Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2196 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 11:13

Қош келдің, GASTARBEITER!

Мәселен, Америкада барлығы тіркеуде. Елге 30 адамнан тұратын туристер тобы келді дейік. Олардың жолдамасы 6 күнге дейін. Бір аптадан кейін 30-ы да елден кету керек. Ал бізде шығыстан 30 адам келсе, 5-еуі ғана қайта шығады. Қалған 25-і қайда? Сосын елді шарлап солардың артынан қуамыз да жүреміз», - деп шамданды. Сенатор сондай-ақ біртұтас миграциялық қызмет заңсыз және жасанды төлқұжаттың жолын бөгейтініне сенімді. Шынында да, Қасымовтың қабақ шытатын жөні бар. Әсіресе, күн жылынғаннан бері қаланың қай бұрышынан да көретінің - күйбең тірлік, қызу құрылыс. Құрылыс жұмыстарының жүргені жақсы ғой. Қазаққа «екі қолға - бір күрек» табылады деп қуанамыз. Алайда, қара жұмыстың көрігін басқалар қыздырып жатқаны жанға батады екен. Иә, қазір келімсектердің дәурені жүріп тұр. «Жатқа тізгін бермеңіз, жаламенен бас кетер», - деген Бұқар жырау. Алайда, жат жолының жабылатын түрі көрінбейді. Осыған орай біз нәпақа үшін ел асып келген мигранттар жайлы жазбаққа бекіндік.

Жалдамалы жұмысшы

Мәселен, Америкада барлығы тіркеуде. Елге 30 адамнан тұратын туристер тобы келді дейік. Олардың жолдамасы 6 күнге дейін. Бір аптадан кейін 30-ы да елден кету керек. Ал бізде шығыстан 30 адам келсе, 5-еуі ғана қайта шығады. Қалған 25-і қайда? Сосын елді шарлап солардың артынан қуамыз да жүреміз», - деп шамданды. Сенатор сондай-ақ біртұтас миграциялық қызмет заңсыз және жасанды төлқұжаттың жолын бөгейтініне сенімді. Шынында да, Қасымовтың қабақ шытатын жөні бар. Әсіресе, күн жылынғаннан бері қаланың қай бұрышынан да көретінің - күйбең тірлік, қызу құрылыс. Құрылыс жұмыстарының жүргені жақсы ғой. Қазаққа «екі қолға - бір күрек» табылады деп қуанамыз. Алайда, қара жұмыстың көрігін басқалар қыздырып жатқаны жанға батады екен. Иә, қазір келімсектердің дәурені жүріп тұр. «Жатқа тізгін бермеңіз, жаламенен бас кетер», - деген Бұқар жырау. Алайда, жат жолының жабылатын түрі көрінбейді. Осыған орай біз нәпақа үшін ел асып келген мигранттар жайлы жазбаққа бекіндік.

Жалдамалы жұмысшы

Алматы жылдан-жылға «семіріп» барады. Олай дейтініміз - қаланың айналасы қаптаған құрылыс. Сондай бір құрылыс алаңынан Бобожонды жолықтырып қалдық. Мұндағылар оны - Боря деп атайды (мигранттардың басқа жұрттан айырмашылығы, екі есімі болады). Жас шамасы - отыз-отыз бестің маңы. Өзбекстан азаматы екен. Салып жатқандары - бір қалталының үш қабатты үйі. Жұмыстың басталғанына айдан асыпты. «Бұйырса, жаз шықпай өткіземіз», - деді Боря. Өзі білдей бригадир. Содан ба, шыбық сындырмайды. Қарауында оншақты «қызметкер» бар. Бәрі де өзбек бозбалалары. Боря бізбен сөйлесуге зорға келісім берді. «Көші-қондарыңа айтпаңызшы», - деп өлердегі сөзін айтқан соң, тірлігі жайлы тіс жармауға қол берістік. Сөйтсек, Көші-қон полициясынан иманы ұшуының да себебі бар екен. 2009 жылы құрыққа түсіп, әзер құтылыпты. Сол кезде: «Енді көрмегенім Қазақстан болсын!» - дегенімен қу тіршілік қайтадан сүрең жолға салып жіберген.
Құрылыс алаңына жақындадық. Жігіттер жұмысқа жұмыла кіріскен. Барлығы бес адам. Бастығы - Боря-Бобожон. Қызметі үшін айына 45 мың теңге «айлық» алады екен. Қалған төртеуі 20 мыңды қанағат тұтады. «Сіздерге бұл аз көрінгенмен, Өзбекстанда 20 мыңмен жарты жыл өмір сүруге болады. Сол үшін оларды ақша тапсын деп алып келдім, барлығы да - өзімнің туыстарым», - дейді бригадир. Айтуынша, өзінің де, «туыстарының» да құжаты қожайынның қалтасында. «Құрылыс біткен соң, құжатты қайтарады. Жақында құрылыс материалдары таусылғасын, құжатымызды уақытша алып, бір апта «отпускде» болдық. Елге барып, 1 мамырды тойлап қайттық. Енді күзге дейін көріспейтін шығармыз», - деді тағы да.
Боряның елімізді айналшықтағанына 4 жылға жуықтапты. Бастапқыда жалғыз келгенімен, теңгенің тәтті дәмін сезген соң, бауырларының басын жинауды ұйғарыпты. Бригадирден шекарадан қайтіп өтетіндігін, жұмысты қалай оңай табатындығын сұрадық. «Ой, қазір ақшаң болса, шешілмейтін шаруа жоқ қой. Шекарада өзіміздің бауырлар бар. Құрылысты да тауып беретін адамдар бар. Оларға тиісті «процентін» төлейміз, болды», - деді сырын ашып. Бригадир: «Біздікі қайта жақсы ғой, таза жұмыс. Анау темекі, мақта жинап жан бағатын бауырларымыз бар Өзбекстаннан келген. Олға қарағанда, біздің жұмыс - коммунизм», - деп қосып қойды.
Боря бізді салынып жатқан үйдің екінші қабатына алып келді. Есік-терезесі әлі салына қоймаған «бөлмеге» кірдік. «Бұл біздің «спальный», бесеуіміз осында жатамыз», - деп таныстырып жатыр. Бөлмеде бары - екі-ақ ескі диван. Соған қарағанда, қалғандары жерде жататын болуы керек. «Ал асхана қайда?» - дедім қызығыңқырап кетіп. Ол біздің бірінші қабаттың тар бөлмесіне алып келді. Тоққа тікелей жалғанған плиткаға бір жігіт иісін бұрқыратып тұрып тамақ жасап жатыр... Бұл жерден байқағанымыз, мұнда тазалық талабы, еңбек шарты дегендердің бірі сақталмайды екен. Араларында он алтыдағы бозбала да бар. Яғни кәмелетке толмаған.
«Жылдағы тіршілігіміз - осы. Күн жылынса болды, бала-шағамызды қалдырып, осында беземіз. Тапқан-таянғанымызды үйімізге тасимыз», - деді ол. Мына тірліктеріне қарап, жалдамалы жұмысшыларға іштей аяушылық танытқанымыз рас. Алайда, ресми статистикаға жүгінсек, олардың бізді аяп жатқан түрі көрінбейді. Нақтырақ айтқанда, қазақ жеріне қаптаған «қонақтар» ІЖӨ-нің 32 пайызын елдеріне дорбалап кететін көрінеді. Иә, Алматыда гастарбайтердің неше атасы бар. Өзбек, тәжік, қырғыз, тіпті тұқияндағы түрік те осында. Біреулері - құрылыстың «құлы» болып, енді бірі - шаруашылықпен шұғылданып «мал» тауып жатыр. Әйтеуір, табаны тозғанша ертелі-кеш еңбек етеді. Ал біз жалқаулықтан ба, өз жұмысымызды өзіміз жасай алмай жатырмыз. Оларға керегі де - осы. Бір қазақты жұмыссыз қалдырып, қаржыны өз еліне құю. Өкінішке қарай, мұны ұғынып жатқан жатқан қара жоқ.

Мигранттың мұңы

Алғашында неміс экономикасына «қолғабыс» жасау ниетімен басталған гастарбайтерлер көші қазір бүкіл әлемге жайылды. Ал Қазақ даласына гастарбайтер «экспорты» Ресей арқылы құйылды. Соның ішінде, өзбек, тәжік, қырғыз ағайындар біздің елге құмырсқаша ағылды. Сан соқтырарлық жағдайға душар етті. Бүкіләлемдік банк таратқан мына ақпаратқа қараңыз. Қазақстан 2007 жылы «шақырусыз қонақтарды» қабылдаудан Орта Азияда 1-орынды олжалапты. Ал әлем бойынша 9-орынға тұрақтаған. Осыдан бес жыл бұрын ТМД елдерінен келген 164 586 заңсыз мигрантқа есігімізді айқара ашып, 230 миллион долларды қалтасына басыппыз. Осы жағдай сеп болды ма, биліктегілер мигранттарға бөлінетін квотаны шорт қысқартты. Алайда, батпан құйрыққа қызыққан келімсектердің жолы мұнымен кесілетін емес.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, елімізде жыл сайын 18-20 мың мигрант заңбұзушылыққа ұрынады екен. Қалтасы қалыңдаған олар жұмыс жасаудан бөлек жат қылықтарға барып жатыр. Елімізге еркін кіргендер енді түрлі ерлік көрсетіп, қылмысқа да «қолтаңба» қалдыратынды шығарды. Мәселен, Атыраудағы байрақпен қоқыс тасығандар гастарбайтерлер екен деген дерек бар. Ақтауда дағыстандық келімсектер пәтер тонаумен айналысқан. Алматы облысының Есік қаласында өзбекстандық кірме қолын қанға бояды. «Асыңды ішіп, басыңнан тепті» деген осы шығар.


Қылмыскер қонақ

Шетелден келген тағы бір мигрант - Манап. Шын есімі - Монадбой. Тәжіктің тумасы. Бұрын бір қаланың білдей дәрігері болған. Қазір Алматының көшесін сыпырады. Сондағы күніне табатыны - 800 теңге. «Жерде жатқан ақша жоқ, осы табысымызға да шүкір. Күніне 300 теңгені тамағыма жұмсаймын, 500 теңгеден жинап отырамын. Сонда айына 15 мың теңге жиналады. Тәжікстанда «мен дегендердің» өзі айына 50 доллар табады. Ал менің табысым олардан үш есе жоғары. Сондықтан, Қазақстанға ризамын», - дейді ол. Айтуынша, елінде жүргенде бір әкімқара күн көрсетпепті. Себебі, дәрігер оның бауырын ажалдан арашалай алмай қалған. Сол үшін қазаға Монадбойды кінәлі деп тауып, абақтыға айдамақ болыпты. Амалы қалмаған ол шекара асып, осында келген. Арада төрт жыл өткенде ғана отбасын көріпті. Абыр-сабыр басылған көрінеді. Алайда, осы жерге «бауыр басып» қалған экс-дәрігер бұрынғы қызметіне қайта барғысы келмейді.
«Жұмыс таңғы бесте басталады. Тек көшені тазалап қана қоймай, қоқыстарды да тазалаймын. Су арықтарын ашамын. Әйтеуір жұмыс көп қой. Содан қас қарайғанға дейін тыным таппаймын. Мұнда заңсыз келгендіктен, қызмет табу қиын. Жұмыс беруші - жақсы азамат. Бізге түсіністікпен қарайды. Ғимараттардың жертөлелерін паналайтынымыз болмаса, бәрі жақсы», - деп жымиды қырықтың үшеуіне келген тәжік азаматы.
Манаптан «жаңа» қызметіне қалай орналасқанын сұрадық. «Мұны менен гөрі сен жақсы білесің ғой», - деп күлді ол. Соған қарағанда, мұның астарында бізге беймәлім сыр жатқан сияқты. Манап - Қазақстанның біраз қаласында көше сыпырушы болып жұмыс жасаған көрінеді. Қай қалада екенін айтқан жоқ, бірақ Манаптың айтқанынан түсінгеніміз мынау. Мемлекет, жергілікті әкімшілік жыл сайын қала тазалығы үшін көлемді қаржы бөледі. Ол қаржының қызығын көше сыпырушы мекеме көреді. Тендер деген «талас» мұнда да бар. «Көбелек келіп күмп етті, көбігін ішіп ол кетті, жапалақ келіп жалп етті, жартысын ішіп ол кеткенде» жұмыстың жасалуына қазанға түскен қаржының «қаспағы» ғана қалады. Ал аз ақшаға алданатын арзан жұмыс күші бар. Ол - гастарбайтер. Содан келіп мигранттар бізге ағылмағанда қайтеді?!

Сөз соңы

Жуырда БҰҰ мынадай қызық дерек жариялады. Әлемнің әр түпкіріндегі гастарбайтерлер жыл сайын атажұрттарына 400 миллиард доллар апарады екен. Ал осының 50 миллиард доллары Ресейдің қазанынан алынатын көрiнедi. Осыған жаны ашыған Ресейдің миграциялық қызмет агенттігінің экс-басқарма басшысы Константин Полторанин «ВВС» телеарнасына берген сұхбатында: «Германияға жұмыс істеуге бардың делік, егер сіздің жұмыс орныңызды сұрап бір неміс азаматы келе қалса, сол мезетте жұмыс орнын босатуға міндеттісіз. Бізде (Ресейді айтады) олай емес», - деп ақиқатын айтқан еді. Алайда, мигранттарды мінеген ол көп ұзамай қызметінен қуылды. Сондағы ұнамағаны - Ресейде гастарбайтердің қатары 7-8 миллионға жеткендігін ашық айтқаны. Ал бізде ше? Қара базарымыз қырғыздың қолында, құрылысымызды өзбек пен тәжікке тапсырдық, асханамызды ұйғыр мен дүнген жаулап алған, «қара алтынның» қызығын қытай мен еуропалық кірмелер көріп отыр. Біздің ұран: «Қош келдің, GASTARBEITER!». Осыған қарағанда біз де мигранттар еліне айналып бара жатқан жоқпыз ба? Мемлекет басшысы: «Сырттан заңсыз келген мигранттарды елден шығару жұмысы қатаң түрде жүргізілетін болсын. Өйткені, өз халқымыздың мүддесі мен құқығы ең басты кезекте тұруы тиіс. Сол үшін тіпті нормативтік құқықтық базаны да қайта өңдеп, қажетті жұмыстар өз деңгейінде атқарылсын», - деген еді бір кезде. Алайда, Мәжілістің талқылауындағы «Миграция» жөніндегі жаңа заң жобасы да, Көші-қон полициясы қауқарсыз болып тұр. Әлде, олар Полторанин сияқты «погонынан» айырылудан қорқа ма екен?

Кен ШАЙЫР

«Жас қазақ» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2191
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2499
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679