Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2096 0 пікір 11 Мамыр, 2012 сағат 10:31

«Алматыда дәстүрлі «Музей түні» өтеді

 

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы 18 мамыр күні  жетінші рет  «Музей түнін» өткізбек.

Халықаралық музейлер күні аясында жүзеге асатын шараға бұл жолы келушілер саны әдеттегіден көбірек болады деп болжануда. Шараны ұйымдастырушылар бүгін арнайы ұйымдастырған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

 

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы 18 мамыр күні  жетінші рет  «Музей түнін» өткізбек.

Халықаралық музейлер күні аясында жүзеге асатын шараға бұл жолы келушілер саны әдеттегіден көбірек болады деп болжануда. Шараны ұйымдастырушылар бүгін арнайы ұйымдастырған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Биыл ол «Өзгерістер әлеміндегі музейлер.Жаңа шақырулар мен шабыттың қайнар көздері» деген ұранмен өтпек.  2006 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Музей түнін» қарсы алуға жыл сайын 6 мың адам қатысады. Биыл олардың саны бұдан да көп болмақ», - дейді ҚР Мемлекеттік орталық мұражайы директорының бірінші орынбасары Бейбітқали Қақабаев. 

Оның айтуынша, 1997 жылы Германия  музейлері алғаш рет түнде келушілерге өз есігін ашқан болатын. Кейін бұл бастама  әлемнің өзге елдерінде  жалғасын тапты. 

Бейбітқали Смағұлұлы: «Өкінішке орай ол Қазақстанда тек ҚР Орталық музейінде ғана өткізілуде. Өзге елдерде қалалық әкімшілік бұл шара кезінде арнайы қоғамдық көліктер  бөліп, оған қатысушылардың әртүрлі музейлерде болып, ондағы жәдігерлермен танысуына жағдай жасайды. Біздің ұсынысымызға әзірге өзге музейлердегі әріптестеріміз бен қалалық әкімшілік тарапынан ешқандай қолдау жасалмауда»,  - дейді.

Оның сөзіне қарағанда, «Музей түні» қала тұрғындары мен қонақтары 17:00 мен 24:00 аралығында ХІХ-ХХ ғасырлардағы орден-медальдар мен белгілер жиынтығының «Марапатталады...» және «Қазақстанның жануарлар әлемі», «Ұлы Отан соғысының қару-жарақтары» көрмелерін тамашалайды. Ал әрбір 300-ші адам «Қазақстанның археологиялық алтыны», «Антропология музейі», «Н.Г. Хлудев залы» сынды бірегей өнер залдарында экскурсия жасауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ өнер шеберлерінің концерттері, «Қазақфильм» киностудиясының жаңа туындылары, ұлттық киімдер мен шаш үлгілері дефилесі ұсынылып, сәндік  қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі  де ұйымдастырылады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1628
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1545
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1288
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1247