Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Коронавирус 2847 5 пікір 6 Шілде, 2021 сағат 09:30

Екпе - ұжымдық иммунитет қалыптастырады

Кононовирустан сақтану жайлы жаттанды жарнамалар көгілдір экран мен радиодан  күнделікті бірнеше рет қайталанып  жатады. Оның ең тиімді жолы екпе салдыру екені белгілі. Еліміздің азаматтарына екпе салдыру жайлы жарнамада  айтылатын: " ол әркімнің өз еркінде" деп мәймөңкөлеу ұнамайды. Ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін ересек тұрғындардың 70 пайызына салыну керек.  Ресейлік Спутник V, отандық Kazvakпен қатар, араб елінде шығарылған Sinopharm Hayalvax  екпелер елімізде қолданылып жатқанына үш айдан асса да олардың екі дозасын салдырғандар саны 2 милионнан,  толық жасатқандар 3 милионнан  жаңа асты, демек ересек тұрғындардың 25 пайызына жете қоймады. Ұлыбритания мен АҚШ  бір екі айдың ішінде ондаған миллион тұрғындары екпе салып үлгерді, қазір олардың саны ұжымдық иммунитет қалыптасатын  деңгейге жетті.

Енді халықты вакцина салдыруға қызықтыру үшін неше түрлі айла шарғыға барып жатырмыз. Мәселен Елордада пәтер ұтып алу мүмкіндігі, Алматыда туристік жолдама т.с.с. Сайып келгенде екпе жасату әр саналы азаматтың міндеті емес пе? Жасым сексенге тақаса да осыдан бір екі ай бұрын Спутниктің екі екпесін салдырдым.

Менің ойымша денсаулығында кінарат болмаса халыққа қызмет көрсететін орталықтар мен мекеме қызметкерлері, атап айтқанда дәрігерлер мен мұғалімдер, полицейлер мен мемлекет шенеуніктері, сауда орындары мен мейрамхана, кафе, асхана  қызметкерлері, қоғамдық көлік жүргізушілер, жоғары және орталау білім  беретін университет және колледж оқытушылары  мен студенттер мен міндетті түрде вакцина салдыруы керек. Келешекте жоғарғы сынып оқушыларына да екпе салдыру қажет, шетелдерде бұл бағытта ізденістер жүргізіліп жатыр.

Бір ескеретін мәселе, екпенің тиімсіздігі жайлы жалған ақпараттарға аса мән бермеу немесе сенбеу керек. Мәселен ресми ақпаратта Спутник V- нің тиімділігі 95 -98 пайыз  болса, демек бір мың екпе салдырған адамның 20-50 кеселге шалдығуы мүмкін. Уыттылығы аса жоғары дельта штамына оның тиімділігі  90 % екені анықталып отыр .  Екпе салдырғаннан  қайтыс болғандар жайлы естімедім,  ковидпен, вирусты пневмониядан соңғы күндері тәулігіне 15-20 науқас қайтыс болуда. Вирустың  дельта штамы Үндістаннан шықаннын ескерсек, ол жоғарғы температураға бейімделген, шілде мен тамыз айларында індет өрши түсуі мүмкін. Жалпы вирус адам ағзасына еніп, сонда көбейетіндіктен  ауаның температурасына аса тәуелді емес.

Елімізде вирустың дельта штамының таралуына байланысты қатер арта түсуде.  Маусымда бір тәулікте  ауруға шалдыққандар саны екі мыңнан асты.  Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау мен Батыс Қазақстан  мен Қарағанды облыстары, Республика  қызыл аймаққа енді. Індеттің өршуіне халқымыздың салғырттығы, қарапайым сақтық шараларының сақталмай, өрескел бұзылуы да өз әсерін тигізіп отыр. Егер қыс пен көктем айларында қоғамдық көлікте бетперде тақпаған бірен саран адамдар кездесетін болса, соңғы кезде үштің бірі, көбінесе жастар,  қорғаныс құралын пайдаланбайтынын байқаймын.

Той- томалақ пен ас беру рәсімдері де көбейіп кетті.  Жақында менің бір танысым Алматы қаласының күншығысында Құлжа автокөлік жолына  жақын орналасқан мейрамханаларда өткен  екі үйлену тойында болғанын,  әрқайсысына екі жүзден аса адам жиналғанын айтты.  Той жасаушылар  қаладан 250 шақырым жердегі Кеген тұрғындары екен. Мейрамхана иелері жасырыну тәсілдерін жақсы игерген.  Тойға келушілердің көліктерін жасыратын арнайы орын бар көрінеді, мейрамхана терезелері толықтай тұмшаланған.   Бірінші той сағат бесте басталуға тиіс екен, ораза кезінде болғандықтан тойшыл қауым сегізде әрең жиылып, түнгі сағат бірде тарапты. Екінші тойдан  танысым ертерек, сағат он кезінде қайтыпты,  сыртқа  шығу үшін  қызметшілер екі үш үлкен қақпаның құлпысын ашып, шығарып салыпты.

Мұрат Қойшыбаев 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1430
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1270
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1030
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1084