Сенбі, 18 Мамыр 2024
46 - сөз 6333 10 пікір 28 Маусым, 2021 сағат 14:10

Сұлтанбек Қожанов кім?

Сұлтанбек Қожанов атындағы көшені ауыстырып жіберу туралы жазба шын болса, әрине одан өткен сорақылық жоқ шығар.  Қазақта "аруақ атқыр" деген жаман сөз болушы еді. Сұлтанбек Қожановқа мұндай қастықтың жасалуы, өткенімізге қол сұғу.

- 1918 жылы аштық кезінде халыққа астықты тегін үлестіріп, тамақтандырып, ыстық тамақ бергізді.

- «Соғыс Коммунизмі» саясатының белең алуына шек қойғызды.

- 1920-24 жылдарда мектепке мұғалім дайындау мәселесімен айналысты. Ташкенттегі халық ағарту институтын ашуға атсалысты. Мұғалім кадрлар құрамын көбейтуге тікелей басшылық етті.

- Мектеп оқушыларына арналған «Есептану құралы» оқулығын жазды.

- 1923 жылы маусым айында Орталық комитеті ұлт республикалары мен облыстарының жауапты қызметкерлерімен бас қосқан IV кеңесінде Кеңес үкіметін сынап, халықтың жағдайын жақсарту мәселелерін ашық түрде Сталиннің бетіне айтты.

- 1922-1924 жылдары Мырзашөлді суландыру, Шыршық, Ангрен, Келес алқаптарындағы су жүйелерін реттеу арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін арттыру мәселесіне басшылық жасады.

- Бұрынғы Ақмешітті Қызыл-Орда деп атап, Қазақстанның астанасына айналдырды.

- Қазаққа-қазақ деген өз атын әперуде үлкен рөл атқарды.

- 1929 жылы Орта Азия мақта, ирригация, политехника институтының ректоры болды. САХИПИ-дің үш жаңа техникалық факультеті 15 кафедрасы жұмыс істей бастады. 1930 жылы 3 факультет: мақта-агрономия, технология, колхоз-совхоздар факультетін ұйымдастырды.

- 1930 жылы институт бойынша 2300 студент оқыған болса, 1931 жылы олардың саны 6000 мыңға жетті.

- 1917 жылы көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге “Бірлік туы” газетін шығарды.

- Сұлтанбек Қожанов Ахмет Байтұрсынұлына “тіл тазартуға тынбай еңбек қылып келе жатқан, амал мәселесін іс жүзінде шешіп, тіл құралдарын жазып, қазақтың ұлт мектебіне негіз қалап, ұлт мәдениетінің түп қазығын мықтап қағуына еңбегімен себеп болған, қазақ ұлт мәдениетінің бірінші қайраткері” деп жоғары баға берген («Ақ жол», 1924 жыл, 3 сәуір).

- Мағжан Жұмабаевтың Мәскеуде білім алуына тікелей араласты.

- Наурыз мейрамына араша түсті.

- 16 шілдеде өтірік жаламен «халық жауы» деп ұсталып, 1938 жылдың 8 ақпанында әскери коллегияның үкімімен 44 жасында атылды.

Саят Ыбырайдың жазбасы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653