Жексенбі, 19 Мамыр 2024
4595 1 пікір 3 Маусым, 2021 сағат 12:55

2022 жылы астанаға жету үшін Көкшетауға ұшасыз

2022 жылы астананың әуежайының мүмкіндіктерін арттыру үшін ұшу-қону жолағын толығымен қайта жасақтау жоспарланып отыр.

«Келесі жылы біз 2004 жылы салынған және қайта жаңартуды қажет ететін қолданыстағы ұшу-қону жолағын толығымен жаңартуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта бұл ұшу-қону жолағы небәрі 35% сыйымдылықпен жұмыс істеуде», - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының атқарушы директоры Дәулет Хамзин.

Ұшу-қону жолағын қалпына келтіруге шамамен 20 миллиард теңге қажет. Жөндеу және жолақтарды қайта жасақтау кезеңінде әуежай бір жарым айға толығымен, екі жарым айға жартылай жабық болмақ. Ал рейстер әуежай толық жабылған сәтте Көкшетауға бағытталады.

«Біз рейс ең көп деген сәтте сағатына алты рейсті қабылдап, қызмет көрсете аламыз. Ұшу-қону жолағының шектеулі болуына байланысты біздің әуежай одан жоғары деңгейді көрсете алмайды. Яғни әр бес-жеті минутта ең көбі бір операция жасалады. Көкшетау әуежайының әлеуеті бізден төмен, оның сыйымдылығы 2,5 есеге аз. Бірақ ұшу-қону жолағын жөндеу кезеңінде бұл жеткілікті болады деп ойлаймын, өйткені рейстерді күні бойы қабылдауға болады», - деді Хамзин.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661