Жексенбі, 28 Сәуір 2024
3684 25 пікір 25 Маусым, 2021 сағат 18:04

Талғат Мұсабаевтың қызды ұрғаны рас па?

Сенат депутаты Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деп айыпталды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 24 маусымда болған. Мұсабаев пен елорда тұрғыны Алина Нұртас арасындағы жанжал саябақта болған. Қыз итін серуендетіп жүргенін айтады.

"Саябақ. Итпен жүргенмін, ол қысқа қарғыбауға байланған, тұмылдырығы өзіммен бірге (заң бойынша, ол хуски тұқымды иттерде болмауы керек). Серуендеп жүргенмін. Бір уақытта біреудің айғайлағанын естідім. Мән бермей жүре бердім. Жақындап келіп, тағы айғайлады. Мұрнымның астынан дөрекі адамға балағат сөз айттым да, одан әрі жүре бердім. (Алина үндеме! Өзің кінәлісің! Жоқ, кінәлі емеспін. Бұл менің негізсіз айғайға реакциям). Әрі қарай жүре бердім. Ер адам бұрылып, серпілді де, иығымнан жұдырығымен бір ұрды. Қолым жансызданып қалды", - деп келтіреді қыздың сөзін Liter.kz басылымы.

Болған оқиғадан кейін оқиға орнына қыз полиция қызметкерлерін шақырған. Полиция аталмыш оқиғаға Талғат Мұсабаевтың қатысы барын жоққа шығармады.

"Биыл 24 маусымында сағат 17: 22-де "102" арнасына Момышұлы көшесіндегі Триатлон саябағында ер адам қызды ұрып, онымен дөрекі сөйлескені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Ер адам мен ит иесі арасындағы жанжал үй жануарын тұмылдырықсыз серуендетуге байланысты шыққаны анықталды. Дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", -деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Ал Талғат Мұсабаевтың өзі болса оқиға туралы былай дейді: "24.06.2021 ж. кешкі уақытта Триатлон саябағында болған оқиғаға байланысты былай дегім келеді. Серігіммен кешегі серуен кезінде ит жетектеген қыз бізге қарсы жүгіретін жолақпен келе жатты. Оған итінің тұмылдырықсыз екенін айтып, ескерту жасадым, себебі мұны басқа адамдарға қауіпті деп санадым. Бірақ бізге жағымсыз әрі дөрекі жауап айтылды, әлеуметтік желідегі парақшасында ол өзі де жазды. Полиция - ІІМ-нің екі қызметкері келген соң түсінік берілді, арызданушы да түсінік берді. Менің тарапымнан ешқандай да заңға қайшы әрекет, дене жарақатын салу әрекеті болған жоқ. Оның үстіне, қыз бізге қол созып, кешірім сұрады. "Ұрып-соғу" туралы айыптау негізсіз деп есептеймін", - деді ол.

Abai.kz

25 пікір