Жұма, 10 Мамыр 2024
2591 3 пікір 5 Шілде, 2021 сағат 10:53

Тәліптерден қашқан ауған сарбаздары Тәжікстанға өтті

Тәліптер Ауғанстанның солтүстігінде жаңа аумақтарды басып алып, салдарынан ауған әскерінің 300-ден астам сарбазы Тәжікстанға өтті. Бұл туралы 3 шілдеде Тәжікстан шекара қызметі хабарлады.

Ауған әскерилері кейінгі екі аптада осымен Тәжікстанға үшінші мәрте өтіп отыр.

Тәжік шекара қызметінің мәлімдеуінше, тәліптер Ауғанстанның солтүстік-батысында орналасқан Бадахшан провинциясындағы бірқатар ауыл мен шекара бекетін басып алып, 300-ден астам ауған сарбазы Тәжікстанның Хатлон облысындағы Шамсиддин Шохин ауданына қашуға мәжбүр болған.

Кейінгі апталарда "Талибан" қозғалысы үкімет күштерінің бақылауында болған ондаған ауданды басып алды. Бұл жағдай АҚШ бастаған шетел күштерінің Ауғанстан кетіп жатқанында болып отыр. Қазір шетел әскері кеткен соң Батыс қолдауына ие ауған үкіметінің күні не болады деген алаң күшейіп барады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ – Ресей жетекшілік ететін әскери одақ, оған Тәжікстан да кіреді) 3 шілде күні журналистерге жағдайдан бақылаудан алаң тудырып отырғанын, "тәжік-ауған шекарасын күшейтуге" қосым қолдау қажет болуы мүмкін екенін айтты.

АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарып жатқан тұста Вашингтон Орталық Азиядан стратегиялық әріптес іздеуге көшті. 1 шілде күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонда Өзбекстан мен Тәжікстан сыртқы істер министрлерімен кездесті, күн тәртібінде ауған тақырыбы да болды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1862
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1902
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1601
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1465