Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2223 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 11:23

59 динамолық спортшы Олимпиада ойындарына қатысу жолдамасын ұтып алды

Қазіргі күнге дейін 59 динамолық спортшы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды. Алдағы уақытта олардың саны әлі де ұлғаятыны сөзсіз. Өйткені, көп ұзамай онда баратын жеңіл атлеттеріміздің де есімдері белгілі болмақ.

«Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының спорт басқармасының басшысы Николай Князевтың айтуынша, биылғы жарыста «динамолықтардың»  алтын алқаны ұтып алу әлеуеті жоғары.

- «Динамолықтар» алға қойған мақсатқа жетіп, жоспарды орындады деуге болады. Өйткені қазіргі уақытқа дейін 59 спортшымызда екі айдан кейін күллі әлем халқы назарын салатын Олимпиада ойындарына жолдама бар. Жалпы ауыр атлеттеріміз бен басқа да спорт түрлерінен өнер көрсететін спортшыларымыздан зор үміт күтеміз. Сонымен қатар биылғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларымыз пәрменділігі жағынан өткен ойындарға қатысушыларға қарағанда анағұрлым жоғары», -дейді Н. Князев.

2008 жылы Бейжіңде өткен ХХІХ Олимпиада ойындарына 63 динамолық қатысып, спорттың 14 түрінен сынға түскен болатын. Нәтижесінде 11 динамолық спортшы жеңіспен оралды. Яғни, 2 алтын, 4 күміс және 5 қола медальды ұтып алған. Олардың ішінде ҚР ҰҚК БД аға лейтенанты Илья Ильин (ауыр атлет), ҚР ІІМ ІӘ лейтенанты Бахыт Сәрсекбаев (бокс) алтын алқаны ұтып алса,  Ирина Некрасова (ауыр атлет), Таймураз Тигиев (еркін күрес), Анна Важенина (ауыр атлет), ҚР ҰҚК БД лейтенанты Асхат Жіткеев (дзюдо) күміс медальды ұтып алған болатын. Сонымен қатар Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі), Әсет Мамбетов (грек-рим күресі), полиция лейтенанты Мария Грабовецкая (ауыр атлет), Марид Муталимов (еркін күрес), Арман Шылманов (таэквондо) қола медальға қол жеткізген болатын.

Сондай-ақ жақсы өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына қол созымдай жер қалғанда сүрінген спортшыларымызды да атап өтуді жөн көрдік. Көркем гимнастикадан Әлия Юсупова, әйелдер арасындағы еркін күрестен Татьяна Бакатюк, дзюдодан Шолпан Қалиева, ауыр атлетикадан Бахыт Ахметов және Владимир Седов, бокстан Руслан Мырсатаев, грек-рим үресінен Дархан Баяхметовтер 5 орынға табан тіреген болатын.

Қазақстан өзі дербес ел ретінде Олимпиада ойындарына қатыса бастағалы жүлдемен оралатын «динамолықтардың» саны әр ойын сайын өсіп келеді. Биылғы ХХХ Олимпиада ойындарында да спортшыларымыз ел мерейін асқақтады деген сенімдеміз.

Әділет Мұсахаев

«Динамо» ДШСҚ

баспасөз қызметінің жетекшісі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2184
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2496
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679