Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2532 0 пікір 23 Мамыр, 2012 сағат 07:52

Сағат Жүсіп. Қазақ һәм орыс: атаққұмарлықтың ара салмағы

Бүгінгі   атаққұмар  қазекеңе  арналған  анықтамалық  мәлімет.

862  жылдық  тарихы  бар,  тұрғындарының  саны  он  миллионнан  асатын  Мәскеу  қаласының  бүгінгі  «Құрметті азаматтарының» саны 25-ақ адам.

Бұл  атақ  осыдан 144  жыл бұрын  1866 жылы ендіріліп, 1918 жылы тоқтатылған. 1995 жылы қайтадан енгізілген. Заңы бойынша Мәскеу қаласының құрметті азаматы: қайырымдылық істерімен ерекше аты шыққан, Мәскеу қаласы үшін ерлік, батылдығымен көзге түскен, қоғамдық, мәдени, ғылым және басқа салаларында аса көрнекті табысқа қол жеткізген азаматтарға беріледі.

Мәскеудің  құрметті азаматы болу өте қиын. Депутаттар әрбір адамды  елекке салып, талқыламай  ешкімге бұл атақты бере салмайды. Атақты Мәскеу қалалық Думасы береді. Тіпті, атақты эстрада жұлдызы Алла Пугачева мен актер Вячеслав Тихоновтарды бұл атаққа ұсынған кезде депутаттар «олар Мәскеу қаласы үшін не жақсылық етті?» деп өткізбей тастаған.

1866-1917 жылдар аралығындағы 51 жыл ішінде бұл атақты бар болғаны 12-ақ адам алған.Олардың арасында князь Владимир Голицын, сурет галереясының негізін салған Павел Третьяков, атақты дәрігер Николай Пирогов сияқтылар бар.

1995-2010 жылдар аралығында бұл тізімге  13 адам қосылып, олардың ішінде композитор Г.Свиридов, балерина Г.Уланова, дәрігер В.Шумаков, Ресей патриархы  екінші Алексий бар. Мәскеу қаласының заңы бойынша  тірі жүрген  құрметті азаматтардың саны 12-ден аспауы тиіс. Қазіргі  тірі құрметті азаматтардың саны бесеу. Олардың ішінде композитор А.Пахмутова, әнші И.Кобзон бар.

Соңғы 25-нші құрметті азамат болған адам, бұрын СОКП хатшысы, оның Саяси бюросының мүшесі болған, қазіргі Мәскеу қаласының  ардагерлер кеңесінің төрағасы, соғыс ардагері, көптеген орден мен медальдің кавалері  Владимир Долгих  төңірегінде үлкен дау болып  Жеңістің 65 жылдығының  құрметіне деген соң ғана  депутаттар  оған осы атақты беруге әрең  келісіпті.

Салыстырма үшін: Қызылорда  қаласының құрметті азаматы  атағы алғаш рет 1968 жылы 24  желтоқсанда  62 жастағы Иван Курдюков пен 86 жастағы Серғазы Опалқожаевқа берілді. Олардың бүгінгі саны отыздан асады. Басым көпшілігі, соңғы 20 жыл ішінде атақ алғандар, екеуі шетел азаматы.

Тәуелсіздік  алғаннан  кейін тарихымызды  қайта жаңғырту, қайта қарауды қолға алдық.  Өшкенімізді  жағып, өлгенімізді тірілту өте қажет екені анық. Әйтсе де осы сылтаумен   ауыл, аудан, қала, облыстың құрметті, ардақты азаматы  атақтарын  ендіруге асығып, сол атақтар үшін, көше, мектеп т.б.атаулар үшін талас, тартыс, арыз-шағым, дау-жанжалдар әлсін-әлсін БАҚ бетінде жиі жарық көреді. Шынын айтсақ, солардың көпшілігінің  көкейін  тесіп  жатқан  жеке мақтаныш, атақ  құрты  екені айдай анық нәрсе.

Мұны неге жазып отырмыз? Қазақтың даңғойлығын тоқтату ма? Бұл өте қиын, тіпті орындалмайтын  нәрсе. Біздікі - пікірімізді білдіру. Пікірімізге сыпайылардың  «сенікі дұрыс» дегенді іштей айтарына, басқаларының  -  «оттай бер» деп  істерін жалғастыра береріне күмәніміз жоқ.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1401
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1233
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 989
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1065