Жексенбі, 28 Сәуір 2024
4182 3 пікір 2 Маусым, 2021 сағат 12:57

Қорғаныс министрлігінің қаруға жауапты офицері ұсталды

Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды.

"2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдиновті ұстады", – деп хабарлады ведомстводан.

Кейбір БАҚ дерегінше, ол "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, сыйақы беру кезінде бюджет қаражатын жымқырды және әскери қызметшілерден ақшалай жәрдемақыларды заңсыз өндіріп алды" деп күдікке ілінген. "Сыйақының жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады", – делінген Orda.kz порталының ақпаратында.

Сатыбалдиновтің жұмыс орны мен үйінде тінту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қаржы қызметінің бастығы подполковник Жарболов та "қылмыс жасады" деп күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады.

Қазақстанның қарулы күштерінде жүмқорлық фактілеріне қатысты күдік көп. Мемлекет қорғаныс саласына жыл сайын 4 млрд долларға жуық қаражат бөліп келеді.

Abai.kz

 

3 пікір