Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3701 0 пікір 8 Мамыр, 2012 сағат 07:48

Тәңірден тілек

Жаратқанға жалбарыну немесе Тәңірден тілек

 

Тақыр жерде тайғақ бар, уа Тәңірім, содан сақтай гөр,

Бату жерде пәле бар, әулиелер, содан сақтай гөр,

Шұңқыр жерде шайтан бар, әнбиелер, содан сақтай гөр,

Бұлттың аласынан, адамның жаласынан, түрлі-түрлі

Көзге көрінер-көрінбес мың да бір пәлесінен

Уа, Жаратқан ием, баршамызды өзің қамқорлығына ала гөр.

 

Түнеріп атқан таңыңнан сақта,

Жаңбырсыз өтер жазыңнан сақта,

Тамұқта жанған оттан сақта,

Қаңғып жүрген оқтан сақта,

Зіл-зала мен оттан сақта,

Далақтаған даудан сақта,

Жалақтаған жаудан сақта,

Татымсыз-дәмсіз тұзыңнан сақта,

Көргенсіз өскен қызыңнан сақта,

Көзіңе күлген сұмнан сақта,

Аңдып жүрген жыннан сақта,

Бас кетірер жаладан сақта,

Жалғасып келер пәледен сақта,

Жақсылығы өз басынан аспайтын жаманнан сақта,

Ақиқаттың ақ жолынан ауытқып

Жанына бұра тартқан наданнан сақта,

Төтенше нәубеттен сақта,

Міндетшіл жекжаттан сақта,

Қаражүрек есерден сақта,

Нанды тепкен кесірден сақта,

Ашыққан ұрыдан сақта,

Құлқыны құрыдан сақта,

Ауызы қанды бөріден сақта,

Сұрапыл дауылдың кәрінен сақта,

Жыланның улы зәрінен сақта,

Жаратқанға жалбарыну немесе Тәңірден тілек

 

Тақыр жерде тайғақ бар, уа Тәңірім, содан сақтай гөр,

Бату жерде пәле бар, әулиелер, содан сақтай гөр,

Шұңқыр жерде шайтан бар, әнбиелер, содан сақтай гөр,

Бұлттың аласынан, адамның жаласынан, түрлі-түрлі

Көзге көрінер-көрінбес мың да бір пәлесінен

Уа, Жаратқан ием, баршамызды өзің қамқорлығына ала гөр.

 

Түнеріп атқан таңыңнан сақта,

Жаңбырсыз өтер жазыңнан сақта,

Тамұқта жанған оттан сақта,

Қаңғып жүрген оқтан сақта,

Зіл-зала мен оттан сақта,

Далақтаған даудан сақта,

Жалақтаған жаудан сақта,

Татымсыз-дәмсіз тұзыңнан сақта,

Көргенсіз өскен қызыңнан сақта,

Көзіңе күлген сұмнан сақта,

Аңдып жүрген жыннан сақта,

Бас кетірер жаладан сақта,

Жалғасып келер пәледен сақта,

Жақсылығы өз басынан аспайтын жаманнан сақта,

Ақиқаттың ақ жолынан ауытқып

Жанына бұра тартқан наданнан сақта,

Төтенше нәубеттен сақта,

Міндетшіл жекжаттан сақта,

Қаражүрек есерден сақта,

Нанды тепкен кесірден сақта,

Ашыққан ұрыдан сақта,

Құлқыны құрыдан сақта,

Ауызы қанды бөріден сақта,

Сұрапыл дауылдың кәрінен сақта,

Жыланның улы зәрінен сақта,

Жағымпаз-жантық шалдан сақта,

Қайыры жоқ малдан сақта,

Санасыз өскен ұлыңнан сақта,

Ұяты кеткен қызыңнан сақта,

Өтпейтін пышақ, шабан атыңнан сақта,

Көкдолы шайпау қатыннан сақта,

Есіктен кіріп, төрге ұмтылған келімсек жатыңнан сақта,

Кеудесін керген келіннен сақта,

Мезгілсіз келер өлімнен сақта,

Ағайынның аласынан сақта,

Үлкеннің наласынан сақта,

Жаманның жаласын сақта,

Дұшпанның табасынан сақта,

Ынтымақсыз - алауыз қырқыстан сақта,

«Ары тарт» та, «бері тарт» - жұлқыстан сақта,

Бірін-бірі аңдыған елден сақта,

Намысы жоқ мәңгірген езден сақта,

Пәле мен бәтерден сақта,

Қауіп пен қатерден сақта,

Кезенгеннің кезінен сақта,

Көз-оқтының көзінен сақта,

Еңсесі кеткен есерден сақта,

Еселеп келер кеселіңнен сақта,

Ел ішінен жау шыққаннан сақта,

Етек астынан дау шыққаннан сақта,

Күле кіріп күңірене шыққаннан сақта,

Тырнағын ішіне бүккеннен сақта,

Түн жүріп түсі қашқаннан сақта,

Ай жүріп арып-ашқаннан сақта,

Мейірімсіздің мекерінен сақта,

Қайырымсыздың қаһарынан сақта,

Жын-шайтанның шәрінен сақта,

Қанішер патшаның кәрінен сақта,

Қойдан жуас қазағымды ұлаңғайыр даласымен сақта,

Халқымды данасымен сақта,

Сәбилерді анасымен сақта,

Азаматты санасымен сақта,

Үлкенінде пәтуә жоқ, жастарында әдеп-иба жоқ,

құр айғай-шуылдан сақта,

Алдымыздан құт-береке ашылсын,

Жер иесі Қыдыр бабам бар пәлені қашырсын,

Алты Алаштың - Қазағымның бірлігі артып,

Дұшпанның көңілі қара жердей басылсын

Иллаһи әмин!

Ел аузындағы жалбарыну тілектерін жинақтап, жүйелеп хатқа түсірген сөз мұраларын жинақтаушы шежіреші, «Маңғыстау ауданының құрметті азаматы», зейнеткер

Жетібай Жылқышыұлы Тілеунияз

Маңғыстау облысы,

Маңғыстау ауданы,

Шетпе кенті

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1190
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1082
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 819
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 951