Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
3078 1 пікір 1 Шілде, 2021 сағат 11:52

Беларусь әлем чемпионатын өткізу құқынан айырылды

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы 2022 жылы жүру спорт түрі бойынша әлем чемпионатын Минск қаласында өткізбеу жөніндегі шешім қабылдады.

Ұйым мәлімдемесінде қазір жарысты өткізу жөнінде басқа елдермен сөйлесіп жатқаны, оның қорытындысы жөнінде кейінірек мәлімет берілетіні жазылған.

"Жарысты басқа қалада өткізу шешімі қауіп-қатерді анықтайтын комитет баяндамасынан кейін қабылданды. Баяндамада Беларусьпен дипломатиялық қарым-қатынастардың анық болмай жатқаны және бұл өлкеге барудағы шектеулер қауіп-қатерді күшейтеді",- деп жазылған мәлімдемеде.

Өткен аптада Минскте триатлон бойынша жарысқа қатысып жатқан үш велосипедші ұсталып, сот шешімі бойынша екеуі 15 тәулікке, біреуі 14 тәулікке қамауға алынған. Бұған олардың жарыс кезінде "наразылық ретінде ұрандар айтып айқайлағаны" себеп болғаны хабарланған.

Осыған дейін Минск Хоккей бойынша 2021 жылы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылған. Наурызда Халықаралық Олимпиада комитеті Александр Лукашенконың ұлы Виктор Лукашенконы Беларусьтың Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа басшысы ретінде танудан бас тартқан.

Мамыр айында Биатлоншылардың халықаралық бірлестігі 2022 жылы наурызда өтетін Биатлон бойынша әлем кубогын Беларусьтан Финляндияға ауыстыру жөнінде шешім қабылдағанын жариялаған.

Бұдан бөлек Беларусь Классикалық пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылып, жарысты Швецияда өткізу шешімі қабылданған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1998
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2423
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577