Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2328 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 11:12

8 жасар чемпионды елемедік

Еліміздің жас шахматшылары жуырда Румынияда өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында өзіндік рекорд жасағанын «Жас қазақтың» өткен санында (№18, 11 мамыр, 2012 жыл) жазған едік. Әлемдік додада балғын гроссмейстерлер - астаналық Бибісара Асаубаева және қостанайлық Динара Сәдуақасова мен Диана Асаубаевалар 3 алтын, 2 күміс медальды иеленген болатын. Атап айтарлығы, ең жас шахматшы - 8 жасар Бибісара Асаубаева 9 жасқа дейінгі санатта «Әлемнің үш дүркін чемпионы» атанды. Өзіндік рекорд жасаған Бибісара 9 партияны да жеңіспен аяқтады. Айтпақшы, 5 сағатқа созылған ақтық турнирде ол әйгілі ресейлік шахматшы Камалия Булатованы қапы қалдырды. Біз «Жас қазақтың» мыңдаған оқырмандарының атынан Бибісараны айтулы жеңісімен құттықтап, аз-кем сұхбаттасқан едік.

Жас қазақ: Бибісара, үш дүркін әлем чемпионы болуыңмен шын жүректен құттықтаймыз! Шахмат додасы қалай өтті? Сенің негізгі қарсыластарың кім болды?
Бибісара Асаубаева: Әлемдік жарыс өте қызықты, тартысты өтті. Маған өте ұнады. Барлық қарсыластарым осал болған жоқ. Ақтық сында ресейлік шахматшы Камалия Булатовамен бақ сынадым. Негізгі мықты қарсыласым да сол болатын. Бірақ, ол менен ұтылып, екінші орын алды. Сондай-ақ, түрік шахматшысы Сәдубек, ресейлік Марта Воскресенскаялар да үздік болды.
Жас қазақ: Сенің жеңістеріңнің құпиясы неде?

Еліміздің жас шахматшылары жуырда Румынияда өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында өзіндік рекорд жасағанын «Жас қазақтың» өткен санында (№18, 11 мамыр, 2012 жыл) жазған едік. Әлемдік додада балғын гроссмейстерлер - астаналық Бибісара Асаубаева және қостанайлық Динара Сәдуақасова мен Диана Асаубаевалар 3 алтын, 2 күміс медальды иеленген болатын. Атап айтарлығы, ең жас шахматшы - 8 жасар Бибісара Асаубаева 9 жасқа дейінгі санатта «Әлемнің үш дүркін чемпионы» атанды. Өзіндік рекорд жасаған Бибісара 9 партияны да жеңіспен аяқтады. Айтпақшы, 5 сағатқа созылған ақтық турнирде ол әйгілі ресейлік шахматшы Камалия Булатованы қапы қалдырды. Біз «Жас қазақтың» мыңдаған оқырмандарының атынан Бибісараны айтулы жеңісімен құттықтап, аз-кем сұхбаттасқан едік.

Жас қазақ: Бибісара, үш дүркін әлем чемпионы болуыңмен шын жүректен құттықтаймыз! Шахмат додасы қалай өтті? Сенің негізгі қарсыластарың кім болды?
Бибісара Асаубаева: Әлемдік жарыс өте қызықты, тартысты өтті. Маған өте ұнады. Барлық қарсыластарым осал болған жоқ. Ақтық сында ресейлік шахматшы Камалия Булатовамен бақ сынадым. Негізгі мықты қарсыласым да сол болатын. Бірақ, ол менен ұтылып, екінші орын алды. Сондай-ақ, түрік шахматшысы Сәдубек, ресейлік Марта Воскресенскаялар да үздік болды.
Жас қазақ: Сенің жеңістеріңнің құпиясы неде?
Бибісара Асаубаева: Мен күніне 6 сағат шахмат тақтасында дайындаламын.
Жас қазақ: Неше жасыңнан бастап шахмат ойнайсың? Саған шахматты кім үйретті?
Бибісара Асаубаева: 4 жасымнан. Шахмат ойнауды үйреткен адам - Хакім атам. Ол қазір Таразда тұрады.
Жас қазақ: Өзің қай жерде тудың?
Бибісара Асаубаева: Таразда.
Жас қазақ: Қазір сені кім жаттықтырады?
Бибісара Асаубаева: Шахматтағы бапкерім - Әнуар Тасмағамбетов. Ал, ылғи да көмектесіп, жанымнан табылатын адам - ол анам. Есімі - Лиана.
Жас қазақ: Шахматтан бөлек немен айналысасың?
Бибісара Асаубаева: Көркем гимнастикамен айналысамын. Ағылшын тілін үйреніп жүргеніме бір жыл болды.
Жас қазақ: Табыстарың қалай?
Бибісара Асаубаева: Жаман емес.
Жас қазақ: Диана Асаубаева кімің болады?
Бибісара Асаубаева: Ол менің құрбым. Қостанайда тұрады.
Балғын чемпионмен шағын сыр-сұхбатымыз осы жерден аяқталды. Одан кейін, анасы Лиананы да қуанышымен құттықтадық. Ықыласымызға ырзалық танытқан әйел чемпион қызының жаратылысынан, өмірінен аз-мәз мағлұмат беріп, біраз түйткілді жайттардың басын ашты. Лиананың айтуынша, балғын чемпиондар өз елінде өгейлік көріп отыр.
Лиана Таңжарықова айтады:
- Менің жан-жүрегімді қатты тебіренткені - Бибісара мен оның құрбыларының әлемнің 37 елінен келген оқушылардың арасынан алтыннан алқа тағып, көк байрағымызды көкке көтерген сәт. Залдағы ата-аналар, жанкүйерлер: «Қазақстан! Қазақстан!» деп айқайлап жатқанда қос жанарымнан қуаныштың тамшылары жерге домалап түсіп жатты! Біз бір емес, 3 алтын, 2 күміс медальды жеңіп алдық. Ал осындай зор қуанышты қойнымызға сыйғыза алмай, елге оралғанда жан баласының алдымыздан шықпағанына қатты күйзелдік. Ең өкініштісі сол, не Білім және ғылым министрі, не Денешынықтыру және спорт агенттігінің төрағасы, не №32 мектептің (Бибісара осы мектепте оқиды) директоры құттықтамақ тұрсын, қарасын көрсеткен де жоқ?!. Егемен еліміздің абыройын асырған балалардың жеңісі қалайша тасжүрек шенеуніктердің жүрегін жібітпейді?.. Сонда өз елінің мерейін үстем еткен жас чемпиондар Қазақстанға қажет емес пе?!. Мұндай жағдай жас баланың жүрегін жаралайды. Өйткені, мен Бибісараға ылғи да: «Сен, өз еліңнің бетке ұстар спортшысы екеніңді ұмытпа! Сенің әрбір алған медалің - еліңе жасаған сыйлығың! Әр сайысың тарихта тасқа басылады!» деймін. Енді, міне, бізді жан баласы керек қылған жоқ. Румыниядан 7 мамырда ұшып келдік. Бүгін - 14 мамыр. Өкінішке қарай, не Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтан, не мектеп директорынан тілдей де телеграмма болған жоқ. Ол - ол ма, тіпті Бибісараның мектебінде ешқандай да салтанатты жиын өтпеді. Бұл не деген немқұрайдылық? Бұл не деген надандық? Әрине, мұндай бейшаралық баланың жүрегіне қаяу салады. Румыниядағы жарыс мектеп оқушылары арасында өтті. Қызым Бибісара осы жолы үш дүркін әлем чемпионы болғанына қатты қуандым. Бұл - барша қазақстандықтардың жеңісі. Ал, оқушылар арасында әлемдік додада ел намысын қорғап, ерлік көрсеткен балғын шахматшыларға бір ауыз құттықтауын жібере алмаған Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың менменшілдігін, салғырттығын немен ақтап аламыз?.. Менің жаныма қатты бататыны - осы.
Жас қазақ: Сонда сіздерді ешкім күтіп алмады ма?
Лиана Таңжарықова: Бізді бірінші күтіп алған - Дәулет Төкенов басқаратын республикалық шахмат қауымдастығының өкілдері. Содан соң, журналистер қауымы. Әрине, бұл көңілімізді көтерді. Бірақ, шікірейген шенеуніктердің төбелерінің көрінбегені жанымызды ауыртты. Менің айтарым, кім болсын мейлі, бүгінгі балалардың - ертеңгі Қазақстанның тұтқасын ұстайтынын ұмытпаса екен деймін! Неге біз қолда барда алтынның қадірін білмейміз? Неге біз шетелден шақыртқанша, өзіміздің чемпиондарымызды өсіріп шығармаймыз?!. Неге әлемдік үздік шахматшылардың ондығында қазақ шахматшысы жоқ?!. Өйткені, билік басындағы шенеуніктердің салғырттығынан бала күнінен өгейлік көреді емес пе?!. Өз еліңде тұрып, одан өгейлік көру - зор қасірет!
Жас қазақ: Бибісараның 8 жасында-ақ осындай табыстарға қол жеткізуінің сыры неде?
Лиана Таңжарықова: Каспаров, Карпов сияқты ұлы шахматшылардың айтуынша, шахматшының таланты генмен берілмейді. Бәлкім, табысқа жеткізген 10 пайыз - таланты, 90 пайыз - үздіксіз дайындықтары болар. Бұл - жеке пікірім. Екіншіден, біз талантты баланың бойындағы ұшқынын дер кезінде байқап, қолдау жасамасақ, нәтиже де болмайды. Баланың дұрыс дамуы үшін, ең алдымен дұрыс күн тәртібі болуы керек. Мен осыған қатты мән беремін.
Жас қазақ: Лиана, Бибісараның талантын одан әрі ұштай түсуге, әрине, қаржы қажет. Бұған дейін сіздің Үкімет басшысының блогына хат жазып, көмек сұрағаныңызды да білеміз. Қаржы мәселесін түпкілікті шештіңіздер ме?
Лиана Таңжарықова: Қазіргі кезде Бибісараның білім алуы мен жаттығуларын қаржыландыратын әріптесі бар. Бибісараның кейбір турнирлеріне республикалық шахмат қауымдастығы қаржы бөледі. Ал, өкінішке қарай, Спорт агенттігі мектеп оқушыларының жарыстарын қаржыландырмайды. Осы жолы Румынияға барарда қызымның бапкерінің және менің жол, жатын орын шығындарының барлығын Бибісараның әріптесі көтеріп алды.
Жас қазақ: ...Сіз уақытыңыздың аз екенін айтып қалдыңыз. Бибісара қандай жарысқа дайындалып жатыр?
Лиана Таңжарықова: Біз шетелден келген соң, бар-жоғы үш күн демалдық. Бүгіннен бастап тағы күшейтілген дайындыққа кірісіп кеттік. Бибісараның алдында екі үлкен сын тұр. Бірі - ағымдағы жылдың тамыз айында Парижде өтетін әлем чемпионаты. Ал, ең үлкен, ең маңызды әлемдік шахмат додасы биылғы жылдың 7 қарашасында Словенияда өтеді. Соған қызу дайындалып жатырмыз. Оған қоса, Бибісара - көркем гимнастикадан Астана қаласының екі дүркін чемпионы. Бірақ Қазақстан чемпионатына қатыса алмайды. Себебі, оған 10 жастан бастап қатысады. Айта кетейін, 1 маусым күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтеді. Міне, сол жарысқа да үздіксіз дайындалудамыз.
Жас қазақ: Олай болса, сәттілік тілейміз!

Төлен ТІЛЕУБАЙ,
Астана

«Жас қазақ» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2189
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2499
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679