Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Билік 3478 9 пікір 21 Маусым, 2021 сағат 16:23

Мамин: Қазақстан экономикасы қалпына келіп жатыр

Қазақстан экономикасы белсенді түрде қалпына келіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Премьер-министрдің сөзінше, бес айда ішкі өнім 1,6 пайызға өскен.

"Биыл Қазақстан экономикасы белсенді түрде қалпына келіп жатыр. Бес айдың қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнімнің өсімі - 1,6 пайыз. Экономиканың барлық саласында өсім байқалады. Машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп жоғары өсімді көрсетті. Құрылыс саласы және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу қарқыны жоғары. Ауыл шаруашылығында да тұрақты өсу қарқыны байқалып отыр. Қызмет көрсету саласында да көрсеткіштер оң", - деді Мамин.

Сонымен қатар, премьер-министр өндірістік емес салаларда жоғары инвестициялық белсенділік байқалатынын атап өтті.

"Биыл мамырда азық-түлік тауарларының бағасы әлем бойынша жылдық мәнде шамамен 40 пайызға өсті. Ал Қазақстанда қабылданған шаралардың арқасында азық-түлік инфляциясы 9,3 пайыз болды және осы бағытта жұмыс одан әрі жалғасады", - деді ол.

Асқар Маминнің айтуынша, Үкімет алдында 2021 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсімді 3,5-4 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету және 1,2 миллион адамды жұмыспен қамту міндеті тұр.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1829
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1851
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1556
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1435