Жұма, 10 Мамыр 2024
3557 2 пікір 19 Мамыр, 2021 сағат 12:02

Путин мен Жапаров Сочиде кездеседі

–осси€. ћосква. ѕрезидент –оссии ¬ладимир ѕутин и президент  иргизии —адыр ∆апаров (справа налево) во врем€ встречи в  ремле. ћихаил ћетцель/“ј——

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 24 мамырда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Сочиге барады. Бұл жөнінде 18 мамырда шетел елшілеріне сенім грамотасын тапсыру кезінде Путин айтты. Дипломаттардың арасында Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Гүлнара-Клара Самат та болды.

"Ресей мен Қырғызстан сауда-экономикалық, әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда өзара жақсы қарым-қатынаста. Еуразиялық интеграцияның дамуына атсалысып келеміз. Осы салаларда президент Садыр Жапаровпен 24 мамырда Сочиде кездесу кезінде сөйлесеміз", - деді Путин.

Осының алдында Садыр Жапаровтың баспасөз қызметі мемлекет басшысы халықаралық шараларға қатысу жоспары болғандықтан уақытша қашықтан жұмыс істеуге көшкенін хабарлаған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1894
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1958
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1648
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1497