Сенбі, 4 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 9677 12 пікір 19 Мамыр, 2021 сағат 12:37

Тәжікстанның Қытайға қарызы - 45 пайыз территориясы

2011 жылдың қаңтарында Тәжікстан Қытай алдындағы қарызын өз мемлекетінің жалпы аумағының 0,8 пайызымен немесе 1 158 000 шаршы шақырым территориясымен төлеген еді. Ең сорақысы қытайлықтар «біздің территория», деп ұзақ уақыт бойы дауласып келген аймақ Тәжікстан мемлекетінің жалпы территориясының 45 пайызын құрайды екен.

Бұл Қытай тарапының өте ыңғайсыз идеясы. Ол идея басталып кетті, енді оны тоқтату қиын болар!..

«2020 жылдан бастап Қытай Халық Республикасының әскерлері Тәжікстан территориясына ене бастаған. Бүгінде Горный-Бадахшан автономиялық облысының едәуір бөлігін өз бақылауына алды», - деп хабарлады «News-Asia».

Әрине, бұл хабар ресми емес, бірақ әркез мәселе осылай басталады! Өткен жылы Қытайдың танымал тарихшысы Тәжікстанмен шекаралас Памир тауларының бәрі ежелгі Қытай жері екенін айтып: «1911 жылы Цин патшалығының күйрегеніне 128 жыл болды, енді бұл дауды шешетін уақыт болды», - деп орталық ресми басылымына мақала жазып, біршама шу көтерді. Бұл мақала Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан және Ауғанстан елдерінің де назарын аударды.

Жалпы Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысы орталық үкіметтің саясатына қарсы тұруымен танымал және оның тұрғындары Душанбе шешімдерін орындаудан жиі бас тартады. Бірнеше жылдың алдында аймақта қақтығыстар басталып, бейбіт тұрғындар қаза тапты. Таулы Бадахшан провинциясының халқы қуғын-сүргінге ұшыраған дала командирін қорғауға тұрған болатын.

Бақылаушылар «Қытайлар әскери күшін арттыра берсе, аймақта тағы бір көтеріліс пен қақтығыс болады», деп сенеді.

Он жыл бұрын белсенділер «Душанбе билігі өз территориясының бір бөлігін Қытайға беруге дайындалып жатыр», деп ескертті. Бірақ ол кезде ешкім бұл ескертуге  байыпты қарамады және онша мән бермеді, қаншалықты маңызды екенін түсінбеді.

Бүгінде сол кездегі айтылған сөздер шындыққа айналды және Қытай Тәжікстан аумағына ене бастады. Байырғы халықтарды қудалау, шектеу басталуда. Алайда бақылаушылар мен тәуелсіз сарапшылар «Тәжікстан үкіметі нақты ақпаратты жасырып отыр», деп есептейді.

Қытай өткен тарихында өз территориясын кеңейтуде «сынық сүйем ғана» деген саясатын ұстанып келген болса, бүгінде дамып күшейген сайын ол өлшемі ондаған немесе жүздеген шақырымға дейін өсе бастады.

Қалай болғанда да, Қытайдың «өзіміздікі» деп санаған жерінің біраз бөлігін иемденуі Тәжікстанның қалған территориясының 45 пайызын алатын «тарихи аумаққа» деген талабы ашық және жанама түрде мойындалды деп көруге болады.

Басқа елдің территориясын иеленуде әскери-соғыс құралдарын пайдаланудан гөрі стратегиялық, экономикалық, қаржылық мақсатта жүзеге асыру, мәселен ірі-ірі несиелер, жерді ұзақ мерзімде жалға алу, сатып алу, сауда порттарын жалға алып пайдалану және пайдалы қазбалар кен орындарын ұзақ мерзімде меншіктену қатарлы өзіне тиімді саясатты ұстану арқылы қытай осындай «нәтижеге» жетіп отыр.

2018 жылы Тәжікстан «Жоғарғы Кумарг» деп аталатын алтын кен орнын «Душанбе II электр станциясының» құрылысына айырбастап, Қытайға берді.

Тәжікстан үкіметі қазіргі уақытта Қытайға 1,5 миллиард доллар қарыз. Бұл Тәжікстанның сыртқы қарызының 45 пайызын құрайды. Елде 300-ден астам қытайлық компаниялар жұмыс істейді. Олардың жалпы инвестициялары 7 млрд. Өкінішке орай, Тәжікстанның қазіргі экономикалық және саяси саясатына қарасақ, Бадахшан таулары маңындағы жер аумағына қатысты өз позицияларынан айырылып қалған. Алдағы уақытта тағы не болатыны белгісіз...

Шындығында, Қытаймен шекаралас, аумақтық даулары мен үлкен қарыздары бар елдердің жерінен аз-аздап айырылып бара жатқанын әлем ғана емес, осы елдердің халқы да кейде білмей қалады екен. Мысалы, Қазақстан 1994 жылы Қытайға 946 км2, 1997 жылы 530 км2 жерді бергенін қазақ халқы білген де жоқ. Алайда, 2009 жылы Қазақстан үкіметі шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында «бір миллион гектар жерді Қытайға  соя өсіруге жалға беру» деген ауылшаруашылық жобасы қоғамның қатты қарсылығына жолығып, бұл идеядан бас тартқанын білеміз.

Тарихи қателіктерден сабақ алған қазақ халқы биліктің әр қадамын бақылау арқылы ел территориясының Қытайға берілуіне жол бермей келеді. Өйткені бүгінгі күні қазақ ұлты өз билігіне сенбейді.

Кезінде Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың Қырғызстанның Қытаймен және Қазақстанмен шекараларын ішкері қарай жылжытып, ауыстыру туралы шешімі Қырғыз елінің біршама жер аумағын (тек Қазақстанда 600 км2) Қытай мен Қазақстанның аннексиясына алып келді деп көреді. Бұл мәселенің ашылуы қырғыз халқының Ақаевты ығыстыруының бір себебі болған еді...

Осы тақырып бойынша тағы да көптеген мысалдарды кетіре беруге болады! Қазақстан билігі тым болмаса осы Тәжікстан мысалынан сабақ алса екен дейміз де!

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1208
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1105
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 842
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 984