Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
6919 0 пікір 9 Маусым, 2021 сағат 12:55

Түркіменстанның қызанақ пен бұрышына тыйым салынды

Қазақстан Түркіменстаннан қызанақ пен бұрыш әкелуге уақытша тыйым салды. Бұл туралы елдің ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Министрлік таратқан мәлімдемеде бұл шара қызанақ пен бұрыштан карантиндік организмдер табылған жағдайлар көбейгеніне байланысты қабылданған.

Карантиндік-фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында Түркіменстаннан келген қызанақтардан вирус (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) табылған 19 жағдай тіркелген.

Қазақстан бұл жайында Түркіменстанға ресми хат жіберген. Осыған дейін Ресейден де Түркіменстаннан келген қызанақтардан вирус табылған. Ресей Түркіменстаннан келген ондаған тонна қызанақты жойған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1784
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1766
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1487
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1390