Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2701 0 пікір 22 Мамыр, 2012 сағат 08:26

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ақын: «ЖАҢАӨЗЕН ЖАЙЛЫ НЕГЕ ЖАЗАСЫҢ?» ДЕГЕНДЕР БОЛДЫ...

- Аға, сіздің Жаңаөзен құрбандарына арналған «Қанды жұма» атты өлеңіңіз интернет арқылы жарияланысымен, «Жаса, Ұлаға!» деген қошеметке ие болғаныңызды, көпшіліктің ризашылығын алғаныңызды комментерден байқап қалдық.

- Одан кейін Жаңаөзенге арналған өлеңдерім «Жас Алаш» газетінің 15 наурыз күнгі нөміріне де бір бет болып басылған. Маңғыстау облысында газеттің сол өлеңдерім басылған беті ксерокөшірме арқылы көбейтіліп, барлық мәслихат депутаттарына таратылыпты деп естідім... Олар менің Жаңаөзен туралы жазған өлеңдерімнің бір жартысы ғана. «Жазушы» баспасы шығарып жатқан жинаққа толығырақ кірді. «Қанды жұманы» жақында «Дат» газеті көшіріп басыпты.

-  Бір газеттен бір газет көшіріп басты деп отырсыз. Бұл нені білдіреді?

- Шындықты айтқан өлеңге деген сұраныстың белгісі шығар. Менің әлгі өлеңдерім шығысымен жан-жақтан телефон шалушылар көбейіп кетті. Іздеп келіп, қолымды алғандар да баршылық. Интернет арқылы, хат арқылы ризашылығын білдіріп, рахмет айтып, қолдағандар аз болмады. Бұрнағы күні, мәселен, жақын танымайтын орыс тілді жазушы Берік Жылқыбаев телефонмен жылы лебіз білдірсе, кеше Ғабит Мүсіреповтың досы, Социалистік Еңбек Ері, қарт майдангер, атақты Бошай Кітапбаев ағамыз үйге телефон шалып, автожауапбергіш арқылы хабарлама қалдырған екен. Ол кісі де өзінің ризашылығын айтып, алғысын жаудырып жатыр...

- Біз «өлең оқылмайды», «әдебиеттің заманы өтіп барады» деп жүрміз, шын мәнінде халық өз сөзін сөйлеп, өлеңмен дем беретін ақындар жырына сусап отырған болып шықты ғой?.. Өлең оқылмайтыны ақындарымыздың уақыт талабына сай сөз айта білмеуінен болып тұр ғой, солай ма?

- Мен «уақыт талабына сай сөйлейін» деп мақсат еткен жоқпын. Немесе біреулерді қайрап, намысын жанып, бас көтертейін деген де ойым болған жоқ. Сол тұста Жаңаөзендегі қантөгістерді теледидар мен интернеттен көрген сайын жаным түршігіп, біресе тамағыма бірдеңе тығылып, біресе ашу-ыза бойыма сыймады. Көңіл алаң болып, асау сезім биледі.  Көптен бері өлең жазбай жүр едім, содан әйтеуір бұрқырап жазылып кетті. Эмоцияға ерік беріп, ағыл-тегіл бір апта өлең жаздым.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1945
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2189
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1807
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1539