Жексенбі, 28 Сәуір 2024
2446 0 пікір 25 Маусым, 2021 сағат 12:48

Алматы "қызыл аймаққа" енуі мүмкін

Алматы «үнділік» штаммға байланысты «қызыл» аймаққа енуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге берген сұхбатында ол Алматыдағы коронавирустың жағдайы туралы айтты.

"Егер жағдай ушығып кетсе, онда үш аурухананы жұқпалы аурулар ауруханаларына айналдыруға болады. Жақын арада Алматы «үнділік» штаммға байланысты «қызыл» аймаққа ауысуы мүмкін. Қазір бізде 400 мыңнан астам адамға вакцина егілді", - деді ол.

Бүгінгі таңда әлемде 90 елден үнді штамы табылған. Ресейдегі вирустың өршуі осы штаммен тікелей байланысты болуы мүмкін деген болжамдар бар.

Abai.kz

0 пікір