отбасына 10 мың доллардан деп есептесеңiз, 83 572 шаңырақты көшiрiп алуға кемел жетедi. Демек, Қазақстанның жылына 20 мың отбасына деп ажырататын ақшасынан 4-5 есеге таяу көп қаражат бұл.

Қайталап айтайын, бұл сома тек ауқатты деп аты аталған елу-ақ адамның байлығының небәрi 0.001 пайызы ғана. Ендi оған апарып аты аталмаған сан мыңдаған орта дәулеттiлердiкiн қосыңыз. Байлығын шетел банктерiне жасырып отырғандар мен бой тасалап, қашып жүргендер атсалысса қайтпек?! Жетпiс жетi атамызда көрмеген "көп түкiрсе, көл боладының" көкесiн сонда көремiз!

Қалай дегенмен де, өзiн нағыз қазақ, Қазақстан азаматы санайтын әрбiр азамат өз ұлтына қол ұшын беруден, қысылған кезiнде мемлекетi­не көмектесуден, табысының мыңнан бiр пайызын арнаудан қашпаса керек!

Бұл "Қорды" құрып, Сол­түс­тiк облыстардағы бос тұрған ауылдарға алыс-жақын шетелдерден көшiп келген ағайындарды бес жылға дейiн ешқайда көшпейтiн шартпен қоныстандыратын етiп, кемелдi бағдарлама жасауға президент жарлық шығарса, ұлтына, мемлекетiне жаны ашитын бiр азаматты басшы етiп қойса, қазақ көшi қандай қарқын алар едi, шiркiн! Бұл үшiн ұлтқа деген дұрыс ниет, шынайы жанашырлық керек.

Бiз - атам заманнан берi көшпендi халықпыз. Шеттегі қандастарымыздың тағдыры Қазақ елінің осы ғасырдағы қасіретіне айналып отыр. Көшпен­дi­лер үшiн Көш өркениет саналады. Ол елдiң еңсесiн кө­те­редi. Барша қауымды береке-бiрлiкке, бауырмалдыққа шақырады. Тәуелсiз ел болғанымызда кешегi бодан кезiмiздегiдей, бiр атаның екi баласы бiр-бiрiне қосыла алмай, екi елде зарығып, телмеңдеп, көрiнгенге көзтүрткi болып жүремiз бе? Онда тәуелсiздiктi не үшiн алдық!

Бұл әншейiн айта салған бос әңгiме емес, iстеймiн десе, бұл Қазақстанға қиын да шаруа емес. Жалпы, Алаш жұртын аттанысқа келтiрiп, тым құрығанда осындай бiр жолмен жүрiп көргенiмiз жөн емес пе?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 451
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 239
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 265
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 259