Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2362 0 пікір 24 Мамыр, 2012 сағат 09:28

Шамшәдин Керім: «Шетелде шәкірт оқытуды доғарып, білікті исламтанушыларды өзіміз даярлауымыз қажет»

Еліміздегі жауапты науқан - жаңа оқу жылына талапкерлер қабылдауы басталар алдында жоғары діни мамандар даярлайтан Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керімге тілшіміз жолығып, бірнеше сауалдар қойып, жауап алған еді.

- Құрметті Шамшәдин Тұрсынұлы! Сізбен «Портал қонағы» ретінде тағы да кездесудің жолы түсті. Бұл кездейсоқ емес. Шамалы күндерден кейін «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне кезекті қабылдау маусымы басталатынын білеміз. Осы ретте, қабылдау барысында биыл нендей өзгерістер мен жаңалықтар бар, қандай құжаттар тапсыруы қажет?

Еліміздегі жауапты науқан - жаңа оқу жылына талапкерлер қабылдауы басталар алдында жоғары діни мамандар даярлайтан Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керімге тілшіміз жолығып, бірнеше сауалдар қойып, жауап алған еді.

- Құрметті Шамшәдин Тұрсынұлы! Сізбен «Портал қонағы» ретінде тағы да кездесудің жолы түсті. Бұл кездейсоқ емес. Шамалы күндерден кейін «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне кезекті қабылдау маусымы басталатынын білеміз. Осы ретте, қабылдау барысында биыл нендей өзгерістер мен жаңалықтар бар, қандай құжаттар тапсыруы қажет?

- Өткен оқу жылынан бастап «Исламтану» мамандығының бакалавр бөліміне мемлекет тарапынан грант бөліне бастады. Алла қаласа, биылғы оқу жылында 100 грант бөлінбекші. Бұл гранттарды тест тәсілі емтиханымен ең жоғары балл жинаған талапкерлер иеленеді. 60-тан жоғары балл жинап грантқа қол жеткізе алмаған талапкерлер ақылы бөлімге сұхбат арқылы қабылданады. Төлемақы көлемінің ең төменгі мөлшерін ҚР Білім және ғылым министрлігі белгілейді. ЖОО осы белгіленген мөлшерден кем алуға хұқы жоқ. Былтыр бір жылдық төлем - 320 мың болып белгіленсе, биыл одан кем болмасы анық. Оқу орнына тек үкімет жыл сайын белгілеген төлемақыны 10 пайызға дейін ғана төмендетуге рұқсат етіледі. Сол себептен талапкерлерге айтар кеңесім - грантқа ілігу үшін күш салып, әрекеттенгені жөн. Біз грантқа түскендердің иманды, қабілетті, болашақ дін жұмысына баруға даяр жастар болғанын қалаймыз. Мемлекеттік тапсырыс гранттары ең алдымен мешіттерге білікті, имамдар дайындау мақсатында бөлініп отыр. Тест тәсіліндегі емтиханды ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізеді. Қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігінің ереже-талаптарына сай жүрмек.

- Талапкерлерге ерекше құлақ қағыс, қабылдау комиссиясы 20-шы маусымнан бастап өз жұмысын бастайды. «Исламтану» мамандығына құжаттарды қабылдау 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында, 2-7 шілде аралығында шығармашылық екі пәннен емтихан болады, одан соң кешендік тестке жіберіледі. Яғни, көріп отырсыздар, оқуға қабылдау үдерісі өте қысқа уақыттың ішінде өткелі отыр. Сондықтан «имам болам, «исламтану» мамандығына грантқа ілігем» дегендер осы қысқа уақытта құжаттарын тапсырып, шығармашылық емтиханнан өтпесе, үлгермейді. Ал мектепті биыл бітіргендер кешендік тестке жіберілмейді. Олардың мектепте тапсырған емтихандарындағы «Қазақстан тарихы» мен қазақ (орыс) тілінен алған балдары ескеріледі. Қабылдауға қатысты мәліметтерді мына телефондардан ала аласыздар: 8-727- 302-09-40.

- Бұған қосымша «дінтану», «араб-ағылшын», «ағылшын-араб» мамандықтарына да талапкерлер қабылданады. «Дінтану» мамандығына жоғары білімі барларға қысқартылған 2 жылдық бағдарламамен оқуға сырттай бөлімге арналған топқа қабылданады. Бұл әсіресе, жұмысынан қол үзбей «қосымша мамандық алам» деген дін қызметкерлеріне көмек болмақ. Исламтану мамандығына түсуші талапкерлерден Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО қабылдау ережесінде» көрсетілген құжаттардан тыс, наркологиялық және психотерапиялық диспансерден анықтама, сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.

Бұрынғы оқу жылдарында «шетел филологиясы», «дінтану» мамандығына магистратура бөлімі ашылып,талапкерлер қабылданып келсе, биылғы оқу жылынан бастап «Исламтану» мамандығына да магистратура бөліміне талапкерлер қабылданады. Сонымен бірге осы үш мамандыққа да докторантура бөлімі ашылып отыр. Бұйыртса, аталған мамандықтарға магистратура мен РһД докторантура үшін арнаулы грант бөлінеді деп күтіп отырмыз.

Толығырақ haq.abai.kz сайтынан оқи аласыздар

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1444
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1286
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1097